Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (71.0 Kb) ] | 2012-02-18, 1:55 PM |
Тақырыбы: Билер. Лексикадан өткенді қайталау.10 класс. Мақсаты: 1.Билер туралы мағлұмат беру; лексикадан өткенді қайталау, пысықтау; 2.Өз беттерімен ақпарат алуға бағыттау, талпындыру; 3.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: Жаңа сабақ Әдісі: Кластер, ЖИГСО, семантикалық карта, т.б. Көрнекілігі: Билер туралы мағлұмат жазылған парақшалар, портреттері, слайд. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих Сабақтың барысы: І.Қызығушылықты ояту Кластер Әділ төрелік Ұтқыр ой Толғау арнау Дауларды шешкен Шешендік өнер Шешендік сөздер Ұтымды жауап Дау сын Билер Төле би Қазыбек би Әйтеке би ІІ.Мағынаны тану ЖИГСО стратегиясы (Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушыларға 1, 2, 3 нөмірлері беріледі.1-інші нөмірлі оқушылар, 2-нші нөмірлі оқушылар, 3-інші ,нөмірлі оқушылар оқушылар бөлек жиналады. 1-нші нөмірлі оқушылар жиналған топқа Төле би , 2-нші нөмірлі оқушылар жиналған топқа Қазыбек би, 3-нші нөмірлі оқушылар жиналған топқа Әйтеке би туралы мағлұмат беріледі, тапсырманы өз беттерімен оқып түсініп, бір-біріне түсіндіреді. Содан соң әркім өз тобына келіп түсіндіреді. Топтағы басқа оқушылар әңгімелейді. ) І топ Төле би Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы (1991 жылдан бері Төле би ауданы) Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақынға қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары болған. Мемлекеттік істерге, ел тағдырына қатысты жайларға бел шешіп кірісіп, көптеген істер тындырғанын ел біледі, тарих айтады. Тәуке ханның атақты «Жеті жарғысын» жасасқан бас биінің бірі. Төле би кезінде қазақ хандығын , қазақ елінің бірлігін нығайтуға қызмет еткен қайраткер болған. Төле бидің қоғамдық қызметі, әсіресе 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығынан кейін айқынырақ көзге түседі. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған шапқыншылық заманда халыққа ұйытқы, ұйымдастырушы бола білген. 1743 жылы Ұлы жүз ханы Жолбарыс қайтыс болған соң, оның орнына 6 жыл бойы 1749 жылға дейін Ташкенттегі билікті өз қолына алады. Атақ- абыройы әз Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заңының таралуымен көтерілген. ІІ топ Қазыбек би Қазыбек би (1667-1764) – Орта жүздің «Төбе биі» атанған, шешендік сөздің майталманы, 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салған. Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға. Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде танымал. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек (14 жасында) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтәжіге барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайырып алып қайтады. Қазыбек бидің беделі мен ықпалын қазақ хандары ғана емес, оның парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан. Қазыбек би ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау – жанжалды әділ шешкен әділқазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежедегі елші – дипломат, қоғам қайраткері. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген. ІІІ топ Әйтеке би Әйтеке Байбекұлы (1644 – 1700) – артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Кіші жүздің Төбе биі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар, қалмақтарға қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі болған. Әйтеке би шешендігімен бірге, кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға ат салысып, нығайтуға үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері. Лексикалық тапсырма (топтағы әр оқушыға беріледі) Семантикалық карта Сөз атауы Көнерген сөз Жаңа сөз Термин сөз Диа лект сөз Омо ним Сино ним Анто ним Сөздің көп мағ. Кірме сөз облыс әкімшілік жүз қадір, қасиет тарих шапқын- шылық сұлтан алыс, жақын жас майталманы,шебері кесене хандық жарғы ағайын, туыс би империя ІІІ.Ой-толғаныс Салыстыру Төле би Қазыбек би Әйтеке би Ұлы жүздің Төбе биі, 15 жасынан билікке араласқан, Жолбарыс қайтыс болған соң,Ташкенттегі билікті өз қолына алған,атақ- абыройы әз Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заңының таралуымен көтерілген, өнерді, ақындықты қатты жақсы көріпті, «Ақтабан шұбырынды» заманында халқына ұйытқы бола білген. Орт ажүздің Төбе биі, тарихтар мәңгі орын алған ұлы тұлға, оның беделі мен ықпалын, парасатты елші, дипломат екенін Қытай империясының елшілігі, орыс мемлекетінің өкілдері ерекше бағалаған. Қазақ-қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі ел арассыннда бітімші болған батыл елші, мәмілегер ретінде танымал. Кіші жүздің Төбе биі, қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар, қалмақтарға қарсы бірыңғай халық майданын ашқан,Қазақ мемлекетін құруға ат салысқан. Ұқсастығы Қазақ халқының атақты би – шешендері, Тәуке ханның кеңесшілері болған, «Жеті жарғы» заң жобасын жасасқан, өз заманының ақылды, білімді, парасатты азаматтары,қоғам қайраткерлері, дау-жанжалдарға әділ төрелік еткен, ел билігіне араласқан, мемлекеттік мәселелерді шешкен, ел басқарған, қадір-қасиеттері жоғары болған, елдің ынтымағын сақтап, қазақ халқының басын біріктіріп, елді бірлікте, татулықта ұстап отырған. Үйге тапсырма 5 жолды тұжырымдама Зат есім: Би Сын есім: Әділ, парасатты Етістік: Билік етеді, айтады, араласады. Сөйлем: Билер әділ шешім айтқан. Синоним: Шешен Бағалау. Молдашева Роза Маратқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, № 1 ЖББОМ, Жәнібек ауданы,БҚО. | |
Просмотров: 2382 | Загрузок: 625 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|