Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен
2019-12-18, 7:20 PM
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен
Білім мен бақыт, бірлік пен достық ордасы болып саналатын қазақтың қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті биыл 85 жылдық мерейтойын тойлауда. Жер шарындағы жоғарғы оқу орындарына көз жүгіртіп қарасақ, АҚШ-тың Гарвард, Еуропаның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі Кэмбридж, Англияның атақты Бристолі, Францияның Сарбонасы болса, мен Қазақстандағы шоқтығы биік білім ордасы деп Қазақ Ұлттық университетін мақтан тұтамыз. Бұл білім ордасы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайып, елімізге білімді әрі жаңа заман мамандарын даярлап, еліміздің еңселі болуына үлесін қосып жатқанына биыл 85 жыл толып жатқан оқу орны.
Алғаш рет Қазақстандық университет – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға ие болып, алға шықты. Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша, жетекші Қазақстандық университет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді.

Міне, осындай ауыз толтырып айтатындай жетістіктеріне куә бола отырып, қалай бұл университетті таңдамасқа? Қалай десек де, Қазақ Ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті, Жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасымен мақтанамыз, әрі марқаямыз. Факультетіміздің студенттерінің де өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Қазіргі уақытта университеттегі, факультеттегі барлық мерекелік іс-шаралар тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді. Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Бұл дегеніміз, факультетіміздің студенттік өмірі қызыққа толы қайнап тұрған бұлақ секілді.
Сөзімізді қорытындылай келе, біріміз осы университеттің түлегі, біріміз осы университеттің беделді оқытушысы болғанымызға қуанамыз, әрі мақтанамыз! Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Баянжановна сияқты нағыз өз ісінің мамандарымен бірге жұмыс жасау және магистранты болу үлкен мәртебе.

Ибраева Жанар Құлматқызы – Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері
факультетінің профессоры,
Құрманбек Еркежан Дәуренқызы – Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері
факультеті Лингвистика мамандығының 2-ші
курс магистратура студенті
Категория: Мой Казахстан | Добавил: kurmanbekerkezhan
Просмотров: 350 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 5:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru