Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожаның туған жері».
[ Скачать с сервера (11.2 Kb) ] 2012-05-18, 8:30 AM
Манапова Айгерім Халилулаевна -бастауыш сынып мұғалімі
№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру
мектеп-кешені
Пән : Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы:Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожаның туған жері».
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен қызметі жайлы толығырақ мағлұмат беру.
2.Әңгіменің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
3.Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ,ауыл суреті, Ж.Аймауытов портреті, қима сөздер жазылған беттер,сөзжұмбақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, әңгіме, оқулықпен жұмыс, бақылау, көрнекілік стратегиясын пайдалану.

Сабақтың түрі : аралас сабақ,ауызша журнал беттері

Сабақтың барысы.
1.Психологиялық икем.
2.Сөзжұмбақ шешкізу.
1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
2.Отбасындағы әке атауы.
3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.

О
Т
А
Н

3.Жаңа тараумен таныстыру : « Неткен сұлу,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем !»
Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
4. Ауыл бейнесі кескінделген суретпен жұмыс.
1.Суретке зер салып қара,суретте нелер бейнеленген?
2.Жылдың қай мезгілі деп ойлайсың?
3.Қысқаша әңгіме кім құрастырар екен?

5.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
Жазушы Ж.Аймауытов туралы оқушылардан сұрай отырып,
« Пікірлер ағашына» жаздыру.
А) Оқулықпен жұмыс. Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Қартқожа» романынан келтірілген үзіндіде бала Қартқожа өз ауылының бейнесі қалайша әсер еткенін бақылап отыру тапсырылып, оқулықтағы мәтінді мұғалім өзі оқиды.
Б) Мәтін оқылып біткеннен кейін сөздік жұмысы жүргізіледі.
Қотан – қой жататын үй маңы (Сөйлем құратылады: Қой қотанға келді.)
Үй басы - әр үй. ( Үй басы Наурызға әзірленуде.)
Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер (Ашамайға отырды.)
Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.( Ет бауыр жақын адамы келді.)
Шерсіз – қайғы-мұңсыз. ( Жүрегі шерсіз,таза адам екен.)
Жетесіз – ақылсыз,ақымақ. ( Жеті атасын білмеген жетесіз.)

6.Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға тізбектей оқыту,сұрақтарға жауап алу.
Сұрақтар:
- Қартқожаға не нәрселер қатты әсер етті?
( кешкі ауыл көрінісі, ауыл адамдарының қарбалас жұмысы )
- Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді? Көз алдыңа не елестеді?
( Әркімге өз мекені ыстық. Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды.)

Үш қатарға тапсырма беру:

І қатар: Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған
жолдарды тап.
1-оқушы: Ыстық қой, шіркін, туған жер!
2-оқушы: Кім сүймесін өз жерін?
3-оқушы: Сүймесе зердесіз сүймес.
4-оқушы: Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес...
(Семей қаласындағы көпір суреті 4-ке бөлінген. Әр бөліктегі жауапты оқып, әр оқушы көпір суретін құрап шығады)

ІІ қатар: Мәтіндегі көркем сөздерді тап.
(Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, түтіннің иісі, күлімсі шуаш иісі)

ІІІ қатар: «Зердесіз», «шерсіз», «жетесіз» сөздеріне қарама-қарсы мәндегі
қатарды тап.
Зердесіз – зерделі, ойлы
Шерсіз – қайғылы, мұңды
Жетесіз – текті, көргенді, әдепті.

7.Дәптермен жұмыс.Сөйлемдерді жаздыру.

8.Сабақты бекіту.
Қарамен жазылған сөздерді іштей оқы.Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып,дауыстап айт.
Отаным,туған жерім,атамекенім,туған өлкем,туған елім.
Менің ... – Қазақстан.

1. « Туған жерді сүю»дегенді қалай түсінесің?
2. Сен өз аулыңнан алыста жүрсің дейік.Көз алдыңа не елестер еді?

9.Оқушыларды бағалау.

10.Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу,бөлікке бөлу,қаланың көрінісінен
сурет салу.

Манапова Айгерім Халилулаевна -

бастауыш сынып мұғалімі

№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-

эстетикалық білім мен тәрбие беру

мектеп-кешені

Пән : Ана тілі 2 сынып

Тақырыбы : Жүсіпбек Аймауытов
« Қартқожаның туған жері»
Категория: Начальная школа | Добавил: анарка
Просмотров: 11277 | Загрузок: 316 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 2.8/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2026-05-18, 0:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья планы воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники Хиджаб любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru