Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
2012-09-17, 7:20 AM
Семей қаласындағы
№32 ЖОББММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері
Рахимбаева Ж.К., Сайдуллаева И.Қ.


Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру


Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі-келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытта Елбасы Н. Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мэселелерін екшей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ мегзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше.
Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген. Түркі халқының үлы ғүлама ғалымы Жүсіп Баласагұн «Өнер керек жаһанды ұстап, ұғуга, Гүр арыстан керек құлан қууга» деп өнерге ерекше мән берген.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілін, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Сондықтан да өнерді түсіну, одан ләззат алу үшін оқушының бойындағы эстетикалық сезімін ояту шарт.
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең
маңыздысы-оқушыны жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді.
Эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй іші мен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден, мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшада алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрынғы сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың білімі күн санап, апталап кеңейе, тереңдей түседі.
Адал жарда болмаса ізі күдіктің- Құлай сүйген, жаны таза ақылды,
Бақыты сол, байлыгы сол жігіттің. Жақсы әйел құрметті етер атыңды.
Жаны сұлу-нұр құяды жаныңа, Шын ойласаң ошағыңның бақытын
Мейірім, мінез, шаттық тіле жарыңа. Адал жарың-байлыгың да, тынысың
Ж. Баласағұнның осы бәйіттері-ақ отбасындағы татулыққа, адалдыққа - үндейді және онда сақталуы тиіс эстетикалық, этикалық мәселеге қатты көңіл бөліп, адалдық, сұлулық, әдептілік негізін айқын дәлелдеген. Ақын идеяларының негізгі ойы-білім, ақыл, адамгершілік, сұлулық. Ол шынайы көркемдікті адамның рухани жан дүниесі мен эстетикалық сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Адамның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріп, оның адам сұлулығын, отбасы берекесін, көркемділігін сезінудегі орнының ерекше екенін атап өтеді. Аса көрнекті ақын, данышпан ойшыл Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» поэмасында адам өмірін эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеуге тырысады.
Адамзат баласына үнемі жақсылық жасау қажеттілігі туралы түсіндіруге ұмтылады. Жас ұрпақты қол өнер мен сан-саналы білімге баулу-ата-ананың басты парызы дей отырып рухани дүниені білім арқылы жетілдіру, сөз өнері, жақсы, жаман қасиеттері туралы даналық ойларын айтады.
«Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар» дей келе, дүниенің кілті- білімде деген үлкен ой тұжырымын жасайды.
Бұл тұжырым ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан бай мұрамыздың бірі-ауыз әдебиетінде де кеңінен көрініс тапқан. Бүгінгі таңда ауыз әдебиетінің озық түрлерінің бірі болып саналатын эпостық жырлар мен батырлар жырын үйрету, оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беру жоғарыдағы айтылған оймен үндестік табады. Ұлттық мұрамыз халықтық педагогиканың бай мұрасы-батырлар жырында ел қорғау, басқыншыларға қарсы күрес жолындағы батырлар ерлігі, олардың еліне деген сүйіспеншілігі, азаттық жолындағы жан қиярлық құштарлығы бейнелі түрде баяндалса, эпостық жырларда белгілі жыршылар домбыраға қосып, тартымды әуенмен жырлай білген. Күшті эмоциямен жырланған жыр тыңдарманның ынтасын арттырып, оны жақсылыққа итермелейді, өнегелі өмір сүруге баулиды. Өнерді сүйе білуге, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Мұндай жырлардағы қаһармандардың мінез-құлқы бейнеленген сәттері адам жанын тебірентіп, оның бойында көркемдік із қалдырады. Сөйтіп, көркем шығарма мен көркем өнердің батыл ұштасқан тұстары арқылы оқушы бойына эстетикалық сезім ұялап, эстетикалық тәрбие қалыптасады. Сондай-ақ, ақынның өнерді эстетикалық құрал деп қабылдауы беретін кездегі ақын- жазушылардың шығармаларында да кеңінен көрініс тапқан. Көрнекті жазушы Л.