Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (9.9 Kb) ] | 2013-05-02, 9:34 AM |
Сабақтың тақырыбы:Туған жер ғажаптары. Мақсаты:Балалардың «Отан», «Туған жер», «Табиғат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -туған ел,табиғат аясы, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру -туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту -туған жерін және табиғатты сүюге, қадірлеуге,әдемілікке тәрбиелеу Көрнекі құралдар: интерактивтік тақта бойынша суреттер, слайдтер, кестелер. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Халық мақалы. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, шақырылған қонақтар! Біз өзіміздің сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.. Бүгін сендермен топпен жұмыс істейміз. Туған жерімізге саяхат жасаймыз. Алдымызда біздерді көптеген қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Саяхатымызды жарыса өткіземіз. Ал, саяхат барысында көрсеткен білімдерімізді әділқазылар алқасы бағалайды. Қай топ өте жақсы жұмыс істесе соған «Білгір топ» медалін береміз. Ал, біздің сабағымызға белсене қатысып,ерекше білім көрсеткен оқушы «Ақылды бала» медалімен марапатталады. Қалғандарыңа да сыйлықтар бар. 1-топ «Түймедақ» 2-топ: « Раушангүл» 3-топ: «Қоңыраугүл» «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген халық даналығында үлкен мән бар.Туған жер әр адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені,ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі.Адам тағдыры да туған жерімен байланысты. Сондықтан әрбір адам өзі туып-өскен мекенін құрметтеп,оған қамқоршы бола білу керек.Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорғып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады. Балалар, сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңбері: (Музыка ойнап тұрады ) (Күй) Бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Бәріміз бір-бірімізбен қауышып,қолдарымыздан ұстап,шеңбер құрайық . Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар.Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек.Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз,тани аламыз.жылулығымызды сыйлап күш-қуат аламыз. - Мен саған күннің нұрын тілеймін. - Гүлдей жайнап жүр. - Мен саған ашық аспан тілеймін. - Қыран бүркіттей қырағы бол. - Көңілің мөлдір судай таза болсын. - Мен саған денсаулық тілеймін. - Күздей жомарт бол. - Арыстандай айбатты бол. - Гүліміз жақсы өссін! Өткен сабақта біз Отан, туған жер туралы айтқан болатынбыз. Үй тапсырмасы. 1-топ: Туған жер, табиғат туралы мақал-мәтелдер. 2-топ: Туған жер ,табиғат туралы тақтақтар дайындау. 3-топ:Табиғат туралы сурет салу.(қортындыны өзім айтамын) Тақпақ: Табиғатты білемін, Жәндіктер, Ауа, су, жер, күн, аспан. Тау, дала, Жан-жануар Аң, қүс, өзен, көл, теңіз. Гүл, егін, Табиғат, ол - айнала, Көкжиекке ұласқан. Қасиетті өлкеміз. Әңгімелесу: Адам өзін жер иесі деп ойлайды. *Табиғат байлығы дегенді қалай түсінесіңдер? *Туған жерің несімен көрікті? Мұғалім:Бүгін біз сендермен белгіленген аялдамалар бойынша саяхатқа шығамыз.Олар: І аялдама:«Табиғатты қорғау» аялдамасы. ІІ аялдама: «Орман өтініші» аялдамасы. ІІІ аялдама: «Жануарлар әлемі» аялдамасы. ІV аялдама: «Тазалық» аялдамасы. V аялдама: «Табиғатты қорғау» аялдамасы. Осы аялдамаларда бізді көптеген тапсырмалар күтіп тұр. Ал, балалар, біз саяхатқа дайынбыз ба? Ендеше бастайық. І аялдама: «Табиғатты қорғау» аялдамасы. Оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің, Жаным сенен жаратылған өлкемсің. Қандай жақсы Қазақстанда туғаным! О, туған жер! Тамашасың,көркемсің! Мұғалім:Мына аялдамадан өту үшін, сендер Жер-Ананың жіберген хатындағы сұрақтарға жауап беріңдер. (Қысқа жауап береді). 1-топ: Сендер көшеде келе жатып, ұясынан құлап қалған торғайдың балапанын көрдіңдер. Не істер едіңдер? 2-топ: Сендер отбасыларыңмен бірге Есіл бойына демалуға бардыңдар. Өзен бойында бір ер адам машинасын жуып жатқанын көрдіңдер. Не істейсіңдер? 3-топ: Сендер сыныппен орманға саяхатқа шықтыңдар.Орман ішінде келе жатып,сөндірілмеген оттың шоғын көрдіңдер. Не істер едіңдер? Сергіту кезең: Жел бетке еседі, Ағаштар теңселеді. Жел тынышталады, Ағаштар биіктейді. ІІ аялдама: «Орман өтініші» аялдамасы. Бұл аялдамада орман тұрғындары өздерін ешкім жақсы көрмейді деп айтады. Сендер олардың өкпе сөздерін тыңдап, атауларын табуларың керек. 1-топ: Сұлу емес екенімді өзім-ақ та білемін. Адамдардың көзіне көрінсем, көбі шошып қашады. Ал, кейбіреулері тас лақтырады немесе аяқтарымен теуіп жібереді.Не үшін? Мен не істедім?Адамдардың ойы бойынша, мені ұстаса қолдарына сүйел шығады.Бұл өтірік.Барлықтары бірдей сұлу бола бермейді ғой! Мені табиғат осылай жаратқан. Ол не? (көлбақа) 2-топ: Жер бетінде біздер туралы көптеген қорқынышты аңыз, әңгімелер көп. Адамдарға біздің қараңғыны ұнататынымыз, құстар мен аңдарға ұқсамайтындығымыз ұнамайды. Олар бізден қорқады. Неге? Біздер де адамзаттың достарымыз. Біз солай жаратылдық.. Басымызбен төмен ілініп тұрғанды жақсы көреміз. Ол не? (жарғанат) 3-топ:Әдетінше, жабайы жануарлар адамдарды өзедеріне жақындатқызбайды. Көрсе, қашады. Ал,біз адамдарды өзімізге жақын жібереміз. Себебі біздің көзіміз нашар көреді. Бірақ біздің жақсы қорғанымыз бар. Ол біздің тікенегіміз. Ол не? (кірпі) Ойын: «Ассоциация» ( музыка) Музыка үзіндісі тыңдатылады. Балалар әуенді тыңдағанда көз алдарына елестегендерін диаграмма ішіне толтырып жазады. Болғанннан соң әр топтан бір оқушы шығып өз жұмыстарын көрсетіп, қорғайды. Кейін мұғалім дұрыс жауаппен салыстырады. ІІІ аялдама: «Жануарлар әлемі» аялдамасы. Мына аялдамада жануарлар сендерге тапсырмалар дайындады. 1-топ Берілген сөздерге анықтамаларын тап та, сызықпен көрсет: 2-топ Берілген торкөздердің ішінен жануарлардың атауларын теріп жаз. 3-топ Мақал-мәтелдерді аяқта: 1.Орманға сен қалай қарайсың, (Орман саған солай қарайды). 2.Балығы жоқ көл қысыр, (Басы жоқ гүл қысыр). 3.Гүл баққан гүл таныр, (Ер жігітті ер таныр). 4.Тау бұтағымен сәнді, (Көл құрағымен сәнді). 5.Күнсіз гүл өспес, (Күтусіз ұл өспес). 6.Жер – ана, (Ел – бала). ІV аялдама: «Тазалық» аялдамасы. Балалар, біздің жеріміз қандай тамаша! Біздің осы ауданымыздың кейбір жерлерінде сарқырамалар бар. Мысалы: Раисовка ауылында, Сарадыр ауылында. Слайд: «Ластанған жерлер» Бірақ көп жерлеріміз лас, қоқыс көп, табиғаттар бүлінген. Жеріміз осы ғажайып күйінде сақталып қалу үшін не істеуіміз керек?Енді ойымызбен ластанған табиғатты тазалайық.. Қанеки, солардың барлығын атап, ыдысқа бір-бірден салайық. (Мұғалім балалардың қасына барады. Олар атап, ыдысқа қоқысты салады) (Ағаш арасын, Есілді, қоқыстан тазалау, өрттен, зауыттың зиянды түтінінен, орман ағаштарын шабудан, гүлдерді үзбеу, жануарларды атудан, балықты аулаудан,бұтақты сындырудан т.б.) салып отырады. Балалар, біз қандай үлкен жұмыс істедік. Енді, көзімізді жұмып, тыныштық сәтін өткізейік. Тыныштық сәті. (жағдаят) (Суретті музыка) (Музыка ойналып, мұғалім сөйлеп тұрады). Балалар, денелеріңді дұрыс ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Міне, қоқыстан барлық табиғатты тазаладық.Біздің табиғатымыз тап-таза. Не көрдіңдер? Көздеріңе не елестеді? Шығармашылық жұмыс: V аялдама: «Табиғатты қорғау» Құстарды даусын ажырату. Қай топ тез тауып алады? «Мен заң ашамын» Бұл заң табиғат пен адаммен байланысты. Ал, балалар сендер өздеріңді ғалымдар деп ойлаңдар. Сендер адам мен табиғатты біріктіріңдер.Енді мен сендерге туған елімізді, туған жерімізді қорғауға шығармашылық жұмыс дайындап қойдым. Тапсырма: 1-топ: 1.Мен орманда тұрсам,..... 2.Мен орманда тұрсам,.... 3.Мен орманда тұрсам,.... 4.Мен орманда тұрсам,.... 5.Мен орманда тұрсам,.... ІІ-топ: Дұрыс сөйлем құра: Ларпбалалартаопдрнватабиғаттыларптмқорғайықрав! ІІІ-топ: Ребус шеш : (Туған жер – Отаным) Қорытынды: Балалар, туған жер дегеніміз не? Туған жеріміздің табиғаты қандай? Біз табиғатты қалай қорғауымыз керек? Енді, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына беріледі. Ең үздік топ «Білгір топ» медалі беріледі. Ал, біздің сабағымызға белсене қатысып, ерекше білім көрсеткен оқушы «Ақылды бала» медалімен марапатталады. Қалған оқушыларға сыйлықтар ұсынылады. Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Не ұнады? Өздеріңнің пікірлерінді тақтаға шығып, белгілеңдер. Үй тапсырмасы: «Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазу. Эссе жазу. «Жүректен – жүрекке». Балалар шеңберге тұрып, бір –біріне тілек айтады. (Қолдарында жершары) Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта сендер өте белсене қатыстыңдар. Көп сұрақтарға жауап бердіңдер.Көп шығармашылық жұмыстарды атқардыңдар. Сендерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан. | |
Просмотров: 7170 | Загрузок: 241 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|