Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

ХХІ ғасыр індетіне айналған нашаны соттау.
[ Скачать с сервера (14.5 Kb) ] 2012-02-09, 11:33 AM
ХХІ ғасыр індетіне айналған нашаны соттау

Тақырыбы: «ХХІ ғасыр індетіне айналған нашаны соттау.

Мақсаты: 1.Жасөспірімдердің бойына нашақорлыққа деген жиреніш сезімін ұялата отырып, жаман әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
2. Балалардың санасына денсаулықтың құндылығы мен маңызды екендігі жөнінде түсініктер қалыптастыру.
3. оқушылардың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуға деген сезімін дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, сотқа керекті құрал-жабдықтар, жүрекшелер.

Тәрбие сағатының түрі: Сот сабақ
Тәрбие сағатының пәндермен байланысы: Құқықтану,әдебиетпен,биологиямен.

Тәрбие сағатының тәсілі: Театрландырылған, ойын технологиясы.

Қатысушылар: хатшы,сот,пракурор,айыптаушы куәгер (нарколог-дәрігер),зерттеуші жас ғалым,адвокат,зардап шеккен оқушылар,емделген нашақор,қыздың анасы,әдебиет кейіпкерлері.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:балалардың назарын сабаққа аударту,сабақтың мақсатымен таныстыру.Сот сабақты бастау.

Мұғалім: балалар, сот сабағымызды бастамас бұрын, сендердің назарларыңа қазірігі қоғамның аждаһасына айналған нашақорлықтың азабы жөнінде бейнефильм ұсынбақшымыз. ( Нашақорлықтың кесірінен өмірімен қош айтысқан жасөспірімдер туралы бейнефильм көрсетіледі)
Ал, құрметті сотқа келген қауым, адамды жасына, жағдайына, проблемасына қарамай өзінің құлы етіп, артынан азапты өмір мен өлім сыйлайтын ХХІ ғасырдың айықпас індетіне айналған- нашаға үкім шығару өз қолдарыңызда.
Олай болса сотымызды ашық деп жариялаймыз.

Сот мәжілісі:

Хатшы: (Залдағыларға қарап) Тұрыңыздыр,сот келе жатыр.(Барлығы орнынан тұрады)

Сот төрағасы: Адам өміріне аса қауіп төндіріп тұрған, ғасыр індетіне айналған нашақорлықтың ісі қаралды. Кінәсі сот барасында айқындалды.

Сіздерді соттың айыптаушы және жақтаушы жақтарымен таныстырып өтейін. Айыптаушы пракурор-Жұматаев Азамат,Жақтаушы Адвокат-Каленов Куаныш.Сөз айыптаушы пракурорға беріледі.

Айыптаушы прокурор: Нашақорлық емделуі өте қиын қауіпті дерт.Алаңғасар, сенгіш жастардың өз ортасында біреудің жетегінде еріп, жаман жолға түсіп кетуі оп-оңай. Сондықтан ата-ананың, ұстаздардың,туыстардың сақтығы аса қажет.Өйткені есірткінің дәмін татып көрген адамның бас тартуы аса қиын. Сонымен бірге бүгінгі заманда нашақорлықтың не екендігін білу әр азаматтың міндеті десек артық айтқандық емес. Сондықтан біз бүгін нашаның қылмысты істерін қарастыруға келдік. Мен куәгер ретінде нарколог-дәрігерді шақырдым. Ол кісі нашаның адам үшін қауіпті екендігін дәлелдеп береді.

Сот төрағасы: куәгер нарколог-дәрігерді шақырыңыздар.
Нарколог-дәрігер: Қабырғадағы сұмдыққа назар аударыңыздар. Не байқап тұрсыздыр.Әбден жүдеп кеткен, тамырлары ырсиып сиқысыз қалған құр сүлдер. Бұл бір кезде көзі ботадай, екі беті албыраған, болашақтан үміт күттірген, біреудің әлпештеген аялы баласы емес пе? Мұндай сұрықсыздыққа түсуінің себебі неде? Болашағы бұлыңғыр бұл кейіптен не күтуге болады? Бұл жасөспірімде өмірге деген еш қызығушылық жоқ. Көзқарасы селқос, мына әлемнен қол үзген 14-18 жастағы нашақор. Нашақорлық-адамды өзінің артынан саналы түрде ертіп әкететін құдіретті күш. Бір дәмін көрген адамды өзіне мәңгі құл ететін, есінен тандырып,ерік-жігерін билеп алатын алып. Нашақорлықтың дәмін бір татып көру оңай болғанымен, құтылу оңай емес. Емделуге де екінің бірі шыдай алмайды. Нашаның уыты тараған сәтте сай-сүйегі сырқырап, бейне біреу пышақпен кескілегендей сезімде болады. Осы ауруға шыдай алмаған алмаған адам келесі мөлшерді қабылдағанша не нәрсеге де дайын болады. Келесі мөлшерді қабылдағаннан кейін аспанда ұшып жүргендей керемет ләзәтті сезімде болады. Бірақ бұл уақытша алдамшы сезім. Әсері басылған соң барлығы қайта басталады.Жанын қоятын жер таппай жүрген мұндай адам қоғам үшін өте қауіпті. Ұрлық жасаудан бастап, кісі өліміне баруға да дайын тұрады. Нашақор адамның ағзасы есірткі ашаршылығына ұшырайды да, ағза тоза бастайды. Психикалық ауытқулар пайда болды. Бұның соңы жастай ажал құшуға әкеледі.

Сот төрағасы: куәгерге сұрақтарыңыз бар ма? Ендеше келесі куәгерді шақырамыз. Нашақорлықты зерттеп жүрген жас ізденуші Абдулманова Арай. Сіз нашақорлықтың адам өмірін әкететіні туралы не білесіз?

Айыптаушы жақтың куәгері: нашақорлықтың кесірінен өмірімен ерте қоштасқандар өте көп қой. Соңғы ақпаратқа жүгінсек, бір күнде мыңдаған адам есірткіні мөлшерден тыс қолданудан қайтыс болыа жатыр. Олардың ішінде атағы әлемге әйгілі болған жұлдыздарамыз да бар. Ғалым Д.Федотовтың дәлелдеуінше әлемде 200 мыңнан аса адам нашақорлықтан зардап шегуде. Бұлардың барлығын сау адамдар қатарына қоса алмаймыз, себебі олардың барлығы психикалық тұрғыдан болсын, ағзалық жағынан болсын мүгедектер. (Интерактивті тақтадан нашақорлық жайында, нашаның түрлері жайында слайдтармен зияндылығын дәлелдейді)

Прокурор: нашақорлықтың жас өмірге қауіпті екенін келесі куәгеріміз дәлелдейді.

Сот төрағасы: келесі куәгер, зардап шеккен 14 жасар қыздың анасы Советова Гүлдананы шақырыңздар.

Айыптаушы жақтың куәгері (14 жасар қыздың анасы): мұндай азапты жағдайдың келгенін біз байқамай да қалдық. Менің қызым өте тұйық, нәзік сезімтал еді.Сабақты жақсы оқыды. Күндердің бір күнінде қызым өзгеріп сала берді. Ол бізге бөтен бола бастады. Ешкіммен шаруасы жоқ, өзімен-өзі жүреді. Тез ашуланшақ болып кетті.Үйден ақшалар, құнды нәрселер жоғала бастады. Қызымның қандай күйге ұшырағанын білген соң тез әрекетке көше бастадым. Қызымды емделуге апардым.

Айыптаушы прокурор: енді ортаға осы зардап шеккен жасөспірім қызды шақырсаңыз екен.

Сот төрағасы: куәгер 8-сынып оқушысы Елубаева Алмагүлді шақырыңыз.

8-сынып оқушысы: мен танысыммен бірге үйге бардым. Олар маған көңілің көтеріледі деп дәрі берді. Мен 10 таблеткасын бірақ іштім. Еш нәрсе сезген жоқпын. Үйге келген соң басым айнала бастады. Бір уақытта басым мойнымнан бөлініп терезеге қарай ұшып кетті. Мен оның артынан бармақшы болдым. Басым өзіме қарады да тілін көрсетіп, қаша жөнелді. Мен қуа кеттім. Ары қарай есімде жоқ.

Айыптаушы прокурор: бұл баланы анасы кездейсоқ құтқарып қалды. Терезе салдырын естіп бөлмеге кіріп келіп, секіргелі тұрған баласын жал құрығынан алып қалды.

Айыптаушы прокурор: Құрметті сот мырза, тағы да нарколог-дәрігерді шақыруға рұқсат берсеңіз екен. Ол кісі нашақорлықтан емделу қалай болатынын айтыа берсе деп едім.

Сот төрағасы: адвокат мырза қарсы болмаса айтып берсін.

