Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (70.0 Kb) ] | 2012-05-02, 12:38 PM |
6 класс Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі» ( «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді) Күтілетін нәтижелер: 1. Оқушы Абай Құнанбаев туралы білімдерін еске түсіріп,жинақтайды 2. Өз бетімен мәтіннің мазмұнын түсініп, меңгереді 3. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады 4. Алған ақпаратты топ мүшелеріне түсінікті түрде жеткізе алады 5. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қоя алады 6. Оқиғаға байланысты өз көзқарасын айта алады 7. Сабақ барысында коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады 8. Мәтіннің мазмұнын қысқаша түрде жеткізе алады 9. Сұрақтарды талқылауға қатыса алады 10. Өз тобының көзқарасын басқа топтардың көзқарастарымен салыстыры алады Сабақтың барысы Ұйымдастыру бөлімі Ой қозғау Абай туралы біз не білеміз? 1. «Абай» тақырыбы бойынша әр оқушы дәптеріне өз білгенін жазады,нәтижесін жұппен,кейін шағын топта талқылайды. 2. Осы тақырыптағы жұмысын топтар презентациялайды (көрсетеді). 3. Ортақ тізім жасалады. 2. Мағынаны ашу. Мәтінмен жұмыс. 1.Мәтінді оқып, түсініксіз сөздерді белгілеңдер. 2.Сөздікті пайдалана отырып, сөздердің мағынасын ашыңдар. 3. Берілген үзіндіні оқып, мазмұнына байланысты сұрақ құрастырыңдар (Сұрақ қағазға жазылып, жүргізушіге беріледі. Жүргізуші берілген сұрақтарды арнайы қорапшаға салады. Мәтінді тағы да бір рет мұқият оқып болған соң, әр оқушы жүргізушінің жанына келіп, бір сұрақтан алады. Сұраққа дұрыс әрі толық жауап беруі тиіс. Қалған оқушылар қойылған сұрақ пен берілген жауапты бағалайды және кім білгір екенін анықтайды «Кубизм» стратегиясы 1.Әңгімеде бала Абай қалай бейнеленген? 2.Әжесі Абайға қандай ертегілер айтып берді? 3.Үйге келген екі қонақ Абай үшін неге қадірлі болды? 4.Абайдың жасы сендермен шамалас.Өздеріңмен ұқсастық бар ма? 5. Абай неге Барлас пен Байкөкшені, анасы арқылы салмақ салып, бір ай бойы жібермеді? 6.Өз әжелерің туралы әңгімелеп беріңдер. 3. Рефлексия «Синквейн» жазу Үлгісі: Бірінші жол- тақырыпты сипаттайтын бір сөз (зат есім). Екінші жол- тақырыпты сипаттайтын екі сөз ( сын есім). Үшінші жол- тақырып бойынша іс- әрекетті білдіретін үш сөз (етістік). Төртінші жол- тақырыпқа көзқарасын білдіретін төрт сөз. Бесінші жол 1. Оқушылар синквейінді дәптерлеріне жазады. 2. Жұппен,топпен талқылайды. 3. Ең үздік синквейн класта оқылады. 4. Үй тапсырмасы. Эссе жазу. | |
Просмотров: 1830 | Загрузок: 221 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|