Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Аналар, қыздар жүрегі жарқын жандар
[ Скачать с сервера (29.7 Kb) ] 2013-04-06, 0:51 AM
Семей қаласы,
№47 орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Құрманбекова Гүлнұр Құрманбекқызы

Тақырыбы: «Аналар, қыздар жүрегі жарқын жандар»
Мақсаты:аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау.
Көрнекі құралдар: плакат, шар, сөздер, магнитофон.

1-жүргізуші:
Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
2-жүргізуші:
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.
1-жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
2-жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Хор :»Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»

1.Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.

2.Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;

Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана

3. Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, -
Ойлап тапқан балалар!
«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!

4.Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

Ән «Ақ мамам»

5. Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.

6. Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
7. «Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана! (бірге)

8. «Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана! (бірге)

9. «Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана! (бірге)

10. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

1-жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам

2-жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам

1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Анам

2-жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам

11. Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.

12.Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.

13. Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.

14. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.

15. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

16. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.

Ән «Анашым»

1-жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.
2-жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек-ау!

Сабақтың тақырыбы: Көктем аруы.
Ертеңгілік мақсаты:Балаларды Мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.Анасын сүю арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Жас қыз балалардың бойындағы қасиеттерін өнерлерін,білімдерін,ептіліктерін жұрт алдында көрсете білулері керек.
Көрнекіліктері:Аналар туралы жазылған плакаттар,сынып бөлмесін безендіретін құралдар,шарлар,гүлдер.
1.Аналарға арналған монтаж. Мұғалімнің сөзі. Құрметті ақ жаулықты асыл аналар,әжелер,қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!Қар астынан қылтиып,бәйшешек бой көтергенде.көктемнің алғашқы хабаршысы болып,аналар мерекесі келеді.Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымызда бәйшешектей,барлық қиындықты төзімді. Аналар көктемгі гұлдей жарқырап,гұл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын,атқан таңның арайын,күн сәуленің шапағын тілейміз.Енді сіздерге арналған шағын концертімізді қабыл алыңыздар.
1-оқушы. Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар, Ана деп бас иеді күллі халық.
2-оқушы.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан балалар. Аналардан туған небір даналар, Ана деген-тіршіліктің тірегі. Армысыздар,қасиетті Аналар! 3-оқушы. Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар. Құтықтаймыз мейраммен. Құрметті аналар! 3-оқушы.
Шалқып -тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Ана,сені құтықтап, Әндетеміз бәріміз. Е.Хасанғалиев «Анаға сәлем» әні орындалады. 4-оқушы. Айтсаң болды тіл алам Әйбат мамам,ақ мамам. Сені көрсем қуанам, Сен керексің қайда да. 5-оқушы. Жүре берсең қасымда Әйбат анам қуанам, Ботам деген даусыңнан Мен мәз болып оянам. 6-оқушы Тау қопарып тасты үгіп, Тұрғыздың сен не қала. Саған қандай жақсылық, Жасай алам мен ана. 7-оқушы. Ақыл құйған санама, Күнненде артық,расында. Күн алыста,ал анам,
Ылғи менің қасымда. 8-оқушы. Менің әжем, ақ әжем- Ұл мен қыздың бағы әжем. Ертегі айтып бер десең, Айтып берер тағы әжем.
9-оқушы.
Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,анна-күн.
Әркім сүйіп, өзінің,
Мақтан етер анасын!
«Қаражорға» биі орындалады.
10-оқушы:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғамын.
11-оқушы:
Адам бар ма ана сүтін ақтаған,
Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты,ар - намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам.
12-оқушы:
Аяулы да, алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен-асқарсың, сен аспансың биіксің,
Сен-дархансың, сен-жомартсың, данасың.
13-оқушы:
Ақ – арман, аппақ анам,
Өзіңсің бақ та маған.
Шығамын ақ сүтіңді,
Қалайда, ақтап анам.
«Айналайын ана, қуанышыңмен» өлеңі орындалады.
14-оқушы:
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ, көңілі,
Күн шуақты саялы.
Мейірі анам – күн нұры,
Шапағы мол шашылған.
Сен өмірдің бұлбұлы,
Гүлің менмін ашылған.
15-оқушы:
Мен үшін не ерек –
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,
Жұмысыңа барасың.
Қайтіп мені көргенде,
Шын сағынып қаласың.
16- оқушы:
Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың.
17- оқушы:
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
18- оқушы:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады,аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейікқасиетті ананы.
I кезең. «Таныстыру»
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
2-Кезең. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір ұйдің арманысың.
Дәлбүгін қанат қомдап,сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей,самғап ұшқың.

3-кезең Азпазшы.
Дайындап келген тағамдарының атын,құрамын айту керек.
4-кезең. “Сән үлгісі”
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
5-кезең. Қазақтың салт дәстүрі.
1) Тұсау кесер
2) Тоқым қағар
3) Бесікке салу
4)
6-кезең. “Өнерлі өрге жүзер”

Арулар өз өнерін көрсетеді .
МАРАПАТТАУ.

Аяулы анашым
Мақсаты: ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру; мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Барысы:
Кіріспе.
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұрап анқытқан
Бұл кім?
Бәрі: – Ана.
Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!
1) Бүгін – наурыздың сегізі.
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз-
Адамның
Анаға айтар лебізі.
2) Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз бүгін біз
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
3) Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
4) Балапаным дейді әжем,
Балақаным дейді әже
Ұзақ күнге бүкшендеп,
Біздің қамды жейді әжем
5) Жақсы оқыған сабағын,
Балаға мен ағамын.
Біздер үшін Ананың
Бұлт баспасын қабағын
6) Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
Ән «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
7) Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
8) Айналайын, анашым,
Аялайсын, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
9) Айналайын, анашым,
Жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың.
10) Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
11)Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
 Ән «Дастархан» орындайтын Төкен Назерке
 11) Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
13)Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!
14) Адал бол, – деп балдырған,
Әділдікке баулыған
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді!
15)Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын
16) Жан ана жарық күн жанарын
Бір сенде кендігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде,
Сеземін көктемнің самалын
 Сахналық көрініс. «Әжесі мен Асия»
17) Әлемге тыныштық тілеген,
Жан ана жанына гүл егем.
Балалық жүректен айтылған,
Махаббат белгісі бұл өлең.
20) Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтінді өтермін.
21) Асыл жан деп әлемде,
Ардақтаймыз ананы!
Ақын қосып өлеңге,
Суретін оның салады.
22) Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ән»Анашым»
23) Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз
( Қыздарға сыйлықтар ұсынады)
Ұлдардың орындауында «Еркем-ай» әні
1) Ал, бастайық, бастайық
Қолға домбыра алайық
Аналарды құтықтап,
Мерекені бастайық.
2) Біздің қыздар әдемі,
Өздері сондай сүйкімді.
Біз оларды сыйлаймыз,
Шаштарынан жұлмаймыз.
3) Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлайық.
4) Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.
5) Мен қыздарды сыйлаймын,
Мен оларға тиспеймін
Тек қана анда-санда
Сабақты көшіремін.
24)Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.
25) Құрметіне кешенің
Тақпақ айтып береміз.
Шаттық толы әр күнін,
Мақтап айтып береміз
26)Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға-
Сый тартамыз бағалы!
(Аналарға сыйлықтар ұсынады)
Би «Қазақ вальсы»
- Болар күнде алаң,
- Жанашыр кім саған?
- Анам.
- Болсаң егер жаман,
- Кейитін кім саған?
- Анам.
- Таң қалғандай ғалам,
- Кім ең сұлу адам?
- Анам.
- Боташым дер саған,
- Кім сүйікті адам?
- Анам.
Ән«Айналдым ана деген»
Бірге: Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау…
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек – ау!
Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»
- Ана – отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балаларының бақытты болуын қалайды. Біз аналарды сыйлаймыз, құрметтейміз.
Құрметті анашым!
Сізді наурыздың 5-де, сағат 12.00-де
«Аяулы анашым» атты тәрбие сағатына шақырамыз. 1«в»сынып оқушылары
Категория: Начальная школа | Добавил: OnE_SouL
Просмотров: 2677 | Загрузок: 701 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2026-07-20, 3:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс педагогика стихи пушкин МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники Хиджаб любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг эссе

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru