Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (785.8 Kb) ] | 2011-12-21, 12:16 PM |
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ №66 ОМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ БАГРАМОВА Г.Т. Сабақтың тақырыбы: ҚАРАҒАНДЫ СУРЕТШІЛЕРІ Мерзімі:09.12.2011 Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік мақсаты:.Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан суретшілері туралы түсінікті қалыптастыру, 2. Дамытушылық мақсаты :Атақты суретшілер туралы баяндай білуге баулу,сөйлеу тілді дамыту 3. Тәрбиелік мақсаты Ұлттық өнерді,өнер адамдарын құрметтеуге шақыру,олардың өмірін үлгі-өнеге ету. көрнекілігі Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың түрі: Тіл дамыту сабағы Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, иллюстрациялар, оқулықтар, сызбалар т.б. Сабақтың әдіс тәсілі: Ұжыммен жұмыс,қайталау,суреттеу,баяндау,саралап оқыту. Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 1. Амангелді Иманов туралы әңгімелеу 2. Әбілхан Қастеев туралы 3. Сөздік:бейнелеу өнері,портрет,графика,характер,культура, ІІІ. Өткенді қайталау: -Әбілхан Қастеев кім? -Ол кімнің суреттерін салды? -Суретші не істейді? -Аманелді Иманов кім? Етістіктің қандай түрлері бар? 4.Жаңа сабақ. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау 4.1.Мәтінмен таныстыру,сөздікпен жұмыс 4.2.Жаңа сөздер: Жалыққан емес-не переставал рисовать, Кеншілер-шахтеры Кәсіпқой-професиональный Сүйіспеншілік,құштарлық-любовь Майдангер-фронтовик Соғысқан-воевал Негін салушы-основоположник (жаңа сөздер сөйлейді,анимацияны қосу) Мәтінмен жұмыс: Есіркеев Райымқұл - суретші-кескіндемеші,Ұлы Отан соғысының ардагері Негізінен пейзаж және портрет жанрларында еңбек етті.Райымқұл 1921 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1968 ж. «Абай портретін» жазды .1948 жылдан Қарағанды қаласында тұрған. Р.Есіркеев шығармаларының басты тақырыбы адам. Ол ешқашанда сурет салудан жалыққан адам емес, керісінше көптеген композициялы портреттер, жай портреттер салған. Бұл көбіне шопандардың, артистердің, кеншілердің,Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жəне тағы да басқа еңбек адамдарының бейнелері. Суретшінің полотналары,портреттер жəне пейзаждар, тақырыптық жəне өндірістік картиналары, оның əрбір жұмысы өте шебер салынған,сондықтан туған жеріне, еліне, сүйікті адамдарына арналған, үлкен махаббатқа және құштарлыққа толы. Есіркеев - Қарағанды қаласы бойынша кəсіпқой суретші атағына ие болған қазақ ұлтынан шыққан алғашқы суретші. Әмен Хайдаров - белгілі режисер-аниматор, суретші, сценарист. ҚазКСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақ мультипликация өнерінің негізін салушы. 1942 жылдан бастап Харьковта 57 миномет полкінде соғысқан ,Сталинград майданының қатысқан майдангер. ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің, «Сталинградты қорғағаны үшін» медальінің иегері.Оның шығармалары: «Ақсақ құлан», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Құйыршық» ІV. Жаңа сабақты бекіту 1. Мәтінді оқу,аудару,сөз мағынасын түсіну 2. Мәтінге сұрақ қою 3. Мәтіндегі жай сөйлемдерді және құрмалас сөйлемдерді табу 4. Білеміз,білдік,не білгіміз келеді? Кестесін толтыру Әбілхан Қастеев Шоқан Уалиханов Әмен Хайдаров Әлем суретшілер Райымқұл Есіркеев Қазіргі суретшілер? 5 Жай сөйлемнің және құрмалас сөйлемнің ережесін қайталау,ереже дәптермен жұмыс 6. Жаңа сөздермен жай және құрмалас сөйлемдер құру V. Қорытындылау, бағалау VI. Үйге тапсырма: мәтіндерді мазмұндау,тапсырмаларды деңгейлеп беру В-презентация дайындау А-1 реферат дайындау А-2-Қазіргі Қазақстан суретшілері туралы ақпарат жинау P.S.сабақ презентациясымен ұсынылды. | |
Просмотров: 9157 | Загрузок: 869 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|