Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (17.5 Kb) ] | 2012-02-09, 11:16 AM |
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқыту Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасы Мақсаты: а) білімділік: Поэманың мазмұнын қайталай отырып, жазылу тарихына, көтерген проблемасына тоқталу. Кейіпкерлеріне мінездеме беру, іс-әрекеттерін талдау ә) дамытушылық: сана –сезімдерін,ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, оқушыларды ой еркіндігіне баулу. б) тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Түрі:тарих, география пәндерімен кіріктірілген, аралас сабақ. Әдісі: Сұрақ-жауап, салыстырмалы-зерттеу әдісі. Көрнекілігі интерактивті тақта, слайдтар, Сәкеннің портреті, карточкалар, Қазақстанның картасы, қамшы. Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты алдан- ала төрт топқа бөліп отырғызамын. Түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру. II. Үй тапсырмасын тексеру Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз өткен сабақта С. Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығымен таныстық.Сәкеннің шығармашылығы бойынша үй тапсырмасын қазақтың « қыз қуу» ойыны шартымен тексеріп шығайық. Ортаға бірінші топтан қыз бала, екінші топтан ұл бала шықсын. Екеуі бір-біріне сұрақтар қояды. Келесі топтар да осылай жалғастырады. ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ бастамас бұрын С. Сейфуллиннің « Тау ішінде» әнін тыңдатқызамын. Ән тыңдап болған соң балалардан қандай тақырыпта айтылғандығын сұраймын. Сәкен тек реалист ақын ғана емес, ол- лирик ақын. Махаббат, табиғат тақырыбына да арнаған туындылары жетерлік. Сәкенді жан- жақты ақын, жазушы, зерттеуші еткен сол заман, сол кездегі қоғам. Ендеше Сәкенді ойшыл ақын еткен дәуір қандай болды екен? Көкшетау поемасы дүниеге келіп жатқан кез қандай кез? Тарихта ол кезеңдер қандай оқиғасымен қалды? Бұл сұрақтарға тарих пәнінің мұғалімі Төлеуқоңыр Алмас Жеңісбекұлы жауап береді. Алмас Жеңісбекұлы: Сәкеннің өмір сүрген кезеңі Қазақстан тарихының қиын да, күрделі уақытына тап келді. Балалық шағы қазақ елінің патшалық Ресейдің отары болуымен тұспа- тұс уақытта өтті. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясы, одан кейін Қазан төңкерісі яғни Қос өкіметтің орнауы, Сәкеннің саясатқа араласуы, Кеңес өкіметін қолдап, түпкілікті жеңуіне ат салысуы, осы кездегі тарихи оқиғалар өзінің « Тар жол тайғақ кешу» романында жақсы көрсетілген. 1918 -1920 ж.ж Азамат соғысы Кеңес үкіметінің ұжымдастыру, индустрияландыру саясатын жүргізуі, 1931-33 ж.ж ашаршылық, 1937-38 ж.ж Кеңестік жаппай лаңкестік жазалау- осының бәрін басынан кешірді Міне, балалар, өткен сабақта өмірінен мәлімет алғанда тарихи кезеңдерінен біраз мағлұмат алғанбыз. Енді Сәкен өзінің ең үздік шығармаларының біріне тақырып етіп алған Көқшетау елді мекені турулы географмя пәнінің мұғалімі Арынова Динара Қасымханқызы мәлімет береді. Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы, республикамыздағы өнеркәсіпті орталықтардың бірі. Өнеркәсіптің басты орындары машина жасау , тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығаруға маманданған. Ірі кәсіпорындардан таразы шығаратынмеханикалық зауыт, Көкшетау автомабиль жөндеу зауыты, үй құрылысы комбинаты, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін ет комбинаты, сүт, балық зауыттары, тігін және кереует фабрикалары бар. Қала 1824 ж. құрылған . бүгінгі таңда қалаада тоқыма және өнеркәсіптік бірқатар басқа да салалары жұмыс істейді. Жеке бизнес пен кәсіпкерлік ісі қарқынды дамуда. Қала халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарында шамамен , 140 мың адам болды. Көкшетау қаласы облыстың мәдени орталығы болыптабылады., онда орыс драмалық театры, Ш. Құсайынов атындағы музыка- драма театры жұмыс істейді. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы және т.б. бар. Әдебиет пәнінің мұғалімі: . Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма ҚазААП-тың сынағына көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың,өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды.Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады. Поэманың ең негізгі арқауы- қалмақ қызы мен Адақ батыр арасындағы сюжет.жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір- қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды. Поэманың мазмұнын өздеріңе оқып, танысып келу тапсырылған, оқып келсеңдер қысқаша шолу жасап шығайық. 1-тапсырма. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. І топ тапсырмасы: Сәкен- табиғатты суреттеуші. Ақын неге «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңызыдарын поэманың негізгі арқауы етіп алды? Ақынның мақсаты не? ІІ топ тапсырмасы: поэмада басқыншылық саясатының әшкереленуі. Қара күшке қарсы сұлулық, адамдық, ақыл, тапқырлық, таза махаббат, шынайы ерліктің жырлануы қалай суреттеледі?. ІІІ топ тапсырмасы: поэманың бас кейіпкері қалмақ қызы. Ол- махаббат, шынайы достық, адамгершілік символы. Адақ- халықтың жиынтық образы. Әділдіктің, адалдықтың , ер жүректіліктің, нағыз батырлықтың символы екенін дәлелдеңдер. .ІV топ тапсырмасы: Көкше өңірінің сал- серілері, әнші- ақындары қалай жырланады? Ақынның туған жерге деген махаббаты қалай көрінеді? 2- тапсырма.Шығармашылық тапсырма: «Сәкенмен сырласу» әр топ Сәкенге өз наздарын, бүгінгі күн мәселелерін айтып шағым жасайды. Қорытындылау: біз бүгін қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, қазақтың сөз өнерінің асау тұлпары, сыршылдығымен, сымбаттылығымен алаш жұртының жүрегінен орын алған Сәкен Сейфоллаұлының ең үздік шығармасы «Көкшетау» поэмасымен таныстық. Тақырыбы, идеясына, басты кейіпкерлерге мінездеме жасадық. Поэманың құндылығы неде? Сәкеннің ең үздік шығармасы дегенге келісесіңдер ме? Сұрақтар қоя отырып өздеріне қорытындылату. Үйге тапсырма: Поэмадан көркемдегіш құралдарды табу, талдау. Мынадай салыстыру жұмыстарын жүргізу. М. Жұмабаев « Батыр Баян» С.Сейфуллин «Көкшетау» Салыстыру -Көкше көріністері - Абылай -Қалмақ қызы -Баян, Ноян. -Адақ | |
Просмотров: 23765 | Загрузок: 541 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|