Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (114.7 Kb) ] | 2011-12-12, 12:02 PM |
№ 8 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қожина Нұржамал Серікқызы Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан облысы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Туған өлке туралы оқушылардың білімдерін толықтыру. 2. Дамытушылық: . Тіл дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Солтүстік Қазақстан облысы туралы сан есімдерді пайдаланып мазмұндауға үйрету. Грамматика бойынша: сан есімді тереңірек меңгерту. 3. Тәрбиелік: Туған жерін танып, біліп, ардақтап, келкшегіне үміт артып, мақтан тұтуға тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа, дәстүрлі сабақ Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті Әдіс - тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, іздендіру. Сабақтың көрнекілігі :Интерактивті тақта(слайдтар), сызба,кітаптар көрмесі, портреттер, Кесте «Сан есім» Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: - амандасу - сабаққа бейімдеу Қайталау,үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта біз сан есімдер жайлы сөйледік. Сан есім ғажап нәрсе екен, себебі оны пайдаланып әр тақырыпта сөйлеуге болады, көп мәлімет алуға болады екен. 1. Мына сан есімдер не деп сөйлейді? 1989, 1991, 20, 22, 9, 8, 14, 1752, 1992, 16, 1993, 30, 24, 60, 7, 1936 2. Әңгімелесу. Интерактивті тақта (слайдтар) Сенің Отаның қай ел? Қазіргі Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Тәуелсіздік Қазақстан халқына не әкелді? Тәуелсіздіктің белгілеріне не жатады? Қазақстанның жетістіктері қандай? «Жері байдың – елі бай» - дейді. Қазақстан бай ел ме? Өз байлығын дұрыс пайдалану үшін республикамыз облыстарға бөлінген. 3. Үй жұмысын тексеру. Облыстардың құрылуы қай жылы басталды? ҚР неше облысы бар? Ақмола облысы туралы не білесің? Жаңа тақырып: Біздің туып-өскен жеріміз қай облыс? Сотүстік Қазақстан облысы туралы не білесіңдер? 1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Сабақтың эпиграфы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 2. Жаңа сөздер: ойпат-неизменность Құрамы-состав Құбылмалы-переменыый, переменчивый Қатал-суровый Ауыл шаруашылығы-сельское хозяйство Айналасу-заниматься Сөздердің тыңдау, оқу, қайталау, жаттау, сөздікке жазу, сөз тіркес, сөйлем құрастыру. 3. Мәтінді түсініп оқындар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. Мәтінді толықтырыңдар. Біздің өлке Мен Солтүстік қазаұстан облысында тұрамын. Бұл облыс Батыс-Сібір ойпатынан оңтістігінде орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің Ақмола, Костанай, Павлодар облыстарымен және Ресейдің Омбы. Қорған Түмен облыстарымен шектеседі. Біздің облыс 1936 жылы құрылған. Ол кезде облыстың құрамына 26 аудан, 5 қала болған. Қазір Сотүстік Қазақстан облысында 13 аудан бар. Облыстың халқы 588910 адам, жер көлемі – 98 мың шаршы километр. Біздің облыстың табиғаты әсем, ормандарымен көлдерге бай. Мында аққайыңдар көп өседі. Сондықтан біздің өлкені «аққайыңдар өлкесі» деп атайды. Облыс аумағында Есіл өзені ағып өтеді. Өлкенің ауа райы құбылмалы, қатал. Сотүстік қазақстан облысы ауыл шаруашылығымен айналысады. Еліміздің басты байлығы бидәйдың ең бағалы түрлері осы облыста өсіріледі. Облыстың Әкімшілік орталағы – Петропал қаласы. Өнер кәсіп, жоғары оқу орындары осында орналасқан. Сотүстік Қазақстан облысы – атақты халық мақтанышы болған адамдардың туған жері. Көрнекті ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, ғарышкер Александр Викторенко осы өлкеде туған. Біздің өлке жылдан жылға гүлденіп, дамып келеді. Мен өз облысымды мақтан етемін. 4. Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазып, кесте арқылы талдаңдар. Үлгі: 1936 – сан есім, күрделі, туынды, реттік. 4. Сызба арқылы мазмұндау. Интерактивті тақта. Сызбаны дәптерге көшіру. Өлең «Туған өлкем» Ө.Тұрманжанов. Оқу, түсіну, мәнерлеп оқу. Менің арманым (СҚО келешекте қалай өзгереді деп армандайсың?) 2-3 сөйлем жаз. Қорытындылау. Оқушыларға баға қою. Үйге тапсырма:СҚО туралы мазмұндау. | |
Просмотров: 4109 | Загрузок: 236 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|