Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (19.8 Kb) ] | 2016-05-10, 12:47 PM |
Павлодар қаласы №7 ЖОББББММ Бастауыш сынып мұғалімі: Бердіхан Еркегүл Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жеңіс» Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақ стандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. 2.Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. 3.Тәрбиелілік: Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! 2-жүргізуші: Баршаңызды! Баршаңызды! 1-жүргізуші:7 -мамыр Отан қорғаушылар күнімен... 2-жүргізуші: 9-мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесімен... Екеуі қосылып: Шын жүректен құттықтаймыз!!! 1-жүргізуші: Бұлт түнеріп аспаннан, Талай көзден жас тамған. Тұтқиылдан жау тиіп, Қырғын соғыс басталған. 2-жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. (Соғыс туралы өлең жолдары айтылады.) Слайд көрсету. 1-оқушы: Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні, Жақсы үміттің шырағы жанды міне! Аспан бетін қаптаған қара тұман, Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні. 2-оқушы: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті, Жер бетінен жамандық мүлде үрікті. Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз. Аспандатып жырлаймыз жақсылықты. 3-оқушы: Жеңіс күні ардагерлер әперген, Желбіретіп қызыл туды көтерген. Туған елін жау қолында қалдырмай, Ерлікпенен ел парызын өтеген. 4-оқушы: Он сегізде соғыс атты от кешкен, Жараланып жас денесін оқ тескен, Аталарым, ардагерлер, болшы аман, Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен. 5-оқушы: Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші, Арамызда ардақ болып жүріңдерші! Құрметтейік жеңісті мамырдағы, Бақыттан рахаттанып күліңдерші! Ардагер аталарға мың алғыс! Қызығын сыйлаған бұл дүниенің. Келешек ұрпағының бақыты үшін, Батырлықпен қорғаған жаудан жерін. 1-жүргізуші: Соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. 2-жүргізуші: Қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда жазған сағыныш хаттарынан үзінді. Бұл 1942 жылдың 22-қыркүйегі еді. Мәншүктің хатын оқу: Қымбатты апатай! Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп-ақ . Қолыңызды қытты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдандас жолдастарым сізге сәлем айтып жатыр! Би. «Сарбаздар» ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ. ОТАН ҮШІН ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДА Көрініс: (үнтаспадан Ұлы Отан соғыс туралы ән қойылады). Ж.Жабаев өз ұлын соғысқа аттандыру сәті, қоршаған халық. 1-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқандар. Екеуі кезекпен: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нұркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды. 2-жүргізуші: Мақал сөздің мәйегі, - дегендей.. 1-жүргізуші: Батырлық пен батылдық ... 2-жүргізуші: Ерлік пен елдік ... 1-жүргізуші: Батыр мен қорқақтық... 2-жүргізуші: Ер жігіт туралы мақал-мәтел сайысына шақырамыз. (Ортаға мақал-мәтел сайысына қатысушылар шығады.) Сабақты қорыту. - Жеңіс деген сөзді қалай түсіндіңдер? - Батырлық, батылдық деген сөздер қандай ұғым береді? - Бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма? Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер. 1-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігерленген құштарлықтың құралы Күрескердің арманы мен ұраны Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 2-жүргізуші: Соғыстың өрті жанбасын, Сәбилер жетім қалмасын. Есігінде әр үйдің, Бесігінде сәбидің Мәңгілік бақыт орнасын, Екеуі қосылып: Болмасын, соғыс болмасын! Хор: «Жойылсын соғыс» әні. | |
Просмотров: 707 | Загрузок: 8 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|