Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Қазақстан – кеше, бүгін , ертең.
[ Скачать с сервера (42.0 Kb) ] 2012-04-14, 1:39 AM
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – кеше, бүгін , ертең.
Сабақтың мақсаты:
Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.Тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Мәтіндермен жұмыс жасау барысында лексикалық қорын байыту.Сабақтың лексикалық минимумын қалыптастыру,оны сөйлесімде пайдалануға үйрету;
Тәрбиелік: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: коммуникативті, салыстырмалы, Вассельман технологиясының «Антивирус» элементі, СТО технологиясының элементтері, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: видеосюжеттер,презентация, ойындар,мини-мәтін.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу. Тіл дамыту мақсатында кезекшімен диалог:
-Класта кім кезекші?
-Бүгінгі сабағымызда кімдер жоқ?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Қазақ тілі нешінші сабақ? Т.б.
Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Негізгі бөлім:
Сабақты бастамас бұрын жаттықтыру жұмысын өткізу: Қазақстан деген сөзді әрқарай өрбіт. Мысалы:
Қазақстан. Егеменді Қазақстан. Егеменді Қазақстан дамиды. Егеменді Қазақстан әрқашан қарқынды дамиды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Мұғалім сөзі: «Отан» деген сөзді естігенде есіңізге не түседі. Ассоциация туғызу. Ал біздің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Себебі бұл – тарих.
Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайды.
Енді,мына видеосюжетті тамашалайық. (Қазақстанның тарихына шолу жасайтын видеоролик)
1.Жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық
3.Репрессия
4.Ұлы Отан соғысы
5.Желтоқсан оқиғасы
Біздің еліміздің басынан қандай қиын-қыстау кезең өтті? Желтоқсан оқиғасына бөлек тоқталайық:1986 ж. Желтоқсан оқиғасы Кеңес империясының тоталитарлық режиміне тұңғыш рет қарсылық ретінде тарихта қалды.Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира, Мырзағұлдар- елдің нағыз ерлерінің ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз. Екі оқушының жатқа өлең жолдарын арнауы. (Мирасбек және Сүндет).

Топтастырайық:
Қазақстан кеше

Жоңғар шапқыншылығы Ашаршылық

Репрессия ҰОС Желтоқсан оқиғасы
Мини-мәтінмен жұмыс:
Оқушыларға мәтіндер, сөздіктер үлестіріледі.Аударма ,түсініксіз сөздердің мағынасын сөздік арқылы өз бетінше ашады. Сол жаңа сөздерді тақтаға жазады. Жаңа сөздермен жұмыс.Хормен айту, сөздіктеріне жазып алу.(Сол уақытта қонақтарға Астана қаласының көріністері көрсетіледі). «Антивирус» стратегиясы. Мұғалім теріс мағлұмат беріп, оқушылар оны түзейді.
Мини-мәтіндер:
1. Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
2.Қазақстан біздің сүйікті-Отанымыз.Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары,айдын шалқар көлдері,жайыла аққан өзендері,ормандары бар.
Осының бәрі Алтай менен Атырау,Ақжайық мен Алатудың аясында құлаш жайып,жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.
3. «Отан отбасынан басталады»-деп халқымыз айтқандай,Оған кең мағыналы,қасиетті ұғым.Әрбір адамның отбасы,тұрған мекенні,өскен ортасы,аймағы,мемлекеті-оның жарық дүниедегі жансаясы,өмір өрісі,оттай жандырған Отаны.
4.1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.
5.20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.
6.1986 жылдың желтоқсаны.
Атыраудан Алтайға, Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұл түйірілді.

Қазақстан бүгін.(Бүгінгі күннің тарихына шолу)
Қазіргі кезде Қазақстан қандай? Оқушы жауабын тыңдау
Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін. (Қазақстанның бүгінгі күні туралы слайдтар көрсету).
“Елдің жастарға жасауы”
Тәуелсіз елдің жастарына жасалып жатқан шараларды топтастыру
Бала құқығын қорғау конвенция
Үштұғырлылық – заман талабы
Оқу кабинеттері жасақталуда
Мектептер,балалбақшалар саны көбеюде
Интерактивтік жүйе енгізілуде
Халықаралық “Болашақ” степендиясы тағайындалды
Жоғарғы оқу орындарын ашу
Жастар саясаты қолдау алды
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
• Ертең (ертеңгі күнге болжау жасау )Оқушылар өз жобаларын жасап, қорғап шығады.Мысалы: Коняева Эльнара «Болашақ мектеп қандай болу керек» тақырыбында жаңа мектеп жобасын жасап таныстырады.т.б
Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)
Бекіту: « Білгім келеді !» ойынын ойнату.Қателескен жерлерін түзеу,қайталау.
Оқушылар тақта алдына шығып ант етеді:
Біз тәуелсіз, бәсекеге қабілетті, бай, экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы елдің нағыз патриоты болуға ант етеміз!
Үйге тапсырма: «Мен егеменді елдің болашағымын» тақырыбына эссе жазып келу.
Мендигалиева Гүлмира Жексенқызы,
Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы,Талов ауылының
Ғ.Сарбаев атындағы ОЖББ мектеп-балабақшаның
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: serega72
Просмотров: 15064 | Загрузок: 763 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.4/11
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2025-12-30, 5:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru