Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Кітап және оның құрылымы
[ Скачать с сервера (27.4 Kb) ] 2016-01-12, 7:20 PM
Кітапханалық сабақтың тақырыбы: Кітап және оның құрылымы
Мақсаты:
1. Оқушыларға кітаптың қоғамдағы орнын, барлық білімнің кітап
арқылы берілетіндігін ұғындыру.
2. Оқушылардың кітапты қадірлеуге ұқыпты ұстауға деген
сезімін оята отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
3. Кітап құрылысының жаңа элементтерімен таныстыру.
Көрнекілік - құрал жабдықтар: Компьютер, слайдтар,
электрондық көрме, кітаптар, кітап макеті, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: 1. Кіріспе сөз.
Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі біздің сабағымыз дәстүрлі емес, ерекше сабағын өткіземіз.
Кәнекей балалар, жұмбақ шешіп көрейік.Жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
Экранға назар аударамыз (Слайд)
Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде,
Керекпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де
Жауабын үш тілде айтады /*Кітап * Книга * Book/
Кітапханашы: Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің сабағымыз кітап туралы болады, және бізге қонаққа кітап келіп отыр.(Слайд)
Кітап: - Сәлеметсіңдер ме балалар, мен білім кілті - кітаппын. Балалар сендер білесіңдерме кітап сөзі қайдан шыққан, қандай мағына береді және кітаптың шығу тарихын, құрылымын?
Кітапханашы: Ой, кітап досымыз балаларға сұрақтарды жаудырдыңызғой.Осы сурақтарыңыздың жаубын бүгінгі өтетін сабағымызда ести аласыз.
Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін бір бірімізге жылы лебіз сөздер айтайық. Ол ұшін бәріміз орнымыздан турып бір бірімізді құшақтап жылы лебіздерімізді білдірейік.
Кітапханашы:Рахмет. Енді балалар кітап қалай пайда болғанын және кітаптің құрылымы туралы айтып бергім келеді.
Кітап-араб сөзі-жазба, ал түрікше дәптер, мерзімді баспасөз басылымы дегенді білдіреді.
Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
Кітапханашы:Балалар біз кішкентай кезімізден бастап кітаппен таныспыз. Кітаптың түріне біз үйреніп кеттік. Ал, сендер білесіңдерме алғашқы кітаптар қандай болған?
Балалардың жауптары: Жоқ.
Кітапханашы: Алғашқы адамдар тастарға әртүрлі жануарлардың,адамдардың суреттерін салған. Бырақта тастарта өте ауыр, ыңғайсыз болған. Кейіннен адамдар жіпті түйіншектеп кітаптар жасаған.(узелковая книга).
Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.(Слайд)
Ал Қытайда бамбуктан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.
Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.(Слайд)
Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс қолданыла бастады. Қамыста басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған Ондай кітаптардың ұзындығы 10 м жеткен.(Слайд)
Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда Перғам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген.
Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.(Слайд)
ХІІІ ғасырда Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз пайда болды.
Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.
Кітапханашы:Осылай, кітап қазірғі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған. Ал, қазірңі кітап қайдан келді. Оны өзінен сурайық.
Кітап: Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек етеді. Алдымен, адамдар орманнан ағаш кеседі, оны фабрикаға апарады, фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан адамдар оған өз шығармаларын, еңбектерін жазады, сурет салады. Баспаханалар болса, шығармалар мен суреттерді кітап, журнал, газет түрінде басып шығарады. Оны жұмысшылар машиналармен қалаларға, ауылдарға апарады. Ал енді балалалар мен туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Кітапханашы:Балалар, кітаптың шығу тарихын білдік, енді кітаптің құрылымен танысайық. (Слайд)
Кітапханашы: Балалар, бәріміз өзміздің үстімізге қарайық. Не көріп турсыңдар?
Балалардың жауптары: Киім
Дұрыс айтасыңдар, кітаптыңда сыртқы киімі болады. Ол мұқаба деп аталады.
