Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (50.5 Kb) ] | 2012-02-07, 9:15 PM |
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы №28 жалпы білім беретін орта мектеп мемлекеттік мекемесі Ашық сабақ Тақырыбы: «Семей қаласындағы ескерткіштер» Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жұманбаева С.К. Семей қаласы Сабақтың тақырыбы: Семейдегі ескерткіштер Сабақтың мақсаты: Білімділік: өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеру, қаламыздағы ұлы тұлғаларға және тарихи оқиғаларға арналған ескерткіштер туралы білімдерін толықтыру, жаңадан бой көтерген ескерткіштер туралы мәлімет беру, оқушылардың таным дүниесін кеңейту, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптарды қайталап бекіту. Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: өз Отанына деген сүйіспеншілік, соның ішінде туған қалаларына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, өз қалаларын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: интерактивті тақтамен саяхат сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтастыру,мәнерлеп оқу, ойландыру, іздендіру, талдау. Сабақтың көрнекіліктері: Семей қаласының сурет көріністері, ескерткіштердің суреті, интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Отырыңдар - Бүгін топта кім кезекші? ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. - Үй тапсырмасы қандай болды? - Жақсы, ендеше өздерін дайындап келген «Менің қалам» атты шағын шығармаларыңды тыңдайық. (Рыспаева Т., Лукьяненко С оқиды). ІІІ. Жаңа сабақ -Балалар, өткен сабақта біз «Тарихи-мәдени ескерткіштер» мәтінімен таныстық. - Қазақстандағы қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді білесіңдер? Юля: Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, Жетісудағы Шоқан мемориалы, Алматы қаласындағы Абай ескерткіші және т.б. Ендеше дәптерлеріңді ашып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңдар. Сабағымыздың тақырыбы: «Семейдегі ескерткіштер» Сабағымыздың мақсаты: өздерін білетін ұлы адамдарға, тарихи оқиғаларға арналған ескерткіштер туралы білімдеріңді кеңейту және кейін бой көтерген ескерткіштер туралы мәлімет беру, сол ескерткіштерге саяхат жасау. Ал, енді осы Семей ескерткіштері дегенде ойларына қандай ескерткіштер келеді? • Ой шақыру (ассоциация) /слайд 1/ М.Әуезов Әміре Қашаубаев Шәкәрім Шоқан, Достоевский • Мұғалімнің кіріспе сөзі Иә, балалар, бүгінде 3000 жылдық тарихы бар Семей – өнердің, жалпы қазақ халқының намысы мен жігерінің дүмпуі болған, ұлы Абайдың ақыл-ойына серпіліс берген, Шоқан мен Достоевскийге шабыт сыйлаған, Әміре мен Жүсіпбек, Бибігүл мен Роза әндеріне тұғыр болған қасиетті қала. Қазір біз өздеріне белгілі Абай, Шәкәрім, Әуезов алаңына саяхат жасаймыз. / слайд 2/ Абай, Шәкәрім, Мұхтар - Осы ұлы тұлғалар туралы не білеміз? - Асель: Абай – ұлы ақын, ағартушы, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы кемеңгер. - Қандай өлеңдерін білеміз? - «Жазғытұрым», «Күз», «Жаз», «Қыс» және т.б. Света «Жазғытұрым» өлеңін оқиды. Саша: Шәкәрім – ақын, сазгер, жазушы, философ, Абайдың інісі. Тілек: М. Әуезов – даңқты жерлесіміз, ғалым, академик-жазушы, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы. Мұғалім: Шәкәрім Құдайбердіұлына 1999 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет алдында Шәкәрім мүсіні орнатылды. /слайд 3/ Жаңадан бой көтерген Шәкәрім ескерткіші /слайд 4/ Ш. Уәлиханов, Ф.Достоевский - Шоқан кім, балалар? Азамат: Ш.Уәлиханов – ғалым, саяхатшы, географ. Достоевский екеуі дос болған. Мұғалім: бұл ескерткіш 1977 жылы орнатылған. Достоевский көп жылдар біздің қалада айдауда болады. 1859 жылы Шоқан Омбыға бара жатып, досына соғады, екеуі сол кезде суретке түседі, осы сурет ескерткіштің орнатылуына негіз болған. Келесі аялдамаға өту үшін жай сөйлемге мысал келтіру, синтаксистік талдау жасау. Абай, Мұхтар, Шәкәрім Шыңғыстауда дүниеге келген. (жабарлы, жай, жайылма, жақты, толымды) /слайд 5/ Әміре Қашаубаев Келесі аялдамамыз Әміре Қашаубаев ескерткіші. Владислав: Әміре Қашаубаев – халық әншісі, Францияда, Германияда халық әндерін орындап, жүлделі орындарды иеленді. Әндері: «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша». Мұғалім: Әміренің 120 жылдық мерейтойына байланысты осы ескерткіш қойылды. Енді мына сызбалар бойынша сөйлем құрастырайық. « », - . : « »,- . : « » . / слайд 6/ Ядролық сынақтардың құрбандарына ескерткіш. Сабағымыздың келесі кезеңінде тарихи оқиғаларға байланысты ескерткіштерге назар аударайық. Мұғалім: 1989 жылы қазан айының 19 – ақырғы сынақ күні еді. Осы жылы ядролық қаруға қарсы «Невада - Семей» қоғамдық қозғалысы басталды. Бұл қозғалысты ұйымдастырушы Олжас Сүлейменов. / слайд 7/ Олжас Сүлейменов суреті Наргиз: Олжас Сүлейменов – ұлы ақын, қоғам қайраткері, өлеңдерін орыс тілінде жазған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Арғымақ». /слайд 8/ Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы жарияланды? - 1991 ж. 16 желтоқсан Ал, биыл еліміз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. 2002 жылы 13 желтоқсанда Семейде «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш орнатылды. Карина өлең оқиды. Әрі қарай саяхатымызды жалғастыру үшін мынадай тапсырманы орындау керек. Әр қатардан бір оқушы берілген сөз таптары бойынша сөздер ойлап табуы қажет /слайд 9/ Зат есім Сын есім Етістік Оқушылар орындарынан тұрып оқиды. /слайд 10/ Қайым Мұхамедқанов ескерткіші. Тақтада өлең жолдары: /слайд 11/ Туған ел – алтын бесік, ұшқан ұям, Көз жұмылмай тұрғанда қайтіп қиям? Тарта гөр, Семейімнің топырағы, Төстіктей жеріңе мен еркін сыям! Қайым Мұхамедханов Мұғалім: бұл өлең жолдары абайтанудың білгірі, профессор, жазушы, драматург, ақын Қайым Мұхамедқановтың сөздері. 7 қазан 2010 жылы қаламызда Тәуелсіздіктің 20 жылдық қарсаңында тағы бір ескерткіш бой көтерді. Ол ескерткіш ұлы тұлға Қ.Мұхамедқанов ескерткіші. Осымен, балалар, саяхатымызды аяқтаймыз. ІҮ. Сабақты бекіту. - Біз бүгін қандай ескерткіштерге саяхат жасадық? - Ескерткіштерді қандай адамдарға қояды? - Ескерткіштердің маңызы қандай? Ү. Сабақты қорытындылау Сабағымыздың соңында Жәнібек ханның - Дүниеде не өлмейді?- деген сұрағына Жиренше хан қалай жауап береді? - Адамның аты Ғалымның хаты өлмейді Дұрыс балалар, осы ұлы тұлғалар арамызда болмаса да, өздерінен кейін ұлағатты сөздерін бізге қалдырып кетті. Бұл кісілердің есімдері біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады. ҮІ. Үйге тапсырма: /слайд 12/ І деңгей – «Семейдегі ескерткіштер» тақырыбына сұхбат құрастыру ІІ деңгей – Қаламыздағы сәулет өнері ескерткіштері туралы шағын әңгіме құрастыру ІІІ деңгей – Қайым Мұхамедқанов туралы қосымша әдебиеттерді пайдаланып, реферат дайындау. ҮІІ. Оқушыларды бағалау ҮІІІ. Қоштасу | |
Просмотров: 5338 | Загрузок: 1065 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|