Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (13.3 Kb) ] | 2012-02-27, 12:45 PM |
Тайтолеуова Раушан Қадырқызы Семей қаласы. 8 мектеп-кешені. Тақырыбы: «Бізді қоршаған заттар» Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» Бөлімдері: «Қоршаған ортамен таныстыру» Мақсаты: Балаларға біздің қоршаған заттар түсінік беру, түр-түстерін, пішінін ажырата білуге үйрету. Ойындар арқылы сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігі арқылы табиғатты қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекіліктер: үлгі суреттер,үнтаспа . Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу, ойындар. Жоспары: I. Мотивациялы ынталандыру кезеңі Таңғы сәлем II. Ұйымдастырулы ізденуші кезең 1. Тосын сый 2. Сергіту сәті 3. Шығармашылық жұмыс 4. Ойын әрекеті III. Қорытындылау. Барысы: 1.Таңғы сәлем: Тәрбиеші: Балалар, біз ең алдымен қоршаған ортамен және келген қонақтармен амандасып алайық, кане шеңберге тұрайық. Сәлем саған Алтын күн! Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Жер ана! Сәлем саған Қоршаған орта! Сәлем бердік бәріңе! -Өте жақсы балалар! -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем айларын білесіңдер ме! (балалардың жауабы) -Ой мына жерде жатқан қағазды, кім түсіріп алды екен. -Мынау хат қой. -Кімнен келген екенін көріп, хатты оқып көрейік. -«Сәлеметсіңдер ме, «Ақбота» тобының кішкентай бүлдіршіндері, мен сендерге қонаққа келіп, білімдеріңді байқап, ойындар ойнап,көңілдерінді көтеріп қайтамын. Қарсы емессіңдер ме? Сәлемнен Көктем» -деп жазыпты. -Ал балалар қазір бізге қонақ келеді, оны біз жақсылап қарсы алуымыз керек. (қонаққа Көктем келеді, қолында себеті бар) -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Менің жазған хатымды алдыңдар ма? -Ендеше мен сендерге сұрақ қойямын. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде қандай өзгерістер болады? -Көктем мезгілі сендерге ұнай ма? -Дұрыс айтасыңдар балалар, көктемде қар еріп,жылғалардан су ағады, жаңбыр жауып,күн жылынады, ағаштар бүршік жарып,құстар жылы жақтан ұшып келеді. т.б. Сондықтан аспан,күн, тау ағаш,жел т.б. осылардың барлығы бізді қоршаған заттар. Ал енді осылар туралы тақпақтар білесіңдер ме ? Элиф: Ауыл сәні-терек Терек егу керек. Еркеназ: Көк қарағай,қарағай Мейірімді анадай. Айжан: Гу-гу,гу-гу шықты Желдетті де бұлт қуды Жел соққан соң,жел тіпті, Жын соққандай жұлқынды. Ердәулет:Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды, Көкте қызыл-жасылды, Кемпірқосақ асылды. -Өте жақсы,балалар шаршаған боларсыңдар, ендеше көңілімізді көтеріп,бойымызды сергіту сәті арқылы тынықтырып алайық. Сергіту сәті: «Ағаштар тербелуде» Жел соғады бетіме Ағаштарда тербеле. Жел тына қалған кезде, Ағаштар биік болып өседі. Көктем: -Балалар, мен сендерге бос келген жоқпын. Сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше суреттер ала келдім. Қараңдаршы мына суретте не бейнеленген. -Күн. Түсі қандай? (сары) -Пішіні ше? (Дөңгелек) -Мынау не? -Аспан.Түсі көк. -Мынау жер. Түсі қоңыр -Өте жақсы балалар,енді осындай суреттер сендердің алдарыңда тұр. -Осы суреттерді мына ақ қағаз бетіне дұрыс орналастырайық -Аспан қайда тұрады? Күн ше? (Балаларға үлгі суретті тақтада ілінген ақ қағазға жапсырып көрсету) Балалар тапсырманы орындауға кіріседі. Балалардың жапсырған жұмыстарын көрсетіп, бұлардың барлығы бізді қоршаған заттар екенін айту. Көктем: -Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме, мен сендерге алып келген ойыным бар. Ойын: «Күн мен жаңбыр» (ойын шартын түсіндіру). -Балалар,сендер тапсырманы, ойынды жақсы орындадыңдар,енді сендерге әкелген сыйлығымды берейін. (сыйлықты таратады) -Менің қайтатын уақытым болды, мен әлі де сендерге қонаққа келемін, тәртіпті,ақылды бала болыңдар. Сау болыңдар. Қорытынды: Тәрбиеші: -Балалар, біз қоршаған заттар туралы не білдік? -Қоршаған заттарға не жатады? Сұрақтар қою арқылы жауап алу, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау . | |
Просмотров: 2501 | Загрузок: 189 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|