Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2016-03-31, 8:19 PM | |
Панорамалық сабақ Сабақтың тақырыбы: Азық-түліктер (қайталау сабағы) Сабақтың мақсаты: білімділік: өткен сабақтарда алған білімдерін қоытындылау. дамытушылық: танысып өткен сөздерді қоғамдық ортада, ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдана білуге үйрету, тілге деген қызығушылықтарын арттыу. тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушыларды жылдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәбиелеу Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ –жауап, топтық жұмыс, интеллектуалды ойын. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі карточкалар, алтын сандық Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) шаттық шеңберін құру Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Баршаңызға құрметпен Бас иеміз біз ә) оқушыларды түгендну ІІ. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасын сөзжұмбақты шешу арқылы бекіту, сонымен бірге қайталау сабағымыздың тақырыбын ашу. Интерактивті тақтада 1-слайд (флипчарт) 1. Ас атасы – не? 2. Оқу құралы. 3. Нан сатылатын жер 4. Күздің екінші айы. 5. Сүттен жасалатын тағам? 6. «Колбаса» сөзінің аудармасы? 7. Әкемнің әкесі. 8. «Кішкентай» сөзінің антонимі 9. Ешкінің төлі - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтеді. Біз «Алтын сандық» ойынын ойнаймыз. 1.Сыныпты екі топқа бөлу: 1 топ: «Алғырлар» 2 топ: «Білгірлер» 2. «Алтын сандық» ойынының кезеңдерімен таныстыріу. 1-кезең: «Тас сандықтың тапсырмасын орындау» Сурет бойынша әр топ үш сөйлемнен құрастыру. Интерактивті тақтада 2-слайд «Сөз ұйқасын тап» ойыны, Интерактивті тақтада 3-слайд 2-кезең: «Күміс сандықтың» тапсырмасы Мына сөздер мен сөз тіркестерін қазақшаға аударыңдар. (екі топқа үлестірмелі карточкалар таратылады) «Адасқан әріптер» ойыны Интерактивті тақтада 4-слайд 3-кезең: «Алтын сандықтың» тапсырмасы, Берілген сөздерге тиісті әріптерді қойыңдар. Әр топ бір сөзден таңдап алып, фонетикалық талдау жасату «Кім жылдам?» ойыны Интерактивті тақтада 5-слайд Кестені толтыру «Алғырлар» тобы «Тапқырлар» тобы Ет тағамдары: Сүт тағамдары: ІІІ. Сабақты бекіту. «Азық-түлік» сөзіне ассосация жасау ІҮ. Сабақты қорытындылау Ұпай сандарын есептейді. Топтың жұмыстарын марапаттау, бағалау («Алтын сандық» ашылып, ішінен қима бестік сандарын белсене қатысқан топ мүшелеріне тарату) | |
Просмотров: 800 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|