Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (30.0 Kb) ] | 2012-02-02, 4:45 PM |
Ыбырай Алтынсарин. «БАЙ БАЛАСЫ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ» (6 сынып) 1. Білімдік: Ыбырай Алтынсариннің педагог – жазушы екенін таныту, балаларға арнап жазған өлең, әңгімелерімен таныстыру. 2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткізу, мәнерлеп оқу, сауатты жазу, ауызша сөйлеу тілін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай Алтынсариннің портреті, суреттер, деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, компьютер арқылы көру. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен сабаққа дайындығы тексеріледі, сұрақ – жауап әдісі арқылы шағын әңгімелесуден басталады: Кезекшімен сұхбат. Тіл дамыту сұрақтары: - Бүгін айдың нешесі? - Бүгін желтоқсанның 20- сы - Аптаның қай күні? - Сәрсенбі. - Жылдың қай мезгілі? - Қыс. - Ауа райы? - Сынып бағанасы 10 градус суық. - Қазір қай сабақ? - Қазір қазақ әдебиеті сабағы. - Әдебиет деген не? - Асыл сөз. Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Компьютерден тыңдау ) - Балалар, Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы педагог – жазушы. Ол 1841 жылдың 20 қазанында Қостанай облысы, қазіргі Алтынсарин ауданында туған. Әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Сөздікпен жұмыс: бай баласы – сын богача; жарлы баласы – сын бедняка; құрдас – одногодник; сүрлеу – тропинка; ұясына келіп қонды – село на гняздо; далалы жердің бөрісі – степной волк; сүйінші – подарок за добрую весть. Талдау жұмысы: 1. Асан кімнің баласы? Үсен кімнің баласы? 2. Асан мен Үсеннің мінездерін қалай байқаймыз? 3. Үсеннің ақылдылығын айтыңдар? 4. Асан мен Үсен шаршады. Олар от жағып отырды. Асан ұйықтады. Үсен таңды көзімен атырды. Мәтінге жоспар құру. Жоспар: 1. Асан мен Үсеннің көштен қалуы. 2. Асанның шыдамсыздығы. 3. Үсеннің тапқырлығы. 4. Үсенге әкесінің айтқан ақылы. 5. Балалардың моланы көруі. Қорыт. сабақты бағалау. Үй тапсырма: Мәтінді мазмұндау. | |
Просмотров: 7941 | Загрузок: 908 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|