Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

"Қарлығаштың қасиеті"
[ Скачать с сервера (48.5 Kb) · Скачать удаленно () ] 2012-04-06, 11:45 PM
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: мәтінді мәнерлеп оқытып отырып қарлығаштың табиғаттағы тіршілігі, қасиеті туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Табиғаттағы құстарға қамқор болуға, күте білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін, танымдық, шығармашылық танымдық қабілеттерін, ой шапшаңдығын дамыту, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру
Көрнекілігі: суретті кітаптар, компьютер, слайдтар, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфилімнен үзінді, үнтаспа
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, халық көрегендігі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау.

Сабақтың өту барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ оқушылардың бір-біріне жылы тілек айтуымен басталады. (Мысалы: саған бақыт тілеймін, сабақты «5» оқы т.б.)
Тілектерден кейін барлығы бірге:
Құшақ жая қарсы аламыз сіздердей,
Білімменен сусындатар жандарды.
Өмірлерің гүлдей берсін көктемдей
Ізгі тілек өздеріңе арналды.
Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі:
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
2. Көктем айларын, белгілерін ата?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Күн жылынады, қар ериді, жер қараяды, мал төлдейді, ағаштар бүршік атады, құстар келеді.
3. Экрандағы біздің ауылға көктемде келетін құстарды атаңдар
- Қара торғай, тоқылдаң, көкек, қаз, үйрек, тырна, шағала, аққу, бұлбұл, қарлығаш.

Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі:
Ендеше, бүгінгі сабағымыз қарлығаш туралы болмақ.
Кіріспе әңгіме:
Қарлығаш — торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар.
Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қарлығаштың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Үнтаспадан қарлығаштың дыбысын тыңдаймыз. Құстар әртүрлі сайрайды. Құстар сайрағанда ана құстар баласымен сөйлеседі, ән айтып береді. Егерде бастарына қауіп төнсе аналары шырылдап ерекше дауыс шығарып, балаларына ескертіп отырады.
а) «Қарлығаштың қасиеті» мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұны бойынша қысқаша түсіндіру.
ә) Мәтінді іштей оқыту
б) Мәтінді тізбектей оқыту
в) Сөздікпен жұмыс
Саңғырық – құстың нәжісі, қиы
Сұрақ жауап арқылы мәтінді талдау:
Дәптермен жұмыс: Жаңа сөзді жазу, жұмбақ және болжамдар жаздыру
Жұмбақ: Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды.
Көктен жұлдыз аққандай (қарлығаш)
Болжамдар: Күн ашықта қарлығаштар ұшқанын тоқтата қойса, онда көп кешікпей дауыл тұрады.
Төмендеп үшса, көп ұзамай жауын болады.

Ой ашар: Тағы қандай киелі құстарды білеміз? (слайд)
Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, елден асқақ сұлуды-аққуға теңеді. Бейбітшілік пен достықты белгісі деп ақ көгершінді санайды.

- Құстар туралы қандай ертегі, мультфильм, тақпақ, әндер, тыйым сөздер білеміз?
«Қарлығаш пен дәуіт», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегілері, «Қос қарлығаш» т.б.
Тақпақтар: Тас атқылап құстарды
Қуалауға болмайды.
Қамқор болып, жем салып,
Барлық бала қорғйды.

Үя жасап тақтайдан
Талға апарып байладым.
Дала құсының шаттанған
Күттік қашан сайрауын.

Тыйым сөздер:
Құс ұясын бұзба.
Құстың жұмыртқасын жарма.
Құсты атпа. т.б.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» Мультфильмнен үзінді қарау.
Бүінгі сабағымызды «Нұрмұқасан» тобының «Қос қарлығаш» әнінің бейне клипімен аяқтаймыз.
http://depositfiles.com/files/0rv8lb93v презентация

http://depositfiles.com/files/jcs5v4nth урок
Категория: Начальная школа | Добавил: Superseko
Просмотров: 5765 | Загрузок: 1154 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2026-05-16, 6:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья планы воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка планирование Физическая культура Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru