| Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
| 2012-08-23, 9:09 PM | |
| ШҚО облысы Өскемен қаласы № 32 орта мектеп Амербекова А.Б. қазақ тілі мұғалімі Куимова Т.И. ағылшын тілі мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Қазақстан- туған жерім My Native land – Kazakhstan Сабақтың мақсаты: Білімдік Оқушылардың мемлекеттік тілді, ағылшын тілді қалай меңгергенін тексеру, белсенді ойлауға үйрету. Қазақстан туралы алған мәліметтерді қайталау. Дамытушылық: Оқушылардың зейін, есте сақтау қабилетін дамыту. Оқущылардың ауызекі сөйлеу және сөйлесу мәде- ниетін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, қалаға сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, география Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ Сабақ әдісі: ауызекі сөйлеу, сөйлесу Көрнекілік: презентация: Қазақстан – туған жерім My Native land – Kazakhstan Сабақтың кезеңдері Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабағымызға көптеген қоңақтар келді, өйткені сабағымыз дәстүрлі емес ашық сабақ. Осы сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы алған мәліметтерді жинақтау, қайталау. Жас ұрпақ жастар, Жаңа Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңызда! Бүкіл Қазақстандықтар бақытты жандар, өйткені біздің елімізде қаншама ұлт тұрса да өзара тату тұрып жатыр. Ал, бейбіт – барлық жақсылықтың кепілі. 1989 жылы қабылданған « Тіл туралы» заңында былай жазылған: «Қазақстан Республикасында тұратын әрбір азамат ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді білуі қажат. Республиқадағы қоғамдық қатынастарының барлығы қаазқ тілінде жүргізілуі тиіс» Тілге құрмет – елге құрмет. Қазқ тілін меңгеру- туған жерді, елді, Отанды сүю деген сөз. Сонымен қатар бүгінде Елбасымыз айтқандай. Бір тілд білу аз, кемінде 3 тіл білу керек. Бұл ең бірінші мемлекеттік тіл білу, өз ана тілін білу және халықаралық ағылшын тілін білу керек. Сабақ барысында да біз ағылшынша да сөйлейміз. Cендер бүгін топпен жұмыс істейсіңдер. әрбір топ сабаққа дейін (бір жұма арасында) тапсырма алды. 1 топ- Қазақстан туралы мәліметтер жинады ( қазақша) 2 топ – Астана туралы (ағылшынша) 3 топ - Өскемен туралы (қазақша) 4 топ – Шығыс Қазақстан туралы «ағылшынша) Отан туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Ортаға шығып айтамыз. 3 өлең ( қазақша, орысша, ағылшынша) Ал енді қандай мақал- мәтелдер Отан, білім, тіл, оқу, достық туралы екі тілде білеміз? Оқушылар орнынан мақал- мәлдерді жатқа айтады. Рахмет, сендерге. 1 топ сіздерге сөз. 2 оқушы сөйлесу: Қазақстан туралы ( қазақша) 3 оқушы Мәтін: Қазақстан Елтаңба Ту Рахмет, 1 топқа. Кез келген халық ұлт болуы үшін, ең алдымен тілі болуы керек. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Ал ұлт юолған соң оның өз тарихы, сан ғасырлардан бері қалыптасқан салт- дәстүрлері, ұлттық тағамдары болады. Тұрмыс- салттарына байланысты әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері де бар. Мәселен, қазақ халқы, бәрінізге белгілі, көшпелі болған. Жазда жайлауға, қыста қыстаққа көшіп отырған. Сол жол жүрген кездерінде өздеріне қажетті бұйымдарын, азықтарын қоржынға салып жүрген. Қоржын қазіргі біздің сөмкелер мен рюкзактарымыз- дың орнына қолданылған. Біздің алдарымызда осы қоржын тұр. Бұл қоржын жай қоржын емес, сиқырлы қоржын екен. 1. Сендер қай республикада тұрасыңдар? 2. Where is our RepubIic SituaIed? 3. Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл? 4. What Languagesdo the people of Kazakhstan speak? 5. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? 6. Where do you Live in Kazakhstan? 7. Қазақ тілі қай тілдері тобына жатады? 8. What is favourite place in Oskemen? Рахмет. 2 топқа сөз берейік. Астана туралы (ағылшынша). Рахмет. 3 топ Өскемен туралы ( қазақша) 4 оқушы Мәтін: Өскемен қаласы Қаланың көшелері Өскемен қаласының әнұраны орындалады. 3 топқа рахмет. 4 топ Шығыс Қазақстан облысы ( ағылшынша). Рахмет. Бүгін бәрін де жақсы сабаққа қатысқансыңдар. Осымен « Қазақстан- туған жерім» атты ашық сабағымыз аяқталды. Сідерге көп рахмет. Роза Рымбаева « Қазақ елі» әні орындалады. | |
| Просмотров: 10310 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|