Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2015-02-26, 8:09 AM | |
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы Би Боранбай атындағы орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Ибрагимова Мамила Мергазиновна Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин "Салақтық" Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқу, түсініп оқу адамдық қасиеттерге үйрету Дамытушылық: Ойлау, сөзжұмбақ, ребустар шешу арқылы тапқырлыққа баулу Тәрбиелік: Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу. Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру Сабақтың түрі: жаңа сабақ Көрнекіліктер: ребус, сөзжұмбақ, суреттер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық: 3 тілек тілеу. Елімізге бірлік ынтымақ, жерімізге тыныштық тілейміз. Топтың ұраны: Жирен жаман әдеттен, Үйрен жақсы әдептен. 1-кезең. Қызығушылықты ояту. ІІ Үй тапсырмасын тексеру. «Қадірлі аналарым, мейірлі аталарым» бөлімінен өздеріңе не түйдіңдер? І топ ІІ топ ІІІ топ Үлкенді құрметтеу Ата-ананы сыйлау Ақылдың көзі-қарттарда 2-кезең. Мағынаны ашу. ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе 1. Сөзжұмбақ «Мақал», «Мәтел» шешу 2. Осы мақал-мәтелге ортақ қандай тақырып беруге болады? «Адамгершілік» б) мұғалімнің түсіндіруі. Ребус шешу. І топ ІІ топ ІІІ топ Ыбырай Алтынсарин кім? Қандай өлеңін жатқа білесің? Қандай әңгімесін оқыдық? Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 21 қазанда қазіргі Қостанай облысында туып, 1889 жылы қайтыс болған.Алғашқы ағартушы ұстаз. Тұңғыш «Қазақ хрестоматиясының» авторы. Оның қаламынан туған аудармалар, мысалдар, өлеңдер, ертегілер оқырман жүрегінен жол тапқан. Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін түсініп оқудың алдында қандай әңгімелер оқыдық? «Салақтық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сипаттама бер. «Салақтық» әңгімесімен танысу. 1. Мәнерлеп оқу. 2. Іштей оқу 3. Тізбектей оқу Әңгіме неге «Салақтық» деп аталған? Сергіту сәті. Керімге сипаттама (әр топ сипаттама береді) 3-кезең. Ой толғаныс. ІҮ. Сабақты қорытындылау «Тазалық – денсаулық кепілі» мәтін құрастыру. Сен өзіңді қандай баламын деп ойлайсың? Өзің туралы айт. Осы әңгімеден не түйдің? ҮІ .Үйге тапсырма беру: «Салақтық» әңгімесін оқу. Керімге хат жазу. VII. Бағалау. | |
Просмотров: 2162 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|