Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Көктемгі жұмыс. Етістіктің шақтары. (бекіту)
2012-11-20, 8:02 PM
Тақырыбы: Көктемгі жұмыс. Етістіктің шақтары. (бекіту)
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Грамматиканы еске ала отырып, етістік туралы алған білімдерін пысықтау және етістіктің шақтарын жаттығуларды орындау арқылы бекіту. 2. Жаттығу жұмыстары арқылы тыңдау, сөйлеу, сұраққа жауап беру дағдыларын дамыту. Мақал-мәтелдер, тақпақтар айту арқылы тілдерін дамыту.Жұмбақтар жасырып, шешу арқылы ой -өрістерін дамыту,шапшаңдылыққа баулу. 3. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, еңбексүйгіштікке, жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдер мен тақпақтар айту, интерактивті тақта.
Жұмыстың түрлері: Ұжымдық, жеке.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.,оқулық.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:

Мен сабақты жұмбақ жасырудан бастағым келеді.

Слайд.

Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(қыс)

Слайд.

Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен,
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(көктем)

Қыс мезгілі өтіп, көктем мезгілі келді.
Дұрыс, қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Наурыз айы.
-Бүгін наурыздың нешесі?
-Наурыздың үші.
Ендеше өткен сабақта не жайлы оқып-білдік?
(Көктем құбылыстар.Етістіктің шақтары.)
(Үй тапсырмасы:”Мейірім” түсінік айту, сөздікті жаттау.)
Қанеки,”Аудармашы” ойынын ойнайық.. Бүгін біздің аудармашымыз Вераника

Слайд.

1) льдина - 4) замерзает-
2) почки- 5) облачно-
3) днем тает снег - 6) поздно-

Слайд.

Кеш (өткен шақ) Астанаға көктем кеш келді.
Бүршік (осы шақ) Ағаштарда бүршік атып жатыр.
Жер жібиді (келер шақ) Күндіз жер жібиді.

Үй тапсырмасын мазмұндау.

Демек, өткен тақырыбымызды қорытындылайық :Көктемде қандай өзгерістер болады екен?
Сурет бойынша сөйлемдерді не істейді? сұрағы арқылы аяқтап, етістікті табайық.
Қар, мұздар...............( ериді)
Құстар ұшып ............(келеді)
Қызғалдақтар.............(өседі)
Жылы жаңбыр ...........(жауады)

Видеоролик
Аңдар, құстар не істейді екен?
Слайд

Аңдар, құрт-құмырсқалар ұйқыларынан ..........(оянады).
Жалпы табиғат (не істейді?) оянады.
Ал, үй жануарлары, үй құстарында қандай өзгерістер болады?
Мысалы: тауық балапандайды.
Сиыр не істейді?
Сиыр бұзаулайды.
Түйе не істейді?
Түйе боталайды.
Қой не істейді?
Қой қоздайды.
Ешкі не істейді?
Ешкі лақтайды.
Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді. Олар көктемде егістікте, бау-бақшада жұмыс істейді. Бүгінгі лексикалық тақырыбымыз: «Көктемгі жұмыс»туралы болады. Ал, грамматикалық тақырыбымыз: «Етістіктің шақтарын» бекіту.
Көктемде қандай жұмыстар жүргізілетінін тірек сөздер қолдана отырып суреттер бойынша сөйлемдер құрып көрейік.
Оқушылар оқиды:
Слайд
- тазалаймыз (Біз ауланы тазалаймыз.)
- отырғызамыз (Саябақта ағаштар, гүлдер отырғызамыз.)
- аударамыз (Көктемде жер аударамыз.)
- құямыз (Гүлдерге, ағаштарға су құямыз.)
- егеміз (Ауламызға гүл егеміз.)
- әктейміз (Ағаштардың түптерін әктейміз.)
Етістіктің қай шағында айтылған? Дұрыс, келер шақта.
Етістіктің шақтарының жасалу жолдарын еске түсіру.
Онда оқулық бойынша 1-тапсырманы келер шаққа айналдырып жазу жұмысын орындайық.
Слайд бойынша тексеру.
2- тапсырманы таблица бойынша ауызша орындау.
Слайд
4- тапсырманы деңгейлеп орындау. 1- топ сөз құру.
2- топ сөз тіркесін құру.
3- топ сөйлем құру.
Енді көңілімізді оқулықтан бөліп мына ребусты шешейік.
Слайд.
Дұрыс жарайсыңдар!
Енді біздің тақырыбымыз еңбекке байланысты болғандықтан мына мақал-мәтелдерге тиісті етістіктерді қойып айтайық :
1. Еңбексіз іс (бітпейді.)
Еріншектің қолы( жетпейді.)
2. Ердің атын еңбек (шығарады.)
3. Еңбек ерлікке (жеткізеді.)
4. Сүйіп істеген іс( шаршатпайды.)
5. Төзім мен еңбек бәрін де( жеңеді.)
Тағы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Көктем, көктемгі құбылыстары туралы қандай жұмбақтар білеміз?
Рақмет, балалар. Сонымен көктемде қандай жұмыстар атқарылады екен?
Гүл отырғызамыз, ағаш егеміз, айналаны тазалаймыз, жерді аударамыз т.б.
Білімдерін бағалау. Үйге: 3-тапсырма.Диалог құру.
Осымен сабақ аяқталды.Келген қонақтарға не айтамыз?
Рақмет! Сау болыңыздар.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Эльвира
Просмотров: 4826 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2025-12-29, 11:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru