Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Топтау сан есім
[ Скачать с сервера (157.5 Kb) ] 2012-02-08, 12:26 PM
Буянбаева Алма Әмірбайқызы
№8 мектеп-кешені
Семей қаласы

Сабақтың тақырыбы: Топтау сан есім(І слайд)

Сабақтың мақсаты:
(ІІ слайд)
1. Білімділік: Оқушыларды топтау сан есімінің жасалу жолымен таныстыра отырып, басқа сан есімнің басқа да мағыналық түрлерінен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, сауаттылыққа үйрету;
2.Дамытушылық: түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауын, елестету, және есте сақтау қабілеттерін, ынтасын,белсенділігін арттыру,танымдық тапсырмалар арқылы тапқырлық, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу;
3.Тәрбиелік: талдауға алынған мысалдар, мақал-мәтелдер, шығармашылық жұмыстар арқылы адамгершілікке, ізгілікке, тіл өнерін құрметтеуге , шапшаңдыққа, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: дәстүрлі емес шығармашылық сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау, бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс, әр түрлі ойындар;
Көрнекілігі: Кесте, интерактивті тақта, сабақтың эпиграфы жазылған плакат

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау, түсіндіру;
IV. Жаттығулар орындау
V.Мақал-мәтелден сан есімді тап
VI.Сан есіммен байланысты сөз ойыны
VII.»Кім шапшаң» ойыны
VIII.Жақсылық тамшысы
XIX. Сабақты қорыту «Біз бүгінгі сабақтан не білдік, не үйрендік?»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу;
ә) сабақта жоқ оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару;
ІІІ слайд
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.
Кілең төрттік алғандар
Бесті ғана армандар.

ІІ.Үй тапсырмасын жалпылай сұрақ қою арқылы сұрау
1.Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
2.Есептік сан есім дегеніміз не?
3.Реттік сан есім дегеніміз не ? Ол қалай жасалады?
4.Жинақтық сан есім дегеніміз не? Ол қалай жасалады?
5. Болжалдық сан есім дегеніміз не Ол қалай жасалады?
IV слайд
ІІІ.Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау, түсіндіру:
Біз өткен сабақтарымызда сан есімнің басқа да мағыналық түрлерінің жасалу жолымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін топтау сан есіммен танысамыз. Біздің бүгінгі мақсатымыз топтау сан есімнің жасалу жолымен, өзіндік ерекшеліктерімен танысатын боламыз.
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді.
Жасалу жолы:
• Дара сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы ( оннан, бестен, жетіден, үштен ) т.б.жасалады.
• Күрделі сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы (жиырма бестен , жүз қырық бестен , екі жүз мыңнан )т.б. жасалады.
• Қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады (екі-екіден, он-оннан, жүз-жүзден , үш-үштен , он-он бестен)
т.б.
IV.Жаттығулар орындау : үш қатарғ үш жаттығуды бөліп беремін:
1- қатар: 172- жаттығу
2- қатар: 173- жаттығу
3- қатар: 174- жаттығуды орындайды.
Әр қатардан үш оқушы шығып 172-жаттығуды тақтаға орындап көрсетеді:
үш-үштен, бес-бестен, он-оннан, сегіз-сегізден,
алты-алтыдан, екі-екіден, қырықтан , жетпіс-жетпістен,
сексеннен, жүз-жүзден, мыңнан
173- жаттығу: сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік, болжалды, топтау сан есімдер жасап жазыңдар.

1. реттік сан есім: жүзінші, елуінші, алпысыншы, тоқсаныншы, мыңыншы.

2. болжалдық сан есім: жүздеген, жүз шамалы, жүзге тарта, жүздей.
Елудей, елулерде, елуге жуық,
Алпыстай, алпысқа тарта, алпыстарда,
Тоқсан, тоқсандарда, тоқсан шақты,
Мыңдаған, мың-мыңдаған, мың шақты,

3.топтау сан есім: жүз-жүзден, елуден, алпыс-алпыстан, мыңнан

174-жаттығу. Сан есімдерді мағыналық түрлеріне, жасалу жолына қарай ажыратыңдар
Vслайд
V. Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қой.
1.… жаман…қолды ірітер.(бір, мың)
2.… атасын білмеген жетесіз (жеті)
3.… ала болса ауыздағы кетеді,(алтау)
… түгел болса ауыздағы кетеді.(төртеу)
4.… тістен шыққан сөз,… рулы елге тарайды. (отыз)
5... рет өлшеп, ..рет кес.( жеті, бір)
6.Ер жігіттің .. сөйлегені өлгені.(екі)
… атасын білген ер, .. жұрттың қамын жер.(жеті)
7…елі ауызға,…елі қақпақ.(екі,бір)
VI слайд
VI. «Сан есімен байланысты сөз ойыны» Шарты: бір бала сан айтады, екінші бала оның айтқан есіміне ұйқасып келетін күлкілі сөз айтады.
Мысалы:
1-бала: -бір
2-бала: Сыныпқа тез кір
1-бала: -екі
2- бала:- Берікпен күресуге бекі.
1-бала: үш
2-бала: Менімен жарысқа түс.т.б.
VII слайд
VII. «Кім шапшаң» ойыны
Шай қайнатып шағала,
Бәрін шайға шақырды.
Келді сегіз шағала,
Неше шағала шай ішті?
2. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар?

3. Үш түйеқұс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
VIII слайд
VIII. Шығармашылық кезең «Жақсылық тамшысы». Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіреді. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Сол жазылған тамшылады қағазға апарып іледі. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына жасаған жақсылықтарын жария етеді.
Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылайды:
- балалар , әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі). Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде тыныштық орнап, адамдар бақытты болады.
XIX слайд
XIX.Сабақта қортындылау: «Бүгінгі сабақтан не білдік, не үйрендік?»(оқушы пікірін тыңдау)
а)Сонымен балалар біз бүгін топтау сан есімінің жасалу жолымен таныстық,басқа сан есімдермен салыстыра отырып түрлі тапсырмалар орындадық сан есімнің қазақ тілінің сөздік қорын байытуға қосатын үлесі өте зор екен.Сонымен біз бүгінгі сабақтан не білдік?
ә) оқушы білімін бағалау
б) үйге тапсырма:Көркем әдебиеттен топтау сан есіміне 7-8 сөйлем жазу, ереже жаттау
Категория: Мой Казахстан | Добавил: анарка
Просмотров: 9439 | Загрузок: 2042 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru