| Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
| [ Скачать с сервера (48.0 Kb) ] | 2012-05-28, 7:02 PM |
| Сабақтың тақырыбы: «Х дыбысы мен әрпі» Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың түрі: Дамытушылық сабағы /Хат жолдау/ Әдіс- тәсілдер: қабылдау, түсіндіру, сұрақ- жауап, көрнекілік, талдау, интерактивтік тақтамен жұмыс. Көрнекіліктер: Х әрпі, хат, жұмбақтар, тірек сызбалар, ребустар, дәрігердің суреті, сөздер, спорт алаңы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Саламатсыздар ма, оқушылар мен мұғалімдер! 1. Психологиялық дайындық /3 мин./ Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді. Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық. Оқушылар орындарынан тұрып: - Амансың ба, Алтын күн! - Амансың ба, Көк аспан! - Амансыңдар ма, достарым! Сендерді көрсем, қуанам. – деп, сәлемдеседі. Отырып: - Бір- біріміздің қолдарымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір- бірімізге жылы лебіздер тілейік. /Жақсы оқу, сәттілік, жақсылық, аманшылық тілеу / ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. /10 мин./ - Балалар, бүгін жаңа әріппен танысамыз. Ал ол қандай әріп екенін сендер менің жұмбағымды шешіп білесіңдер. - Бұны сендердің әжелеріңіз, аналарыңыз, апаларыңыз үйде киеді. Кейде оны дәрігердің үстінен де көруге болады. Бұл- киім. /Халат/ /Дәрігердің суреті ілінеді. (Слайд № 1)/ - Халат сөзінде неше дыбыс бар? /5 әріп/ - Ол қандай дыбыстар? /х, а, л, а, т./ - Бірінші дыбыс қандай? /Х дыбысы/ - Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз. Слайд № 2 /Х дыбысын айту, сипаттау/ - Балалар, біз Х дыбысын қай кезде айтамыз? /тамақ шайғанда, тамағымызда бірдеңе тұрып қалғанда т.б./ - Х дыбысы- дауыссыз, ауа кедергіге ұшырап тұр. Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз. /Х әрпінін суретін іліп қою./ - Бұл не? /Әріп/ - Әріптер мен дыбыстардың айырмашылығы неде? /Әріптерді біз көреміз, оқимыз, жазамыз. Ал дыбыстарды айтамыз, естиміз./ - Әріптердің қандай түрлері бар? /Әріптердің баспа және жазба түрлері бар.Баспа әріптерді оқимыз, ал жазба әріптермен жазамыз./ /Оқушыларға өз бетінше қиылған әліппемен Х әрпіне 2- 3 сөз құрастыру тапсырмасы беріледі. / - Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? /Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мәселен, халат, хат, шахмат, шах, асхана./ Дәрігердің тапсырмаларын орындау. Дәрігердің суретін көрсетіп: «Балалар, біздің дәрігеріміз сендерге мынадай тапсырмалар әкелді. Орындай аламыз ба? » 1. Тақтада жазылған сөздерді оқу, буындарға бөлу, дыбыстық талдау жасау/дауыссыз, дауысты дыбыстарды табу./ «Халық, Райхан, шахмат » Слайд №3 /Х әрпі сөздердің басында, ортасында кездесіп тұр./ - Дәрігер сендерге риза болды. Ол сендерге зор денсаулық тілеп, өз ризашылығын мына кішкентай сыйлықтар арқылы білдіреді. /гематоген шоколадтарын беру./ - Енді екінші жұмбағымды шешейік. « Аяғы жоқ- жүреді, аузы жоқ- сөйлейді. Бұл не? » /Хат/ - Айтпақшы, балалар, сендерге бір жеделхат келді. Ұмытып кетіппін. Қане, тез оқиық. «Сәлеметсіңдер ме, құрметті 1 «А» сынып оқушылары. Сендер дене шынықтыру сабақтарын жақсы көресіңдер ме? Біз сендерді өзіміздің спорт алаңымызға шақырамыз. Тек коньки алуды ұмытпаңдар. Біз сендерді асыға күтеміз. Келіңіздер.» - Балалар, барамыз ба? /Иә!/ - Бұл хатты кімдер жазды екен? Қай жерден келген хат екен? /Тақтадағы сөздерді оқу: Хамит, Хасан, Хромтау /Слайд № 4 - Бұл сөздердің ұқсастығы неде? /Бұл сөздердің барлығы Х әрпіне басталады, бәрі де үлкен әріптермен жазылады./ Тірек сызбалардағы сөздерді оқу.Слайд № 5, 6,7. - Хромтау қаласына бару үшін бізге көлік керек. Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық. 1. -лық 2. Кітап - -н Ас - Ха -йуан Дәрі - хана -бар Шай - 3. Асыл - Гүл - хан Темір - Сергіту сәті. /3 мин./ - Балалар, сендер қандай қысқы ойындарды білесіңдер? /Шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу, хоккей т.б./ Қане, тұрып: «Жүріңдер, балалар, Сырғанақ тебеміз. Құрыспай, құрыштай Шынықсын денеміз.» Шаңғы тебу. Слайд №8 /Аяқты бірге ұстап, тізені бүгіп, екі қолды кезек алға, артқа сермейміз. (6- 7 рет)./ Коньки тебу. Слайд №9 /Тізені бүгіп, қолды артқа ұстап, екі аяқты кезекпен алға- артқа созып қайта бірге ұстау (6- 7 рет)/ Суға шомылу. Слайд №10 /Алға сәл еңкейіп, қолды алға сермеу. / - Балалар, біз Хромтау қаласына келдік. / Оқулықпен жұмыс/ - Спорт алаңына келдік. /Слайд №11/ - Мынау не?/Мынау- мұз айдыны./ /Суретпен жұмыс./ Суретке қарап, сөйлемдер құрастыру. «Балалар хоккей ойнап жүр. Олар- нағыз хоккейшілер. Бір бала- қақпашы, ал екіншісі- шабуылшы.» Сөздік жұмысы./Слайд № 13/ Клюшка- сығыртпа таяқ Шайба- тығырық /Мәселен, шабуылшы тығырықты қақты./ - Бұл- Хасан мен Хамит қой.Олар біздерді ойынға шақырғалы отыр./Слайд №11/ - Бірақ қайсысы Хамит, қайсысы Хасан? Оны біз берілген мәтінді оқып біле аламыз. / Оқушыларға мәтінді оқу тапсырмасы беріледі. / Мәтінмен жұмыс Сұрақ- жауап: - Хасан мен Хамит қандай ойын жақсы көреді? - Хасан ойында кім? /Хасан- шабуылшы./ - Хамит ше? /Хамит- қақпашы./ - Ойын қалай өтті? /Хасанның тобы жеңіл шықты./ - Кім хоккей ойынын ойнап көрді? «Хоккей» сөзіне талдау жасау.Слайд №14 - Хоккей сөзінде неше буын бар? - Хоккей сөзінде неше к әрпі бар? /2/ - Хоккей сөзі- басқа тілден енген сөз - Хасан мен Хамит біздердің келгенімізге разы болды. /Дәптермен жұмыс/ Х әрпінің емлесімен танысу. Х әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу. Ребустар шешу Сергіту сәті «Он саусақ» өлеңі Бір саусағым тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ қосылды Қолға ине ілікті Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды Өнерлі екен он саусақ Қала салсақ, жол салсақ. Ауылға оралу. Слайд № 15 /Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой./ 1. Ша...мат, ас...ана, ...алам, ...абар, ...алық, ...ба...а /қ, х / ІІІ. Сабақты қорытындылау. 1. Оқушыларды бағалау. 2. Үйге тапсырма беру. | |
| Просмотров: 2276 | Загрузок: 712 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|