Мұқаба дегеніміз – ол кітаптың ең сыртқы беті, былайша айтқанда үстіне киген киімі, сендердің де үстілеріңде киім бар ғой , сол сияқты кітап та
киім киеді. Ол кітапты жыртылудан, кірленуден қорғаумен қатар кітапты әдемі етіп көрсетіп тұрады.
Кітапханашы:Кітапты ашсақ не көреміз? Кітаптың беттері, яғни парақтары. Ең бірінші беті титул беті деп аталады.
Мұқабада жазылғандар Титул бетінде де қайталанады.
Кітапты жазған адамның аты – жөні, кітаптың аты, ал Титул бетінің соңында кітаптың қай жылы, қай баспадан, қай қалада шыққаны жөнінде мәлімет беріледі. (Слайд)
Авантитул дегеніміз – Титул бетіне дейінгі орналасқан бет. Бұған көбінесе баспа өзінің баспалық белгісін, ерекше б ір тақырып цитата немесе кімге арналғандығын немесе нақыл сөздерді орналастырады. Немесе кітап авторының суреті де орналасады.
Аннотацияда кітаптың не туралы жазылғандығы жайлы қысқаша ғана жазылған мағлұмат
Алғы сөзден кітап туралы, оның бас кейіпкерлері туралы, кітап авторының өмірбаяны т.б мәліметтер алуға болады.
Иллюстрация дегеніміз кітаптың суреті. Кей кітаптың суретіне қарап мазмұнын түсінуге болады.
Мазмұны.Кейбір кітаптың ішінде бірнеше әңгіме, ертегі, повесть т.б сол сияқты түрлері болады.
Солардың ішінен өзіңе керектіңді тауып алу үшін немесе кітап ішінде қандай шығармалар бар екендігін білу үшін мазмұнына қараймыз. Мазмұнында бәрі жазылып көрсетілген.
Форзац – Мұқаба мен негізгі беттерді жалғастыру үшін, қосу үшін қажет немесе негізгі бөлім мен мұқабаны жалғастырушы. Баспаның безендіру элементі ретінде қолданылады. Оқулықта форзацта негізінен формулалар, таблицалар, ережелер сендердің естеріңде жақсырақ сақтау үшін қажет.
Кітапханашы: Ал, кәнекі балалар, дәптерлерімізді ашамыз, жаңа танысқан сөздерді жазып аламыз.
Көрініс «Ескі кітап»
Автор: Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Мұрат 3 сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбінді байқап:
Анасы: -Ұлым, не болды? Біреу ренжітті ме? – деді:
Ұлы: - Жоқ
Анасы: - Енді не болды?
Ұлы: - Маған мұқабасы мыж-мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді, - деп көзіне жас алды.
Автор: Анасы Мұраттың қылығына күліп былай деді:
Анасы: - Ұлым , оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алады. Кітаптың сыртына емес ішіне үңілу керек. Ол - әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні-бауырларыңа берген жөн.
Автор: Анасының сөзін мұқият тыңдаған Мұрат кітаптарын желімдеп ретке келтіре
Кітапханашы: -Балалар, сонымен бүгін біз не білдік?
(Оқушылардың қысқаша жауптары.)
Кітап: Жақсы балалар, менің құрылымым, шығу тарихымнан маңлумат алдыңдар, ал менімен дос болғыларың келеме?
Кітап: Бәрекелді балалар! Мен сендерге ризамын. Мені басқа оқушылар күтіп қалған шығар. Сендермен қоштасайын. Сау болыңыңдар!
Кітапханашы: Кітап – адам санасын қуаттандыратын, біздің адал досымыз, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді кітап арқылы танимыз. Ол үшін кітапты көп оқу қажет екендігін жадымызда сақтай білуге, қастерлеуге, құрметтеуге ұмтылдыратын- кітап екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге, - деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі «Кітап және оның құрылымы» кітапханалық сабағымызды аяқтаймыз.
Кітапханашы: Балалар, сендерге үйге тапсырма. Бүгінгі кітапханалық сабақтан алған білімдеріңе сүйене отырып өз қолдарымен кітапша жасап әкелу.
Категория: Начальная школа | Добавил: bkenesbaeva
Просмотров: 3674 | Загрузок: 44 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 1:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru