Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Кобентаева И.А., учитель казахского языка и литературы ССШ № 25 г.Актобе
[ Скачать с сервера (44.5 Kb) ] 2012-02-28, 1:32 PM
Көбентаева Индира Әбдіғаниқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе қаласы
№25 арнаулы орта мекетебі
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік:
Жаңа жыл мерекесі туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мәтінді оқу арқылы ауызекі сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
2. Дамытушылық:
Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік:
Қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлесу, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: интрактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Бүгін кім кезекші?
-Бүгін күннің нешесі?
-Бүгін аптаның қай күні?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушы:Үйге 134 беттегі 1-тапсырма.
Мұғалім: Бұл тапсырмада не істеу керек?
Оқушы: «Қысқы каникул» тақырыбы бойынша әңгіме құрау және презентация жасау болатын.
Мұғалім:Жақсы, кім дайын?
Оқушылар өздері дайындаған презентацияларын әңгімелеп айтып береді. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында, қосымша сұрақтар қойылады (слайд 1).
1. Қысқы каникул қашан басталады?
2. Қысқы каникул қашан аяқталады?
3. Каниуклда кім қайда барды?
4. Қысқы ауа райы қандай?
5. Қыс айларын ата.
6. Қысқы киімдерді ата (слайд 2.)
Жаңа сабақ. (3слайд)
- Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қыс мезгілінде тойланатын «Жаңа жыл мерекесі». Жаңа жыл мерекесін біз барлығымыз өз отбасымызбен қарсы аламыз. Үйімізде шыршаларды безендіреміз. Біз, Аяз атадан сыйлықтар күтеміз.
Ал, қыста жаңа жылдан басқа қандай мерекелер болады?
Ал, жаңа жыл мерекесі қыстың қай айында болады?
-Жаңа жылда біздерге кімдер келеді?
-Кімдер біздерге сыйлық береді?
Жақсы, жарайсыңдар.
- Енді,жаңа сабақты бастамас бұрын,оқушылар өздері жаттаған «Қыс» туралы өлеңдерін, жұмбақтарын, жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін айтады.
Жұмбақтар
Қыста үйге кірмейді,
Көктемде шықса жүрмейді. (Шана)
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
Қанаты жоқ, ұшады.
Аяғы жоқ, желеді.
Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)
Жаңылтпаш
Қыста-
Күн қысқа
Күн қыста
Тым қысқа
Өлең
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай)
Мақал-мәтелдер.
1. Қыс-арбаңды, жаз шанаңды сайла.
2. Қар-қара жердің көрпесі.
3. Қыстың қамын жаз ойла.

Оқулықпен жұмыс.
-Енді, барлығымыз оқулығымызды алып, 135 бетті ашайық. Осы бетте біздің жаңа тақырыбымызға байланысты, жаңа сөздер берілген. Осы сөздермен танысып алайық.
Сөздікпен жұмыс.
орман-лес
шырша-ель
сауысқан-сорока
Жаңа сөздерді мұғалім бірінші өзі оқып шығады, кейін оқушылар тізбектеп оқиды.
Сөздіктегі сөздерден сөйлемдер құрау.
Сөйлем құрау.
Орманда жасыл шырша өсіп тұр. Мен кеше үлкен сауысқан көрдім.
Айтылым. (4 слайд)

2-тапсырманы орындау. Оқушыларды ауызекі сөйлуге қалыптастыру мақсатында, суретпен жұмыс жасау арқылы айтылым әрекетін іске асыру.
Оқылым.
135 беттегі 1-тапсырманы орындаймыз. Бұл тапсырмада бізге өлең берілген осы өлеңді, мәнерлеп оқимыз.

Жазылым.
3-тапсырмадағы сөз тіркестерінен сөйлем құрап жазу. Оқушылардың логикалық ойларын дамыту және қазақ тілінде дұрыс сөйлем құрай білу мақсатында.
Сөз тіркестері: Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа киім.

Сергіту сәті.
Қызықты грамматика ойынын ойнау арқылы сергіту сәтін жасау. Өткен тақырып бойынша қосымша тапсырма орындау, яғни «Уақыт» тақырыбына байланысты сандары сөйлет тапсырмасын орындау.

Берілген буындардан сөз тіркесін жасау, сөйлемдер құрау
(слайд 5,6,7,8,9)

Сандарды сөйлет (слайд10).

Сабақты қорытындылау.
5-тапсырманы орындау. Сұрақтарға жауап беру, интрактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы сабақты қорытындылау.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп болғанан кейін, жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
-Жаңа жыл мерекесінде нені безендіреміз?
-Жаңа жылда бір-бірімізді қалай құттықтаймыз?
Үйге тапсырма беру. Бағалау.
135 бет. 1-тапсырмадағы өлеңді жаттау.
Категория: Начальная школа | Добавил: ирэн
Просмотров: 1409 | Загрузок: 748 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-01-11, 6:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru