Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2015-12-21, 9:16 AM | |
ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы Тоғас батыр атындағы орта мектебі Итбаева Ардақ Жанарбекқызы Эпиграф: Қиындыққа жасымай Этиканы ұмытпай Ой таратар тосылмай Ұстаз керек біздерге. Мақсаты: Баланың болашағына дұрыс бағыт – бағдар беру керектігінің маңызын түсінеді. Міндеттері: 1. Мәтінді түсініп оқиды, өзін-өзі дамыту үшін ықпал жасайды. 2.Шығармашылық қабілеттері дамиды, бірлесіп шешу арқылы ақпарат толықтырады. 3.Бір- бірімен жақсы қарым-қатынас жасауға үйренеді. Стратегиялар: 1.Аквариум стратегиясы. 2. Үлкен дөңгелек үстел 3. Ортада қалам. 4. Екі жақта күнделік. І. Қызығылушықты ояту. Қазір сіздермен сергіту сәтін өткізіп алайық. Кішкентай бала кездеріңізде сіздерді ата- аналарыңыз қалай еркелетуші еді? Жауап. Әр мұғалім өзін қалай еркелетеді. Соны айтып береді. Олай болса осындай жақсы сөздермен бізді кім еркелетеді? Жауап. (әке, шеше, апа,ата, аға, бауыр) Осының бәрін бір сөзбен айтқанда отбасы сөзі құралады. «Отбасы» ассоциация жасату. Иә, бала болашағына отбасының да ықпалы көп екен. Олай болса бүгін біз сіздермен бала болашағымен ой бөліссек демекпіз. 1. Аквариум стратегиясы. Екі адам шығады, ортаға мұғалім отырады. Сұрақтар беріледі. Баланы неге теңейді? -Сіз ше? - Жауап. 2. Баланың болашағы жарқын болу үшін не қажет деп ойлайсыз ? -Сіз ше ? -Жауап 3.Бала тәрбиесіндегі қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін не істей алам? - Жақсы. Сіздерге рахмет. Енді осы сұрақтар негізінде сіздер не айтар едіңіздер ? Мұғалімдер ойларын айтады. Әрине бала болашағына бала кезден бастап көңіл бөлу қажет . Бүгінгі сұрақтар да осы бала болашағы туралы болып отырғандықтан бүгінгі семинардың тақырыбы: Бала- біздің болашағымыз. Мақсаты, міндеттері оқылады. ІІ. Мағынаны тану. 3.Топқа 1 сұрақ беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. І топ ІІ топ ІІІ топ Бала Мұғалім Ата- ана Топқа айналдырып бересіздер. Бала болашағына қосар үлестеріңіз қандай ? Бала, мұғалім, ата- ана ретінде не істей аламыз? Әлеуметтік рольдерге бөлісіп жұмыс жасау. ІІІ. Ортада қалам стратегиясы арқылы жағдаяттарды шешу. 3 топқа тапсырма беріледі. Соған топтан жауап береді. Ыбырай Алтынсарин « Бақша ағаштары !» «Бақша ағаштары» деген мәтін беріледі. Мәтінді оқып танысады. Екі жақтан күнделік стратегиясы бойынша таблица толтырады. Бала сөзіне қайтып оралып, балаға деген жақсы тілектеріңізді айтсаңыздар. Ассоциация стр. «Бала» Осы сөздердің барлығы баланың болашағына пайдасы тисе, келешегі жарқын болады. Кері байланыс парағын толтыру. Әр бір бала – бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Бала - біздің келешегіміз, біздің жалғасымыз . Сондықтан бала тәрбиесі - баршамызға ортақ іс. | |
Просмотров: 1265 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|