Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (34.5 Kb) ] | 2012-01-24, 9:13 PM |
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік –тәу етер жалғыз киең Сабақтың мақсаты: 1)Халқымыздың сан ғасырлық арманы –тәуелсіздік ұғымына кеңірек тоқталу 2)Жас ұрпақтың бойын ертеңге деген сенім мен ел болашағына деген дүниетанымын кеңейту 3)Отанды сүюге, ұлтымыздың өткенін құрметтеп өсуге тәрбиелеу Көрнекілігі: Ел рәміздері, Ж.Ерманның , Н.Айтұлының жыр жинақтары Барысы: Құрметі оқушылар , қонақтар ! Биыл ел тәуелсіздігіне 20 жыл . Жер бетін мекендеген ұлт пен ұлыстар үшін тәуелсіздік ұғымынан асқан бақыт болған емес.Біздің ата –бабаларымыз аманат еткен еліміздің тәуелсіздігі– шын мәнінде айрықша тағдырдың тартуы. Жылнама парағына тізіп келген, Тарихыңның бетінен үзік көргем. Сан ғасыр аттан түспей ата-бабам, Шекараны қанымен сызып берген. Қазақ халқы– ер жүрек ,достыққа адал , қонақжай , бауырмал ел. Бұл күнде 130-дан астам ұлт пен ұлыс Қазақстанда тату-тәтті тұрып жатыр.Бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық қарым қатынас орнатқан қазақ елі бүкіл әлем таныған іргелі елге айналғанын мақтанышпен айтамыз. Қазақстан –Отаным, аймағыңнан, Айналдым айбарыңнан-байрағыңнан. Келмейді күндіз күлкім, түнде ұйқым, Дұшпаның көз салар деп қай жағыңнан. (Оқушылардың жаттаған өлең жолдарына кезек беру) Бойымызға бабамыздың қанымен, анамыздың сүтімен дарыған асыл қасиетеріміз–даламызға тән дархандық , жерімізге тән мырзалық , өзендеріміздей тереңдік, тауларымыздай асқақтық дарыған біз шынында бақытты ұрпақпыз. Тәуелсіздік секілді киелі ұғымды сенініп өсуіміз керек екенін естен шығармағанымыз жөн . Бұл айтыла салатын әсіре қызыл сөз емес. Тәуелсіздік ішінде қанша бабаларымыздың қаны, аналарымыздың жасы төгілді. Тарихтың доңғалағымен айналып батырларымыздың басы кетті, қаншасы көмусіз қалды, қаншасы жат жердің топырағын жастануда. Жүрседе қонақ кетпей төріңнен де, Не жетсін шындықты айтып өрілгенге. Ерлерім безінбесін елімнен де, Қызғыш құс безінбесін көлімнен де, Исатайдай ер өткен қабақ шытпас Халқы үшін қабырғасы сөгілгенде. Түркі рухы тапталды хан Кене мен Кейкінің ғаззиз басы бөлінгенде. Махамбеттей ерлердің алтын басы Олжа бола бермесін көрінгенге. Тәуелсіздік жолында халқымыздың тарихында ірілі-ұсақты бірнеше соғыстар өткені тарих беттерінен белгілі.Тоталитаризмге қарсы наразылықтың ең соңғысы– 1986 жылы Алматыда өткен Желтоқсан оқиғасы.Қарусыз алаңға шығып ,көктемнің алғашқы үсігіне ұрынған қызғалдақтай көкөрім жастарымыздың арманы да осы –Тәуелсіздік еді. 22 жасар Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков бастаған жастар кешегі Махамбеттей бабаларымыздың тәуелсіздікке деген махаббатын жалғаған еді. Болғанда түркі жұрты тегім менің, Қаймығып қарыс жерге шегінбедің. Патшаның көп әскері келмегенде, Тарланым өз күшіңе сенімді едің. Шен беріп старшын қып сайласа да, Билікке құмар болып семірмедің. Білемін қалың елдің қайғы-мұңы, Күйзелтіп қабырғаңды кеміргенін. Шонжардың зәре-құтын алған талай, Тақымдап көк бестіні тебінгенің. Әз басың иығыңнан бөлінгенде, «Қазақ» деп қимылдапты-ау еріндерің... ...Махамбет жағып кеткен сол бір отты, Өшірмей Қайрат боздақ сен үрледің. Қазаққа көз тіккенде бүкіл әлем, Империя мойындады жеңілгенін. Ұлыңның басы түгіл шашын енді, Дұшпанға бере көрме елім менің! Осындай тілекті өлеңжолдарымен бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз. Еліміздің іргелі берік, аспаны ашық болсын! | |
Просмотров: 1943 | Загрузок: 207 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|