Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2015-02-21, 3:50 AM | |
АШЫҚ САБАҚ Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 8 санын қосып, алуды қайталау. 8санының құрамымен таныстыру. Оқу - тәрбиенің міндеттері: Білімділік: Сандар қатарын қайталату, 8 санын қосу және алу. 8 санының құрамымен таныстыру. Дамытушылық: Оқу - танымдық, коммуникативтік, ақпараттық - технологиялық құзыреттіліктерін, ойлаудың математикалық стилін, логикалық ойлау құрылымдарын дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілік , экологиялық тәрбие және салт-дәстүр ұлттық тәрбие беру. Сабақтың түрі: Ойын сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты - коммуникативті технологиясы. Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, суреттер оқулық. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Қайырлы таң досым, Қайырлы күн болсын! Жеті күннің әр күні Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын! - Балалар мен сендерге дайындап әкелген сұрақтарым бар еді, сол сұрақтарға жауап беріп кқрейікші ! Ендеше «Ойлан тап» ойынын ойнайық. 1. Біздің мемлекетіміз / қазақстан / 2. Елімізді кім басқарады? /елбасы/ 3. Елбасы кім? 4. Қазақстан мемлекеті қандай? / тәуелсіз егеменді ел / 5. Алда қандай мереке келе жатыр? / тәуелсіздік алған күн 16 желтоқсан / 6. Ұлтымыз және тіліміз ? /қазақ / 7. Әр ұлттың ұлттық несі болады? /салт- дәстүрі/ - иә дұрыс айтасыңдар балалар. -Олай болса бүгінгі сабағымызда осы қазақтың ұлттық ойындарын ойнайық ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. : Өткенді еске түсіру «ханталапай ойыны» / асықтағы жазылған сандар арқылы сан құрамдарын еске түсіру / Ережелерді еске түсіру. ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІV. Жаңа сабақ: «Бәйге ойыны» 1-есеп Шарты: қиярларды екі тарелкаға бөліп салу, яғни шапшаң тез ойлап табу. 7 1 2 6 5 3 4 4 Теңдіктер құр. Оларды оқы: / ережелерді еске түсіру/ 7+1=8 6+2=8 5+3=8 8 - 1=7 8-2+6 8-3=5 «Ақсүйек ойыны» Шарты: түн дегенде көзімізді жұмамыз, күн дегенде ашамыз. Егер ақсүйек кімнен табылса сол бала тапсырма орындайды. 2-есеп Кесінділердің ұзындығын өлще. Салыстыр. 8см 7см 6см 8см > 7см 7см > 6см 8см > 6см «Теңге ілу» ойыны Шарты: теңгені іліп алып, тапсырмасын орындау. 3-есеп Берілген фигуралардан өрнектер құру: 2+1=3 4-2=2 3+1=4 3-1=2 Сергіту сәті: Қуыр, қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Әй, әй, балақай, Жамандықтан қаш. «Бүркіт салу» ойыны Шарты : мергендікпен аңдарды көздеу. Атқан аңның тапсырмасын орындау. 4- есеп Салыстыр: 0 < 8 8см > 6см 5 <8 3см < 8см 8 =8 8см =8см 8 > 7 8см > 5см 8-5=7-4 2+4< 8-3 8-4 > 0+3 7-4=8-5 8-3<2+4 0+3<8-4 Cабақты қорытындылау кезеңі. «Көкпар» ойыны Шарты: екі ттопқа бөлініп тапсырмаларды орындау – Қай санның құрамын құрдық? ( 8 ) – Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? - Сабақ несімен ұнады? | |
Просмотров: 880 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|