Толстой өз шығармаларында өнерді эстетикалық тәрбие мен руханилықтың құралы ретінде көрсете отырып «Өнер дегеніміз ойын емес. Бұл тек адамдардың өзара қарым-қатынасы, бұл қарым-қатынас оларды сол бір сезімдер арқылы байланыстырады» деп өз тұжырымдамасын берсе, К. Ушинский «Ана-тілі» мақаласында «Халықтың тілі- өте тамаша, өшпейтін, мәңгі жарқырайтын оның рухани өмірінің бояуы. Тіл арқылы бүкіл халық, отан рухтанады, онда халықтық ойдың рухы, оның ауасы, даласы шығармашыл күшке айналады» дейді. Сонымен қатар ол да эстетикалық-рухани тәрбиенің ішінде өнерге үлкен зейін аударып, оны қоғам дамуымен тығыз баланыста қарастырады.
Мектеп оқушысының рухани қорын, мәдени- эстетикалық деңгейін кеңейтуге халық ауыз әдебиеті үлгілері, музыка, музыкалық аспаптар мен қолөнер түрлері де көптеп әсер етеді. Бұл әсемдік тегін, сұлулық негізін табиғат жаратылысымен, адам мен табиғат, өнер құралдары арасындағы байланыспен сабақтастырады. Туған жер табиғатын қадірлеу, туған тілді сүю, айналасындағы адамдарға мейірімділікпен қарау, өзін қоршаған орта сұлулығын сезіну, оны көзінің қарашығындай сақтау, эстетикалық тұрғыда қабылдау азаматтық борышы екендігін зердесіне құя білген оқушы ғана рухани әсемдікті ұғына біледі және осы сезіммен ер жетеді.
Қоғамдық өмір мен әлеуметтік-ғылыми прогресс талаптарын орындау барысында оқушының эстетикалық көзқарысы қалыптасқан, эстетикалық мәдениетті меңгерген саналы тұлға етіп тәрбиелеу үшін эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру формалары және тәсілдерін жаңаша жүргізу қажет.
Мектептегі эстетикалық тәрбиенің жалпы мақсаты-оқушының айнала қоршаған ортаға деген тұлғалық- эстетикалық мәдениетін, көзқарасын қалыптастырып, оның шығармашылық әрекетін дамыту. Демек оның табиғатқа, еңбекке, ғылым-білімге, өнерге, адамдар мен қарым-қатынас әрекеттеріне, спортқа деген эстетикалық қарым-қатынасын дамыта отырып тұлғаның шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуына белсенді ықпал еткен абзал.
Мектеп оқушысының эстетикалық даму дәрежесінің әр деңгейде болуы, көбінесе отбасындағы тәрбиенің дамуы деңгейіне, білім және тәрбие шараларының сапасына, әр түрлі қоғамдық ортаның ықпалына байланысты болады. Сондықтан әрбір баланың эстетикалық көзқарасын, эстетикалық мәдениетін, эстетикалық сезімін қалыптастыру үшін олардың шығармашылық қызығуы мен қажеттілігін тұрақты түрде қалыптастыруды негізге айналдырған жөн. Ол үшін мектеп, отбасы және ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптастырған эстетикалық тәрбиенің мазмұны айтарлықтай рөл атқаратынын естен шығармауға тиіспіз. Өйткені, барлық кезең мен жасөспірім шақта эстетикалық білімдер мен шығармашылық дағдылар тұлғаның жеке дара дамуының бірден-бір құралы болады да, оның мектепті бітірген кезінде жоғарыда айтылғандардың негізінде эстетикалық мәдениеттің дамуы қалыптасады. Осыдан барып эстетикалық мәдениет үлесінде эстетикалық даму дағдылары жетіледі.
Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудағы басты мақсат-оқушыларды өнер құндылықтарын жасақтауға қатыстыру, тіл, сөз өнерін дұрыс меңгерту, әдепті сөйлеуге баулу, олардың бойында белгілі бір адамгершілік- эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті тудыру. Мұндай жұмыстардың игілікті түрде жүзеге асу үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі шарт.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, бүгінгі ұрпақ адам бойында кездесетін үлгілі , жақсы қасиеттер мен жағымсыз әдет-дағдылар жөніндегі бұрынғы өткен ұлы ғұламаларымыздың өсиеті мен өнегесін оқып біліп, оны көкейіне тоқып, одан өзіне керекті тәлім-тәрбиелерді бойына сіңіре білсе, нұр үстіне нұр болмақ.

[color=blue]
Категория: Мой Казахстан | Добавил: анарка
Просмотров: 7839 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/10
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-27, 2:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru