Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Су. Судың қасиеті.
[ Скачать с сервера (27.8 Kb) ] 2012-02-28, 1:35 PM
Базарова Баян Рыскелдиновна
Семей қаласы. 15 мектеп
Дүниетану 2 сынып
Тақырыбы: Су. Судың қасиеті.
Мақсаты: Оқушыларды судың қасиеттерімен таныстыру.
Міндеттері:
1. Тәжірибелер арқылы судың қасиетін бөліп тізіп айту, судың жағдайын дәлелдеу (сұйық, газ тәріздес, қатты) және мысал келтіру.
2. Тілдерін, ой-өрістерін дамыту, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, көрнекілік
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі
Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, оқулық, су және сүт құйылған ыдыстар, үлестірмелі-қима қағаздар, тақырыпқа сәйкес суреттер мен слайдтар, глобус.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған көк аспан,
Сәлем саған туған жер,
Сәлеметіз бе, қонақтар!
ІІ. Бақылау күнделігімен жұмыс.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Топпен жұмыс. Тапсырма . Әр топ өз жұмыстарын талқылайды және көрсетуге дайындалады.
1-топ: Резенкелі доп неге көп секіреді, дөңгелекті тартқан кезде қолданылатын ауаның қасиеті.
2-топ: Неге қыста терезелерді бекіту керек және орман жануарлары қыста неге тоңбайды?
3-топ: Ауаның өртті қолдайтынына мысалдар келтіру.
4-топ: Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Дәлелде.
5-топ: Ауа қалай ластанады?
6-топ: Ауа таза болу үшін не істеу керек?
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Жұмбақ шешу:
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су)
2. Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты.
- Бүгін біз су, судың қасиетімен танысамыз.
- Балалар, бүгін сендердің сабақтарына қонаққа Тамшы келді.
Сендер қалай ойлайсыңдар, жер бетінде су көп пе? Ол үшін глобусқа қарайық. Ғарышкерлер ғарыштан жерімізді осындай ғып көреді екен. Глобусты тез айландырсақ, ол бір түсті боп көрінеді екен. Өйткені су жеріміздің 3/4 бөлігін алады екен.
3. Оқулықпен жұмыс: 41-42б. Асан туралы оқу, талдау.
4. Оқылымнан кейінгі сұрақтар.
а) Су шығып жатқан жерді қалай атайды?
ә) Бұлақтың маңындағы табиғат неге ерекше әдемі болады?
б) Сендер қалай ойлайсыңдар, кез келген ағынды суды ішуге бола ма, ал бұлақтан неге ішуге болады?
в) Асан судың қандай қасиетін тапты?
- Судың тағы қандай қасиеті бар екенін білу үшін біз оны тәжірибелер арқылы анықтаймыз.
Ү. Практикалық іс-әрекет:
1-тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт-ақ, ал су – түссіз.
2-тәжірибе. Осы екі ыдысқа қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге? Иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.
3-тәжірибе. Бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, сұдың тұрақты пішіні болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.
Суды беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол сұйық. Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді.
- Балалар, білесіңдер ме Африкадағы балалар сендерге неге қызығады? Өйткені сендер су бетімен жүре аласыңдар, ойнай аласыңдар. (Қыс кезінде)
Экраннан қыстағы өзен көрсетіледі. Судың үш күйі.
- Су үш күйде болатын дүние жүзіндегі жалғыз жат.

ҮІ. Бекіту. Топпен жұмыс.
- Тамшы сендерге мына парақтарға судың қандай қасиетібар екенін жазуды ұсынады.
ҮІІ. Қорытындылау.
- Балалар, Тамшыға көмектесейікші. Мына сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырайық. (нәрі, тіршілік, су-)
Су – тіршілік нәрі.
Неге солай айтамыз?
- Жарайсыңдар, балалар. Біз Тамшыға көмектестік. Бірақ, ол сендермен қоштаспайды. Келесі сабақта тағы да кездесеміз дейді. Ол үшін үйде 41-44 бетті оқып, мазмұндап келеміз. Бағалау
Категория: Начальная школа | Добавил: анарка
Просмотров: 5066 | Загрузок: 211 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2026-05-21, 6:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс педагогика стихи пушкин МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья планы воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru