Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

«Туған тілім -тұғырым»
[ Скачать с сервера (16.1 Kb) ] 2012-02-21, 2:08 PM
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Туған тілім -тұғырым»
Аринова А.Г.
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ КОЛЛЕДЖІ

Туған тілім -тұғырым
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар
Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

1. Қазақ тілі деген М.Жұмабаевтың өлеңін аудиожазбадан тыңдаймыз

2. Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.
Біздің еліміз, яғни тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек. Осы орайда еліміздегі ұлтаралық келісімге, әлеуметтік –экономикалық даму үрдісіне, азаматтық қоғамның орнығуына кепілдік болып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын ел болып бағалай білуіміз қажет.
«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!
Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастайық

3. Оқушыларды тыңдайық
Қазақ тілі –ұлт тілі (1 оқушы)
Дүние жүзінде халықта тіл де көп.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.


2 оқушы Тамыры терең, тарихы бай тіл
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл.

4. Кайыргазиев Ринаттың орындауында мына өлен жолдарын тыңдайық

Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.
Оның сырын түсіну де тереңде!
Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл
Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?

Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,
Жоғалту да, дамыту да тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!

Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.

Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!

Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.

Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!

5. 3 оқушы
Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл
Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.
6. Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.

Өнер алды – қызыл тіл

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

«Тіл –құдірет».

«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».

Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.

Әр халықтың өзінің ана тілі бар.
Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Тіл – еліміздің іргетасы
Ұлттың қуаты тілінде

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.
Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».

«Тіл – асыл ойдың бұлағы».

Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.

4 оқушы
Тіл тазалығын айтады

Тіл – біздің тұтастығымыз
“Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.
Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді.
Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

Баяндамашыларымыз өте жақсы дайындалып келіпті рахмет сіздерге
7. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» аудиожазбадан тыңдау
8. Ана тілі – ең басты байлығымыз
Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Әр нәрсенің түп-тамыры болатыны сияқты, ана тіліміздің де түп-тамыры бар. Заңғар жазушы Шығыс Айтматов өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өсіп - өнеді, тілімізбен бірге өркендейді деген.
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ана тіліне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда қай сала болмасын, реформаның ең басты мақсаты - ой-өрісі жаңаша, мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгере алатын маман болу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Тіл саясаты - мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!

9. Ән «Қазақтай ел қайда?»
10. Қорытынды сөз
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар-тық¬шылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Консти¬туция¬мызға сәй¬кес, мемлекеттік тіл бо¬лып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады.
Бұл біздің Конституцияның норма¬сы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді.
Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмей¬тіндей жағдайда жүзеге асады.
Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ да¬муы не үшін керек? Ол үшін мемле¬кеттің ең негізгі сырт¬қы саясаты – көршілермен тату бо¬луымыз керек. Онсыз мем¬ле¬кеттің болашағы бұлыңғыр бо¬лады.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі жолдауында айтылған «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр» деген.

«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. Тіл –ұлттықтың негізгі белгісі, тіл ұмтылса –салт -дәстүріміз де ұмтылады, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметтеу керек, өз тілін білмеген адам ата –баба тарихын ешқашан түсіне алмайды.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: анарка
Просмотров: 29655 | Загрузок: 787 | Рейтинг: 3.9/35
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 12:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru