Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (36.0 Kb) ] | 2012-02-18, 1:51 PM |
Сабақтың тақырыбы: Астана. Көмекші есімдер.6 класс. Сабақтың мақсаты: 1. Септіктерді қайталай отырып, көмекші есімдер туралы түсінік беру. Оларды дұрыс қолдана білуге үйрету. 2. Оқушыларды сауатты жазуға, сөйлеуге дағдыландыру. 3. Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың көрнекілігі: кесте, қима қағаздар, суреттер, карточкалар. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты енгізу Сабақтың әдісі: Интерактивті, топтастыру, ойын, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Өткенді қайталау. 1. – Септіктер туралы не білеміз? - Зат есім септеледі. - Оларға септік жалғаулары жалғанады. - Қазақ тілінде жеті септік бар. (Слайд) 2. Оқушылар Қ.Мырза Әлидің «Септеу» өлеңін рөлге бөліп оқиды. 3. Бір оқушы Қ. Мырза Әли туралы айтып береді 4. Интерактивті тақтада сөздер берілген. «Адасқан әріптер» логикалық ойыны Еітүднс – аднысақ – дыал – бйыодан – ысрыт – ағжаыс – Оқушылар дұрыс вариантын жазады. ІІІ. Жаңа сабақ. 1. – Осы сөздердің көмегімен сөз тіркестерін құрайық. Мысалы, үстелдің үстінде, жолдың бойында, т.с.с. 2. – Бұл сөздердің өз алдына мағынасы болмайды; - Толық мағыналы сөздермен тіркесіп айтылады; - Ілік септігіндегі сөздермен тіркеседі.(Слайд) 3. Оқулықтағы ережемен танысып, мысалдарды оқыту. 4. – Тақтадағы қима сөздерді оқып, ой шақырайық. Есіл, Ақ орда, Бәйтерек, Хан шатыры - Ендеше, бүгінгі сабағымызда еліміздің жүрегі, жас қала –Астана туралы әңгімелейміз. 5. Мәтінмен жұмыс.Интерактивті тақтадан мәтінді оқушылар оқып береді.Астана туралы слайдтар көрсетіледі. 6. Сөздікпен жұмыс.(Слайд) Тұрғын – житель Ғимарат – здание Қасиетті – священный (қадірлі) Орталық – центр (центральный) Ұлт өкілдері – представители нации ІV. Бекіту. 1. 1-тапсырма (интерактивті тақтада) Көмекші есімдері бар сөз тіркестерін теріп жазу. 2. 2-тапсырма Өз қалаулары бойынша үш сөйлем көшіріп жазу. 3. Берілген кесте бойынша әңгіме құрастыру. 1961 жылға дейінгі Ақмола 1961-1992 жылдар, Ақмола 1993 жылы Целиноград Ақмола 1997 жылы Астана 4. Аударма диктант. Тақтада берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аудару. Ауылдың маңы, терезенің алдында, өзеннің жағасында, сөренің үстінде, субұрқақ қасында, ескерткіштің жанында, қаланың ортасында, жер астында. (Тақтадан аудармасын тексеру) Возле аула, на подпконнике, на берегу реки, на полке, у фонтана, у памятника, в центре города, под землей. 5. Карточкамен жұмыс. 1-карточка. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда Астана қасиетті Сарыарқада орналасқан. 2-карточка. «Астана» мәтініндегі 1-ші абзацты орыс тіліне аудар. 6. Сөзжұмбақ шешіп, ойымыздың ұшқырлығын тексерейік. 1. Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида) 2. Жағалауында Астана орналасқан өзен (Есіл) 3. Астананың бойтұмары (Бәйтерек) 4. «Здание» сөзінің қазақшасы (Ғимарат) 5. Мәдени ойын-сауық орталығы (Думан) 6. Астананың бұрынғы атауы (Ақмола) 7. 3-тапсырма, 57-бет V. Үйге тапсырма. 4-тапсырма, 58-бет. Ереже, ҚР-ның астаналары туралы мәлімет жазып келу. VI. Оқушыларды бағалау. ҚР-ның Әнұранын айтып, сабақты аяқтау. Рахметова Назгүл Өтегенқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, № 1 ЖББОМ, Жәнібек ауданы,БҚО. | |
Просмотров: 5548 | Загрузок: 934 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|