Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (15.1 Kb) ] | 2015-04-05, 8:49 PM |
Сабақтың тақырыбы: «Мерекелік шырша». Мақсаты: Қағазды уқалап үйрету, жаңа жылдық шырша туралы түсініктерін қалыптастыру. Зейінің арттыру, ойлау қабілетің дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Ұқылыптыққа, шеберлікке, үнемділікке тәрбиелеу, эстетикалық тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жапсыру. Көрнекілігі: Үлгілер, түсті қағаздар, әр түрлі жаңа жылдық сүреттер. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру. Оқушыны назарын сабаққа аудару, еңбек сабағына психологялық дайындық. -Балар, бүгін қандай сабақ? Қол еңбегі сабағы. Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жулдыздай жарқырап Сулдай таза көңілмен еңбек сабағын бастайық. Балалар бір-біріне күлімдеп қарап орындарына отырады. ІІ. Жаңа сабақ. 1.Кіріспе әңгіме. -Балар, сендер тақтада не көріп тұрсындар? Ненің сүреті ілініп тұр? -Жана жылдық шырша. -Бізге қандай мереке жақындап келе жатыр? -Жаңа жыл мерекесі. -Қандай мерекені 16-желтоқсанда тойладық? -Тәуелсіздік мерекесің. 2.Саусақ жаттығулар. -Еңді, балалар, жұмысымызға кірісейік, ол үшін саусағымызды жаттықтырып алайық: Бас – бармақ, Балан – үйрек, Ортан – терек, Шылдыр – шүмек, Кішкентай – бөбек. 3.Жұмысты жоспарлау. Үлгіні көрсету. Тақтаға түсті қағаздан қиылған шырша әр оқушының алдында жатады. Оқушылардан әр қағаздың түсін сұрап (түстерді есімізге түсіреміз), қалай жұмыс істеу керектігі көрсетіледі және түсіріндіріледі. 4.Сергіту сәті. Көлбен – көлбен көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем, Айтшы қане, көлеңкем, Құстар қалай ұшады? Қоян қалай жүреді? Аю қалай жүреді? 5. Практикалық жұмыс. Шыршаға желім жағу, мұғалімнің көрсетуінең кейін жапсыру. - Еңді жаңа жылдық шыршамызды безендірейік. Қағазды алып жыртып, алақанмен уқалаймыз, уқаланып дөңгелектенген түсті қағаздарды шыршаға жапыстырамыз. 6. Жеке жұмыс. Баланың қолынан ұстап жапсырту, уқалату. 7. Сөздік жұмыс. Шырша, Аяз-ата, жаңа жыл, қар сөздерің сөздік қоры бар балаларға қайталату, сөздік қоры жоқ балаларға суреттерің көрсеткізу. 8. Сергіту сәті. Кел, балақан, балақан, Шапалақтап алақан, Аяқтарды қозғалтып, Би билеш» балақан. 9. Сабақты қорытындылау және бағалау. Оқушылардың аяқтаған жұмыстарын тексеріп, тақтаға ілеміз. Жақсы істеген оқушыларды мадақтаймыз. 10. Үй тапсырмасы. Шыршаға қосымша 3-4 дөңгелек жапсыру. ІІІ. Сабақты аяқтау. | |
Просмотров: 1709 | Загрузок: 16 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|