| Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
| [ Скачать с сервера (37.0 Kb) ] | 2012-03-16, 1:47 PM |
| АОМ № 25 Ақтөбе қаласы Құлтазина З.Қ.-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Дүкенде Сабақтың мақсаттары: 1.Білімділік:Сөздік қорын толықтыру,үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде қолдана білуге дағдыландыру. 2. Дамытушылық:Оқушылардың сауатты оқу,жазу дағдыларын қалыптастыру,өз бетінмен жұмыс істеу,ойлау қабілетін дамыту 3. Тәрбиелік:Тағамдардың қасиеті туралы мәліметтер беру,балаларды үнемшілдікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа баулу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Сөйлесу. (Қазір қай жыл мезгілі? Бүгін қай күн? Аптаның нешінші күні?) 2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Балалар , бүгін сабақта біз « Азық –түлік» тақырыбымен танысуды жалғастырамыз және мен.бен,пен –жалғаулықтарын пайдалану ережесін пысықтаймыз 3. Үй тапсырмасын тексеру а) Өткенді қайталау - Қандай сұраулық шылауларды білеміз? - Қандай тақпақтар білеміз? - «Дейін» шылауын сөздерге қосып айту - Төрт түліктің төлдерін ата (№1 слайд) - Менің ауылым (№2 слайд) (сурет бойынша әңгіме) - мен,бен,пен жалғаулықтарын пайдалану - Жұмбақтар сайысы ә) Өткен сабақта «Не қайда сатылады?» тақырыбы болды. Үй тапсырмасы - 1-тапсырма бойынша – ( сөйлемдерді жалғаулықтармен толықтырып жазу) 2-тапсырма (сурет бойынша әңгіме кұрап айту) (№3 слайд) Жұмбақты шешу,жаттау. №5 тапсырма (сұраққа жауап жазу) Тақтаға жазып көрсету 4. Жаңа тақырып Ал, енді балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дүкенде» деп аталады(№4 слайд) а) Тақтадағы суреттерге назар аударамыз - Азық-түлік дүкені(№5 слайд) - Киім дүкені (№6 слайд) - Кітап дүкені(№7 слайд) Бүгін сабақта біз дүкендерге барамыз ,азық-түлік,киімдер кітаптар сатып аламыз , жаңа сөздер үйренеміз. 5. Сөздікпен жұмыс(№8 слайд) а) мұғалімнің оқуы; ә) қайталап оқу; б)екі оқушының оқуы в) жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру (ауызша) 6. Мәтінмен жұмыс №1 тапсырма,148 бет а) мұғалімнің оқуы ә) оқушылардың оқуы ( әр сөйлемді 1 оқушы) б) мәтінді аудару в) Суретпен жұмыс: -Мәтіннен біз нені білдік?( №9 слайд) Дүкеннен нені сатып аламыз? Базардан нені сатып аламыз? Анамыз бізге қандай тамақ дайындайды? 7. Сергіту сәті . Ойын « 7 –ғажайып сан» Тақтаға сұрақтар жасырылған түрлі -түсті жеті карточка ілінеді.Әр сан сыртында өтілген тақырып бойынша тек бір сұрақ болады.Сыныпты 3 командаға бөліп ойынды жүргіземіз. Белсенді қатысқан бір оқушы немесе топ жеңімпаз болып саналады. 8.Жаңа тақырыпты бекіту Интерактивтік тақтамен жұмыс №3 тапсырма бойынша(№10 слайд) Сөйлемдерді толықтырып айту (Жалғаулықтарды дұрыс жалғау) №4 Сұрақтарға жауап беру (Өз бетімен жауап дайындау) - Диалог құру (Азық-түлік,кітап,киім дүкендерінде) -Топтық жұмыс - (№11,12,13 слайд) 9.Сабақты қорытындылау Балалар,бүгінгі сабақта біз дүкендерде болып сауда жасау, сатып алу кезінде пайдаланатын сөздерді үйрендік . Тағы да бір қайталап шығайық (№1 слайд) Презентациямен жұмыс 10.Үйге тапсырма беру Жұмбақты шешу,жаттау 148 бет, №2 тапсырма Үш сөйлем құрап жазу 149 бет №5 тапсырма (№14 слайд) | |
| Просмотров: 1118 | Загрузок: 848 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|