Адвокат: қарсылығым жоқ.

Нарколог-дәрігер: емделуге келген адам қатты қиналады. Толық емделу үшін үлкен ерік-жігер керек. Бізде жақында бір жігіт емделді.Соның қалай қиналғанын көрсеңіздер. Төсектеп таңылып жатты.Денесін үлкен тамшылы тер басып, дірілдете түсті. Жігіт бір орында жата алмай өлгендегі сөздерін айтты. Бір укол салып беруімізді өтінді. Соңында барлығын қарғай бастады. Денесін құрт жеп жатөқанын айтып жылады. Өзін-өзі жұлмалап жеп қоя жаздады. Сай-сүйегі зырқырап, бүкіл өн бойын азапты күй жайлады. Дене қызуы көтеріліп, сандырақтай бастады. Тамырлары ыдырайып, жарылып кетердей күйге түсті. Осы қиындықтың бәріне шыдап жігіт жазылып шықты. Бірақ соншалықты ауыр азаппен емделгенше, есірткіге бой алдыртпай , сау жүргенге не жетсін.

Прокурор: құрметті сот мырза, ғасыр дертінен емделіп шыққан жігіт Жұмабаев Әділетті шақыруға рұқсат беріңіз.

Сот төрағасы: куәгер Жұмабаев Әділет кірсін.
Прокурор: Нашақорлықтан қалай емделдіңіз?

Куәгер Жұмабаев Әділет: мен 15 жасымнан нашақор болдым. Бірінші рет дәмін татқан адамға нашаға қарсы тұру оңайға соқпайтынын білемін. Нашаны еліктеушіліктен бастадым. Қиналмай әдемі өмір сүргім келді. Сүйген қызым да нашақор болды.Екеуіміз үйленгенне кейін де қолданып жүрдік. Тіпті құрсақтағы баланы да аямадық. Бір күні ұйқымнан оянғандай жан-жағыма қарай бастадым. Өмірде басқа ды қызықтар бар екенін байқадым. Спортпен шұғылданғым келді. Бірақ қолымнан түкте келмеді. Себебі менде денсаулық жоқ. Басқа жігітттерге қарап ішім күйді. Олар дені сау толық қанды адамдар, ал мен тірі аруақ сияқты едім. Сол күннен бастап өзімді-өзім емдемек болдым. Бірақ денемді сырқатқан ауруға шыдай алмай бәрін қайта бастап қойдым. Дәрігердің көмегімен емделіп шықтым. Бірақ жылына 4-5 рет денем қалтырап ауру қайта қозып отырады. Осы кезде есірткіге қайта бой алдырып қоя жаздайсың. Сондықтан сіздерге айтарым нашақорлықтан сақтаныңыздар, біздің қателігімізді қайталамасаңыздар екен.

Адвокат: Енді сөз кезегін маған беріңіздер. Сіздер бағанадан бері жамандап жатқан нашаны ақтауға да болады.Зардап шекті деген қыз-жігіттердің барлығы да кісі өлтірген жоқ қой. Өз өмірлеріне қауіп төндірді. Ал адам өз өміріне өзі жауапты. Не істеймін десе де өзі біледі. Есірткі деген жалғыздықтан жапа шегіп жүргендердің басын біріктіріп, досы жоққа дос тауып береді. Көңілі қапа болып жүрген адамның қайғысын ұмыттырады.Адам аз да болса рахат күй кешеді. Морфий деген түрін қиналған ауру адамға аурун ұмыту үшін қолданамыз емес пе? Мен ортаға жақтаушы ретінде М.Булгаковтың «Морфий» әңгімесінің кейіпкері дәрігер Поляковты шақырамын.

Дәрігер Поляков: морфий маған біраз уақытқа ауруымды ұмытуға көмектесті.Қандай ауру болса да7 минуттан кейін басады. Оны ойлап тапқан адамға алғыс айтамын.Морфий қолданатын адамдардың бір бақыты жалғыздық. Жалғыздық-маңызды ойлар, көңіл жайлылығы, данышпандық.

Адвокат: жақтаушы жақтың келесі куәгері Ш.Айтматовтың «Жан пида» романының кейіпкері Авдия Каллистрованы шақырамын. Ол кісі анашаны іздеп сонау Орта Азия жеріне дейін шығып кеткен.
Авдия Каллистрова: Өзі сондай нәзік шөп болса да керемет күштің иесі. Мен алғаш рет емдік шөп деп жинап алып кептірмекші болып Орта Азия жеріне бардым. Анашаның көп өсетіндігі соншама-неғұрлым қалың жерлеріне қарай жылжи бердім. Бір уақытта ерекше бір күй кештім. Айтып жеткізе алмайтын рахатқа бөлендім. Жұмақ деген осы екен деп ойладым. Алдымда әдемі көбелектер, ақша бұлттар, түрлі түстер ұша бастады. Ол күйді жеткізу мүмкін емес.

Адвокат: көрдіңіздер ме, анаша адамға бір сәт болса да бақыт сыйлайды. Шаршағаныңды басады. Достар табуға да көмектеседі.

Сот төрағасы: басқа куәгерлеріңіз бар ма? Жоқ болса қорытынды сөздеріңзді айтыңыздар.

Прокурор: мен өз көзқарасымда тұрамын. Анашаны, оған тәуелді нашақолықты соттау керек. Бағанадан бері нашаның адам өміріне, қоғамға қандай қауіп төндіріп тұрғанын көрдіңіздер. Бізге нарколог-дәрігер жақсы түсіндірді. Анаша қанша жас өмірді әкетті. Қаншама отбасын бұзды, болашаққа қауіпті қатер төндіруші. Нашаның айыбы толық дәлелденді. Сондықтан анашаны мәңгілік қапаста қалдыруды өтінемін.

Адвокат: дегенмен де ақтауға да болады. Қанша адамға рахат көңіл-күй, жеңілдік сыйлап жатыр.Қаншама адамға дос тауып берді. Ауруды ұмыттырып, өмірде көрмеген сезімге жетеледі. Сондықтан қатты жазаламауды сұраймын.

Прокурор: сот шешімін шығарғанша нашақорлықтың апарар жолы жайында тамашалаңыздар. (интерактивті тақтада нашақорлық жайында слайдтар жүріп жатады.)

Хатшы: Тұрыңыздар сот үкімін шығарушылар келе жатыр.

Сот төрағасы: мен сіздерге жаңа адвокат айтқан Авдияның басынан өткен жағдайға тоқталғым келеді. Иә, Авдия керемет сезімді бастан кешірді. Ал арты не болды? Сезімі басылғаннан кейін оны керемет ауырлық жайлады. Басы айналып, жүрегі айныды. Денесі мұздап, тамырлары тартыла бастады. «Осы күйден құтылса анашаға енді жоламаспын»,- деді. Ал морфийді қолданған дәрігер Поляков бір асқазанын емдеймін деп, мәңгілікке тәуелді болып қалды. Оған ешқандай ем әсер етпеді. Ең соңында масқара болып, өзіне де, сүйгеніне де жамандық жасады. Жастардың санасын тез жаулайтын қоғамның хас жауы нашақорлыққа жол жоқ! Сондықтан Қазакстан Республикасының қылмыстық кодексінің жалпы жаза тағайындау бөлімінің 38- бабы, 8- тармақшасы бойынша өмірбақи бас бостандығынан айырылсын!

Қорытынды бөлім:
Мұғалім: Иә, балалар,анаша адамның ағзасын ғана емес, сананы да улаушы. Улану оңай, емделу қиын екенін көрдіңдер. Ауған соғысында 15 мың адам қаза тапса, нашақорлықтан жылына 34 мың адам қайтыс болады екен. Сонда нашақорлық соғыстан да қауіпті. Нашақордың баласы да мүгедек болып туады. Бұл қазіргі біздің қоғамның басты проблемасы. Ғасырымыздың қауіпті індеті. Сондықтан бұл қасіретпен күреесе білейік. Нашақорлыққа салынғандардан сырт айналмай, уақытында көмек көрсете білейік. Жігері құм болып, өз проблемаларынан бас көтере алмай жүргендерге арналған, жалпы бәрімізге қиындықты жеңуге көмектесетін М.Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін тыңдайық. (өлең Н. Өнербаевтың орындауында оқылады)
Енді балалар, осындай қатерлі дертке ұшырамас үшін, бір- бірімізге арналған, жүрегімізден жарып шыққан, ең аяулы да ақ тілегімізді алдыларыңда жатқан жүрекшелерге жазып, тақтадағы үлкен жүрекшеге жапсырайық. Тілегімізді бар ниетімізбен оқиық.

Мұғалім: осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Категория: Мой Казахстан | Добавил: анарка
Просмотров: 2274 | Загрузок: 189 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 7:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru