| Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
| [ Скачать с сервера (36.0 Kb) ] | 2012-03-16, 2:06 PM |
| Сабақтың тақырыбы: Синонимдерді сөйлеткен домбыра. Сабақтың мақсаты: Тілді үйрену, белсенділігін арттыру, ойлау және сақтау қабілетін дамыту, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру, практикалық жолмен синонимдерді меңгеру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, қазақ музыкасын сүйсіне тыңдауға тәрбиелеу, халқымыздың тарихын білуге шақыру. Сабақтың типі: Интеграциялық сабақ. Түрі: Жаңа сабақ Көрнекіліктер: Кестелер, суреттер, ұлттық аспаптар. Әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, сөздік жұмысы, жаттығу жұмысы «бесжолдық өлең» , күй тыңдау. Сабақтың барысы: 1- Ұйымдастыру. Бүгінгі сабағымызды жұмбақтан бастаймыз. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп, тербеледі адам соқса, шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен, Не пайда үндемейді адам жоқта? -Бұл не? -Дұрыс (Домбыра). Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақта ата-бабаларымыздан мұра ретінде қалған әрбір қазақ отбасында қадірлі орында тұратын ұлттық аспаптардың бірі - домбыра туралы айтамыз. Ұлттық аспаптардың түрлері көп. (кестемен жұмыс.) Олар бірнеше түрге бөлінеді. ( 1 слайд ) Қазақ музыка аспаптарының түрлері. Ішекті аспаптар Үрмелі аспаптар Дабылды-шулы аспаптар домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, дабыл, асатаяқ жетіген т.б. дауылпаз Оқушылардың мәліметтері. 1- оқушы. Үскірік деген көне аспапты саз балшықтан жасайды. 1-3 тесігі бар. Дөңгелек пішінді, қыш шынылар. Дыбысы ысылдап шығады. Бұл аспап ертеде балаларға ойыншық болған. 2- оқушы. Домбыра – екі ішекті шертпелі аспап. Бұл көне аспаптардың бірі. Онымен күй тартады, халық әндерін сүйемелдейді. Домбыра туралы мынадай аңыз бар. ( 2 слайд ) Баяғы өткен заманда асқан бай болыпты. Ол байдың ай десе аузы, күн десе көзі бар керемент сұлу қызы болыпты. Бай қызың өзі сияқты байдың ұлына атастырған екен. Бірақ қыз өз әкесіне жалшы болып жүрген кедей жігітті ұнатады. Мұны сезген бай, кедей жігітін дарға астыртып, қызын бай ұлына қосады. Көп ұзамай қыз егіз нәрестелі болады. Мұны естіп ашуланған бай «Егіз баланы жалмауыз кемпірге беріп, көзін құрт» дейді. Жалмауыз екі баланы ен далаға апарып, бір терекке біреуін күн батыс жаққа, екіншісін күн шығыс жаққа зарлатып байлап кетеді. Қыз болса екі баласын ойлап,күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалады. Бұл қорлыққа шыдамай, қыз қос нәрестесін іздеп жолға шығады. Күн жүреді, ай жүреді, жыл жүреді, әбден шаршап, бір теректің түбіне жата кетеді. Ұйықтап кеткен екен, бір кезде құлағына шырылдаған нәрестенің даусы естіледі. Оянып кетсе ештеңе жоқ. Тек кәрі теректің басында салбыраған екі ішек кәрі теректің ойлыған жеріне келіп, бір- бірімен түйісіп, дыбыс шығарып тұр. Қыз әлгі екі ішекті ала салып, теректің ойылған жеріне байлап, өз мұның осылай тарқатса керек. 3- оқушы. Қобыз киелі аспап. Ертеде осы аспапта бақсылар ғана ойнаған. Қобызды жасаған Қорқыт ата. Ол мәңгілік өмірді іздеп, оны өз күйлерінен тапты. 4- оқушы. Жетіген қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Үні өте нәзік. Бұл аспапты бір қарияның жеті баласынан айырылған қайғысынан туған дейді. Сөздікпен жұмыс. Қос ішекті – двухструнный Сезім – чувство Тиек – струнная подставка Пернелер – струны Қарағай – сосна. Киелі аспап домбыра туралы толық мәлімет алу үшін келесі оқшыға сөз беріледі. (3 слайд) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. 1. Домбыра ұлттық аспаптардың қай түріне жатады? 2. Домбырамен не тартады? 3. Атақты күйшілерді ата. 2- тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру. 3- тапсырма. Мына сөздерге синоним болатын сөздерді жазыңыз. Ертеден – көнеден,... Күнделікті - өмірде,... Сезімін- ниетің,... Тарту – шерту,... Балалар, сонымен бүгінгі сабақта домбыра туралы көптеген мәлімет алдыңдар. Қазір оқушымыз домбыра туралы өлең жаттап келіпті, соны тыңдайық. Домбыра екі ішекті, тоғыз перне Жарасар күйді тартып, айтсаң терме. Домбыра іші қуыс, сырты тақтай, Бірақ та сөйлемейді қолың қақпай. Білгенге домбыра бір өнер екен, Күткенді бұл да тәуір көреді екен. Домбыра екі ішекті ойнап қағам, Сіздерге ән айтайын келсе шамам. Күй тыңдау. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма 5 жолды өлең. | |
| Просмотров: 2019 | Загрузок: 827 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|