Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (13.2 Kb) ] | 2016-01-12, 7:22 PM |
Білім көзі кітапта Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі кітаптың маңызын түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу, оларды кітаптың шығу тарихымен таныстыру. Адамгершілікке, имандылыққа баулу. Көрнекілігіне: «Кітап -ғажайып әлем» атты жаңа әдебиеттер көрмесі, кітап макеті, слайдтар, нақыл сөздер: 1. «Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!» Н.Ә.Назарбаев 2. «Кітап – білім бұлағы, Білім өмір шырағы» Сабақтың барысы: 1. Кіріспе сөз. Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі біздің сабағымыз дәстүрлі емес, кітапханалық сабағын өткіземіз. Кәнекей балалар, сөзжұмбақ шешіп көрейік. Кітап туралы сөзжұмбақ Сөзжұмбақтың сұрақтары 1. М.Әуезовтың кішкентай бала мен бөрінің достығы туралы повесі (Көксерек) 2. Жаңа Әнұран сазгерінің есімі (Шәмші) 3. Педагог сөзінің баламасы - ұстаз. 4. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, Артық білім – кітапта, ерінбей оқып көруге» өлең жолының авторы (Абай) 5. Кітаптардың атасы (Әліппе) к і т а п Кітапханашы: Балалар, бүгінгі кітапханалық сабағымыз кітап туралы болады. Кітап-білім мен тәрбие беретін құрал. Ол біздің рухани қазынамыз. Алғаш мектеп есігін ашқанда, кітап ұстап, кітаптан білім аламыз. Кітап –қай кезде де білім қазығының ғажайып қоймасы. Алғаш жазу жазасың, әріп танисың. Ал оның бәрін, әрине мұғалім, тәрбиеші, ата-ана, ата- әжелерің үйретеді, ал олар ол білімді қайдан алады, әрине кітаптан алады. Өйткені, кітап арқылы біз өмірге үйренеміз, біліміміз молаяды, көп үлгі-өнеге, тәрбие аламыз. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп бекер айтпаса керек. (Сол кезде біреу есікті қағады..... Кітапханаға кітап киіміндегі оқушы кіріп келеді ) Кітап: Уф, әзер жеттім ғой... - Сәлеметсіңдер ме балалар, мен білім кілті - кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек етеді. Алдымен, адамдар орманнан ағаш кеседі, оны фабрикаға апарады, фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан адамдар оған өз шығармаларын, еңбектерін жазады, сурет салады. Баспаханалар болса, шығармалар мен суреттерді кітап, журнал, газет түрінде басып шығарады. Оны жұмысшылар машиналармен қалаларға, ауылдарға апарады. Міне, енді мен сендердіің араларыңа жеттім. Мен сендердің достарыңмын! Кітапханашы: Ал, ендеше қош келдің, қымбатты досымыз - Кітап, бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайтыңыз! Кітап: - Балалар, сендер менің шығу тарихымды білесіңдер ме? Кітапханашы: Жақсы досымыз – Кітап. Үйден дайындап келген қызықты әңгімелерін, кітаптың шығу тарихын 6 сынып оқушылары айтып береді. Айбол: - Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Ақбота: - Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған. Жұпар: - Ал Қытайда бамбуктан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған. Аян: - Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған. Гүлім: - Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс қолданыла бастады. Қамыста басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған. Аян: - Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда Перғам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген. Мадина: - Осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылды. Айбол: - Ал Пергам патшалығы біздің дәуірімізге дейін 283-133 жылдар аралығында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған. Аят: - Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған. Гульдана: - Біздің заманымыздан ІІ ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді. «Кітап» - арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замани сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы, алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Еркежан: - Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей елінде «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста», Юнан грек тіліндегі «Інжу», араб тіліндегі «Құран». Мадина: - Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліқ», Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» тағы да басқа кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Кітап: Ой, бәрекелді, өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіндер. Міне, өстіп мен өмірге келдім. Ал енді балалалар мен туралы қандай тақпақ білесіңдер? Кітапханашы: Досымыз – Кітап сәл сабырлық сақтаңыз. Қазір біз оқушыларды екі топқа бөліп, сабағымызды сайыс ойын ретінде өткізейік. Көрермендердің ішінен әділқазылар алқасын сайлап алайық. Өзіңізде отырып, оқушылардың білімдерін байқап көріңіз. Кітапханашы: Балалар, сайыс сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып кетейін Сайыс сабағымыз 7 бөлімнен тұрады * «Кітапхана» * «Жұмбақ» * «Киелі жеті» * «Мақал – мәтел айдын көл» * «Жеті жұрттың тілін біл» * «Викториналық сұрақтар» * «Үй тапсырмасы» 1 бөлім «Кітапхана Кітапханашы: Балалар, көп кітаптар сақталатын жерді қалай атайды? (Балалардың жауаптары - Кітапхана) Жақсы, енді осы «Кітапхана» сөзіне ең көп мағыналы сөз шығару керек. Мысалы: кітап, ана, ат, апа...... Қай топ көп сөз құрайды, сол топ жеңеді. 2 бөлім «Жұмбақ» Кітапханашы: Енді жұмбақтар шешіп көрейік. Экранға назар салыңдар. Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат, алмас пышақ. Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. Үкі. Екі бала қатар тұрса да, Бірін – бірі көрмейді. Көз. Өздігінен жүрмейді жарыспайды, Кісі мінсе жарыстан қалыспайды Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз, Сағатта талай жерді қарыштайды. Екі аяқты темір тұлпар. Әкесі тышқан, Шешесі құстан. Жарқанат. (Экраннан түрлі жұмбақ жасырылып, жауабы шешіледі) - Балалар осындай қызықты жұмбақтар мен сұрақтардың жауаптары туралы толық мәліметті төмендегідей кітаптардан оқи аласыңдар. «Табиғат ғажайыптары» «Күштің сыры неде?» авторы Ричард Хаммонд «Адам денесі» - Бұл кітаптарды біздің мектеп кітапханасының таба аласыңдар. 3 бөлім «Киелі жеті» Кітапханашы: Балалар, слайдта берілген сұрақтарға кім жауап береді, сол топқа көп ұпай қосылады. Жеті жоқты ата. Жеті байлықты ата. 1. Жерде өлшеуіш жоқ 1. Әуелгі байлық - денсаулық. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 2. Екінші байлық - еркіндік. 3. Таста тамыр жоқ 3. Үшінші байлық-қайрат – күш. 4. Тасбақада талақ жоқ. 4. Төртінші байлық- тіл байлық. 5. Аллада бауыр жоқ. 5. Бесінші байлық - ақ жаулық. 6. Аққуда сүт жоқ. 6. Алтыншы байлық - балаңыз. 7. Жылқыда өт жоқ. 7. Жетінші байлық - жүз саулық. 4 бөлім «Мақал - мәтел - айдын көл» Кітапханашы: Енді сөз өнерінің қазынасы болып табылатын «Мақал – мәтел –айдын көл» бөліміне тоқталайық. Бұл бөлімде менің қойған сұрақтарыма сәйкес мақал – мәтел айтуларың керек. (Сұрақтар экраннан беріледі) 1. Жыланды інінен қайтіп шығарамыз? 2. Инемен құдық қазуға бола ма? 3. Қар жана ма? 4. Қой мен қасқыр ойлана ма? 5.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр? - Рахмет. Мақал – мәтелдерді де жақсы біледі екенсіңдер. Өз білімдеріңді жақсы көрсете білдіңдер. Білімдерің мен сөз қорларыңды, ой - өрістеріңді ары қарай дамыту үшін мына көрмеге қойылған кітаптарды да ұсынамыз. 5 бөлім «Жеті жұрттың тілін біл» ( жауаптың 3 тілдегі нұсқасын айтулары керек) 1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі? (көктем, весна, спринг) 2. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ. Тоны бар, киеріне шапаны жоқ Пайдасы үй ішінен табылған соң, Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық, кот, кәт) 3. Футболшының алдындағы ойын заты? (доп, мяч, бол) 5. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы? (ит, собака, док) 6. Ұшқан ... , жүгірген аң – бәрі тамақ (құс, птица, брик) 6 бөлім Үй тапсырмасы. Кітап туралы көрініс көрсету Көрініс «Ескі кітап» Автор: Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Мұрат 3 сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбінді байқап: Анасы: -Ұлым, не болды? Біреу ренжітті ме? – деді: Ұлы: - Жоқ Анасы: - Енді не болды? Ұлы: - Маған мұқабасы мыж-мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді, - деп көзіне жас алды. Автор: Анасы Мұраттың қылығына күліп былай деді: Анасы: - Ұлым , оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алады. Кітаптың сыртына емес ішіне үңілу керек. Ол - әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні-бауырларыңа берген жөн. Автор: Анасының сөзін мұқият тыңдаған Мұрат кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады. Көрініс « Ғажайып түс» Автор: Баяғы өткен заманда бір оқымысты бала өмір сүріпті: Ол кітапты көп оқиды. Бір күні кітап оқып отырып көзі ілініп кетеді. Сөйтіп ол бір ғажайып түс көреді. (Түсінде бір ноутбук ұстаған қыз баламен кездеседі) Гүлім: Сәлеметсің бе! Аян: Сәлем Гүлім: Сенің қолыңдағы ұстап тұрған қандай нәрсе? Аян: Бұл кітап. Кітаптан көп қызықты ертегілер, өлеңдер, батырлар туралы жырлар, ақындардың өмір баяндарын оқуға болады. Ал, сенің қолындағы ұстап тұрған қандай зат? Гүлім: Бұл ноутбук. Бұның ішінен өзіме керекті мағлуматтарды тауып аламын, достарымен сөйлесем. Аян: Ендеше екеуіміз ауысайық. (Екеуі ауысады) Аян: Бұл ноутбугің қалай қосылады. Гүлім: Мына тетіктерді басасың. Аян: Ой, мынауың қосылмайдығой. Гүлім: Қуаты таусылып қалған шығар. Аян: Онда екеуміз бірге кітап оқиық. Гүлім: Ноутбуктан қарағанда кітап жақсырақ екен. Енді мен көп кітап оқитын боламын. (Бала түсінен оянады) Аят: Мен түсімде бір бейтаныс затты көрдім. Ол маған ұнады. Бірақта мен кітапты ешқандай нәрсеге айырбастамаймын. Өйткені кітап біздің рухани сарқылмас қазынамыз. Бәрі білім көзі кітапта. Кітапханашы: Балалар, біз қай облыста, қай қалада тұрамыз? (Оқушылардың жауабы….. Семей қаласы, ШҚО) Дұрыс балалар. Әркім өзінің тұрған қаласының, өңірін тарихын білу керек. Бүгінгі сендерге қойылатын викториналық сұрақтар өзіміздің өлкемізге байланысты болады. 7. Викториналық сұрақтар. ( Әрбір жауапқа бір жұлдызшадан беріледі. Викторина соңында ең көп жұлдызша жинаған топ жеңеді.) 1. Семей қаласы қай жылы құрылған? 2. Қаламыздың таңбасында не бейнеленген? 3. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? 4. Шығыс Қазақстанда қандай көл бар? 5. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен бас жүлде алған қай әнші? 6. Төлеген Тоқтаровқа қандай атақ берілді, және қай жылы? 7. Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылар 8. Президент Жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? 9. Абай Құнанбаевтың қанша поэмасы бар? Қорытынды Марапаттау кезеңі: (Әділқазылар алқасы сөз алады.) Кітапханашы: -Балалар, сонымен білім көзі кітапта дегеніміз не? (Оқушылардың пікірлері..... -Іші білім мен сырға толы досымыз.) Кітап: Бәрекелді балалар! Сендер көп нәрсені білесіндер екен. Мен сендерге ризамын. Мені басқа оқушылар күтіп қалған шығар. Сендермен қоштасайын. Сау болыңыңдар! Кітапханашы: Кітап – адам санасын қуаттандыратын, біздің адал досымыз, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді кітап арқылы танимыз. Ол үшін кітапты көп оқу қажет екендігін жадымызда сақтай білуге, қастерлеуге, құрметтеуге ұмтылдыратын- кітап екендігін ұмытпағанымыз жөн. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл, терең білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге, - деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі «Білім көзі кітапта» атты кітапханалық сабағымызды аяқтаймыз. Кітапханашы: Балалар, сендерге үйге тапсырма. «Білім көзі кітапта» тақырыбында шығарма жазу. | |
Просмотров: 2289 | Загрузок: 27 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|