Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (56.4 Kb) ] | 2016-01-16, 11:01 AM |
Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем Сілтеме: Қазақ тілі.4 сынып , Алматы кітап баспасы, 2015 ж. Жалпы мақсаттар: Білімділігі: Оқушылардың сөйлем туралы алған білім –білік дағдыларын кеңейту. Құрмалас сөйлем туралы бастапқы түсінік беру. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру. Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып тіл байлығын, ой қорыту машығын арттыру. Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқыту нәтижесі: Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын білу. Топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптастыру. Өз ойларын еркін айта білуі. Тапсырмаларды жүйелі, талдай отырып орындату. Негізгі идеялар: Сөйлемнің жай және құрмалас түрлері жайлы білімдерін бекіту. Ұйымдастыру «Мақсатымыз - білім алу, Міндетіміз – еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, «5»-ке қолды жеткізу.» Тапсырмалар: 1. «Ой қозғау» 1-тапсырма: схема бойынша сөйлем құрастыру. , . 2. «Мағынаны тану» а) Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді теріп жаз. 3. «Оқулықпен жұмыс» а) 2-жаттығу. Мақал-мәтелдерден тұрлаулы мүшелерді тап. ә) 4-жаттығу. Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен жаз. Арасында құрмалас сөйлемдер болсын. 4. «Топтық жұмыс» Сурет бойынша сөйлем құрастыр. 5. «Ойтолғау» Жаңа тақырыпты бекіту, қайталап қорытындылау 5-жаттығу. Құрмалас сөйлемдер мен жай сөйлемдерді екі қатарға бөліп жаз. Бағалау критерийі: 1- тапсырма: (сөйлем құрастыру) 2 -тапсырма: 1-жаттығу 3- тапсырма: а)2-жаттығу ә) 4-жаттығу 4- тапсырма: Топтық жұмыс (әр топ сурет бойынша сөйлем құрастырады) 5-тапсырма: (5-жаттығу) Ұпайлар: 1- ұпай – түсіндірмей орындаса ; 2-ұпай – түсіндіре отырып орындаса; 3-ұпай – толық мазмұнын ашып, талдаса; Қорытынды баға: 0-7 ұпай – «3» 8 -14 ұпай – «4» 15-18 ұпай –«5» Үйге тапсырма: 62 бет. 3-жаттығу | |
Просмотров: 2397 | Загрузок: 28 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|