Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2017-01-11, 11:09 AM | |
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтқожанова О.С. Сабақ мақсаты: Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды елдің азаматы болуға баулу. Міндеттері: Туған ел, өскен ортаның адам үшін маңыздылығын ұғындыру. Оқушылардың елге деген жанашырлық, қамқорлық,адалдық қасиеттерін дамыту . Жігерлікке, шыншылдыққа,намыстылыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті. Су түбіне саяхат Сабақ барысын талдау: 2. Үй тапсырмасын тексеру 38-39 бет С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін» . Мазмұндау. - Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсінесіңдер? - Сендерге өз елің несімен қызық? - Өз еліңді сүйетініңді қалай дәлелдейсің? Оқулықты қолдану 3. Сабақтың дәйек сөзі: «Ел іші - алтын бесік» Халық мақалы Мұғалім сөзі: Ел іші алтын бесік-деп бекер айтылмаған. Әрбір адам туғаннан-ақ ел бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәбиеленеді. Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықпен білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші. Оқушылар пікірі. АЗАМАТ сөзіне сипаттама береді. А З А М А Т Дәйексөзді бірнеше рет оқып мағынасын ашу 4. Оқиғаларды әңгімелеу Жас және тамаша ақын бала Жамбыл Дуйсеновтың еліне құрмет. Өз елінің патриоты ретінде шығарған өлеңін көрсету. - Оқушыларға осы өлең бойынша талдау, пікірталас ұйымдастыру. - Оқушылар патриоттық бағытта білген өлеңдерін айтады. Пікірлесу сұрақтары арқылы баланың өмір жайлы түйген ойларын ортаға салу. Дұрыс бағыт – бағдар көрсету. 5. Шығармашылық әрекет (Топтық жұмыс) 1- Тапсырма • Өз елі туралы топпен сурет салу. Топпен жұмыс жүргізіледі 6. Топпен ән айту. «Өз елім» әнін айту Экраннан «Өз елім» әнінің бейнебаяны көрсетіледі 7. Үйге тапсырма 44 бет мазмұндау 8. Соңғы тыныштық сәті Сабақтан алған әсерлері бойынш тыныштық сәті. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін іштей сезінеді. | |
Просмотров: 935 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|