Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (65.4 Kb) ] | 2016-02-05, 2:37 PM |
Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау. Сабақтың мақсаты: Орманның жалпы адамзат тіршілігі үшін, өсімдіктер мен жануарлар үшін пайдасын жете түсіндіру. Оны қорғаудың маңыздылығын ұғындыру. Білімділік: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру. Дамытушылық: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру. Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Қазақстан картасы, таратпа, сызба нұсқалар, бейне таспа. Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. Әдіс-тәсілдері: іздену, сұрақ-жауап, картамен жұмыс, жеке және жұптық жұмыс. Пәнаралық байланыс: математика, экология, ана тілі, қазақ тілі. Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі: бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатысты оқу – құралдарын тексеру. 2. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Сұрақ-жауап. 2. Өзіндік жұмыс. 3. Жаңа сабақ. Орманның пайдасы және оны қорғау. 1. Орман ағаштарынан алынатын өнімдер: тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдары, құнды аң терілері, құстардың мамығы, жеміс-жидек, киім, азық-түлік. • Тұрмыстық бұйымдары: үстел, орындық, сөрелер, есік, терезе, бесік, кереге т.б. • Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар... • Темір жолшы: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер... • Дәрі – дәрмек жасаушылар: ағаштан алынған дәрі – дәрумендер... • Инженер: жасанды табиғи жолмен алынған маталар, жіптер... 1. Экология пәні жалғастырады: Орман табиғаттың тарту еткен байлығы, баға жетпес халық қазынасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік. Орманның маңызы. 1. Ауаны оттегімен байытады. Жер бетіндегі оттектің 60% ормандар береді. Бір ағаш тәулігіне 3 адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг көмір қышқыл газын сіңіреді. 2. Климатты жақсартады. Ормандар суықтың, құрғақ желдің әсерін әлсіретіп, климатты жақсартады. 3. Топырақты құрғақшылықтан сақтап, топырақта ылғалдың сақталуына, құнарлылығын сақтауға жағдай жасайды. 4. Орман су ресурстарын қорғайды. Ашық жерлерге қарағанда ормандарда қардың еруі жай жүретіндіктен, су көздеріндегі судың деңгейі реттеліп, тасқынды болдырмайды. 5. Егістікте күздік дақылдарды желден, суықтан қорғап үсіп кетуден сақтайды. 6. Орман атмосфераны фитонцидтермен байытады. 1га жерге егілген ормандар тәулігіне 30кг дейін фитонцидтер бөледі, бұл бір үлкен қаланың ауасын тазартуға жетеді. Фитонцидтер дегеніміз – ауру тудыратын бактерияларды жойып жіберетін ұшқыш заттар, тірі организмге зиянды әсер ететін түрлі қосылыстар мен шуды, шаңды сіңіреді. Сұрақ-жауап. 1. Орманның шаруашылық және адам өмірі үшін маңызы, яғни пайдасы бар ма? 2. Орманнан қандай заттар алынады? Кітаппен жұмыс. 4. Жаңа сабақты бекіту. Орман-жомарт табиғаттың адамзатқа тартқан сыйы, мол байлықтың қасиетті қоймасы. Ол «Жайқалған жасыл теңіз». Жерімізді көріктендіріп, өзінің қалың бояуымен, құстардың сайраған әсем әуенімен, жапырағының сырлы сыбдырымен адамды шаттыққа бөлейді. Орман-тоғай баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. «Орман ән салсын десек» анимациялық фильм. Фильм бойынша сұрақ-жауап. - Өрт неден шықты деп ойлайсыңдар? - Орманның табиғи күйін сақтау үшін, немесе орман ән салсын десек, сендер өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер? - Әр адам не істеу керек? Білімдерін шыңдау (Жұптық жұмыс) Есеп шығару. 1. (дәптерге орындайды), 60 кг макалатура 1 га орманды шабудан сақтайды, ал 180 кг макалатура тапсырсақ неше тонна орманды сақтайды екен? Есептеңдер. 2. 1 тонна макалатурадан 25 мың оқушы дәптерін дайындауға болады. Егер біздің сынып оқушылары 5 тонна макалатура жинап тапсырсақ қанша оқушы дәптерін дайындауға болады? Жаңа терминдер ойыны: Оқушылар әріпті таңдайды, әріпке байланысты терминге сипаттама немесе сұрақ қойылады. Ф – фитонцид дегеніміз не ? М – макалатура дегеніміз не ? О – адам тыныс алғанда қандай газды жұтады ? К – адам тыныс алғанда қандай газды шығарады ? Экологиялық диктант. Диктантта мәтініне сәйкес сөйлем ішінде түсіп қалған жеке сөздерді орын – орнына тауып жазу көзделеді. сөйлемдер Қажетті жауаптар 1. Жер бетіндегі ..................... 60% ормандар береді. 2. 1 ағаш тәулігіне ............ тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. 3. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг ..................... сіңіреді. 4. Орман атмосфераны ............................. байытады. 5. Ормандарды .................... біздің міндетіміз. Оны қалпына келтіру үшін көктемде немесе күзде жас .................. отырғызады. 1. Көмірқышқыл газын 2. Фитонцидтермен 3. Қорғау, көшеттерді 4. Оттектің 5. 3 адамның Қорытынды: Венн диаграммасы. Көрікті даламыздың ормандары, Орман деген аң, құстың қорғандары. Осындай байлықтарды қорғаймыз деп, Адамдардың дұрысқой толғанғаны. Үйге тапсырма. Бағалау | |
Просмотров: 1583 | Загрузок: 9 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|