Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Қазыбек би мен Бұқар жырау.
[ Скачать с сервера (41.0 Kb) ] 2012-01-31, 5:35 PM
I Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау.

II Сабақтың мақсаты: Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре
түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау
туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – ой-саналарын оятып, жақсы мінезге,
байқағыштыққа, сергек те зерек болуға
үйрету.
Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да
ойлы сөйлеуге баулу.

III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.

IY Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары.

Y Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылықты ояту бөлімі.

«Иә», «Жоқ» стратегиясы

1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?
2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма?
3. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба?
4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба?
5. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?
6. Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме?
7. Шешендік сөздерді аталы сөз деуге бола ма?

Мағынаны тану бөлімі.

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665-1765) – қазақ халқының XYII-XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме-дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.

Сөздікпен жұмыс.

Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.

• «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін.
• 3-4 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре оқыттырамын.
• Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін қайталап электронды оқулықтан тыңдатамын.

Толғаныс бөлімі.

1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?

- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа ұқсас.)
- Дұрыс-ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?

Қосымша жадығат:

Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.

Он бір - қара жұмбақ
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Сөздікпен жұмыс:
Білеу – қамшы.
Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал.
Торқа – бағалы жібек мата.

Үйге тапсырма: шешендік сөзді жаттау. Қазыбек бидің жауабын өз ойларыңша таратып, ойтолғау түрінде жазып келу. Сөздікте берілген ұғымдарды жаттау.

С.Мамбеталиев
Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Т.Жароков атындағы ЖББОМ мұғалімі
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Megaberish
Просмотров: 4214 | Загрузок: 252 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 7:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru