Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
2012-09-22, 2:46 PM | |
Семей қаласы №32 жалпы орта білім беретін мектебі Искакова Меруерт Төлеубекқызы Сабақтың тақырыбы: Бұқар өлеңдеріндегі Абылай бейнесі. Сабақтың мақсаты: Абылайхан туралы түсінік беру. Саясаты, ұстаған бағыты, қолбасшылық өнері, көрегендігі туралы мағлұмат беру. Білімділік: Бұқар жырау поэзиясының ақыл-нақыл, өсиеттік сипатын ұғындыру, алдынғы сабақта алған білімдерін бекіту. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорланын молайту, көркем сөздерді таба білуге үйрету, өз ойларын еркін жеткізуге төселдіру. Тәрбиелік: Оқушыларды жерін, елін сүюге тәрбиелеу.Абылай бейнесін үлгі ету. Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: сурет,кластер сызбасы,сызбалар, интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар. Сабақтың түрі : Бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, к ластер, конспектілеу. Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Біз бүгінге сабағымызды “Білім биржасы” әдісімен өткіземіз. Сіздер-акционерлерсіздер, Мен-банкирмін. Менің мақсатым-тапсырмалар ұсыну(акция). Сіздердің мақсаттарыңыз-тапсырмаиарды орындап акция жинау (жекелей, топпен). 3 топқа бөлінеміз: Ітопта Ізденіс тобының мүшелері отыр. 2топта Міндетті топтың мүшелері отыр. Зтопта Дамытушы топтың мүшелері отыр Топтармен танысамыз-(оқушылар орындарынан тұрады) С.Сейфулиннің сөзімен бастау: “Бүқар жырау Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршы, шешен, ақылшысы болған”. Сонымен біз өткен сабақта қандай тақырыпқа тоқталып едік? Оқушылар жауабы. Ендеше 18 ғ әдебиетін, Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп үй тапсырмасын тексеріп, Бұқар жырау тақырыбын бекітейік. Оны кластер әдісі арқылы жүзеге асырамыз: Кластер сызбасын оқушылар толтырады. 1 тармақ Бұқар жыраудың өмірі, өмір сүрген кезеңі. 2 тармақ Бұқар жыраудың шығармашылығы. 3 тармақ Үй жұмысын тексере отыра Абылай хан мен Бұқар жырауға мінездеме беру. 3 –тармақтың тапсырмалары: 1. топ - Таблицаны толтыру , өлеңнен Абылай туралы мағұлмат біліп келу Әдебиет, тарих өкілі Не білдік? Дәлелі 2 топтың тапсырмасы «Ей, Абылай, Абылай » өлеңін талдау Берілген өлең Көркем сөздер Нақыл сөздер 3 топтың тапсырмасы Абылай туралы, Бұқар туралы қосымша мәлімет жинақтау. Әркім өз жасаған жұмыстарын қорытып Абылай мен Бұқарға мінездеме береді. (кластер сызбасының 3 тармағын толтырады) Ой толғау : Бүгінгі сабақ туралы оқушылар өз ойларын айтады. Үйге тапсырма: І топ «Бірінші тілек тілеңіз» жаттау. 2,3 топ «Бұқар тақырыбы –ел бірлігі» шығарма жазу. Оқушыларды бағалау. Берілген жетондар арқылы бағалау Топтың мониторингісін жасау. Мониторинг сызбасы ушін оқушыларға қойылатын талаптар: 1. Сөздік қорлары мен ой толғаулары. 2. Өлең талдауы 3. Сабақтағы белсенділігі 4. Ізденістері | |
Просмотров: 6525 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|