Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

урок казахского языка "Времена года" в 5 классе
2012-12-01, 7:38 PM
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың «Жыл мезгілдері» тақырыбына байланысты алған білімдерін жинақтап,сөздік қорын байыту.
2.Дамытушылық:тез ойлау,сауатты жазуды дағдыландыру,сөздерді өзара дұрыс байланыстырып,ойдыжүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік:оқушылардың мемлекеттік тілге деген кұрметін,қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар,теледидар.
Сабақтың түрі: ертегі
Сабақтың әдісі:тапсырмалар орындау,сөйлеу,сурет салу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
2. Қойылым:
Қыс,Жаз,Көктем,Кұз кездесті де тәжікелесті.Кім суретті жақсы салады?
Содаң соң бәрі сурет сала бастады.Суреттерін салып болған соң:
Күз:Мен әдемі күз орманын салдым.Ағаштардың жапырақтары сары,қызыл түсті.Құстар жылы жаққа ұшып барады.Оқушылар күзде мектепке барады.Ең әдемі жыл мезгілі-күз.
Қыс:Мен қысқы суретті салдым.Қыста қар жауады.Жер аппақ.Балалар шана,шаңғы,коньки теуіп жүр. Ең әдемі жыл мезгілі-қыс
Көктем:Мен көктемді салдым.Көктемде күн жылынады.Қар ериді.Құстар ұшып келеді. Дала гүлдейді.Ең әдемі жыл мезгілі-көктем.
Жаз:Мен жазды салдым.Жазда күн жарқырап,күн ысиды.Балалар суға шомылады,жидектер жинайды.
Ең әдемі жыл мезгілі-жаз.
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,қай жыл мезгілі ең әдемі?
Вместе: Бәрі әдемі.
2.Мұғалім:
Балалар,олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Жыл мезгілдері»
Бүгін бізге қонаққа жыл мезгілдері келіп отыр.
Бүгін олармен жақын танысамыз.
3.Қойылым «Жыл мезгілдері»
Автор:
Ерте-ерте заманда Мезгіл атты батыр өмір сүріпті.Батыр ұлдары мен қызының данышпан,өнерлі болуын армандапты.Бір күні төртеуін шақырып айтты:
Әке:
-Балаларым,төртеуін жерді аралап ,өнер үйреніп келіңдер.
автор:
-деп,балаларын сапарға шығарып салыпты.
Айлар өтіпті,жылдар өтіпті.Бір күні ұлдары Қыс оралыпты.
Қыс:
-Сәлеметсізбе,әке?
Әке:
-Сәлеметсіңбе,балам,Қысым.Байлықпен келдің бе?
Қыс:
-Халқыма қуаныш әкелдім.
Әке:
-Көрсет онда өнерінді.
Қыс:
-Бүкіл жер ақ қарға жамылды.Өзен,көлдер бетінде мұз қатты.Адамдар,балалар жылы киініп мұз айдынында коньки теуіп жүр,шаңғы,шана теуіп жүр.
Қар атысып ойнап жүр.Барлығы қуанышты.
Қыс: Балалар,қазір менің тапсырмамды орындап беріңдер:
1 топқа тапсырма :
Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыс желтоқсан айынан басталады.Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Қар жауады, боран соғады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Өзен, көлдердің бетінде мұз қатады. Мұз айдынында балалар коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды.
Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыста жаңа жылды қарсы аламыз.
2 топқа тапсырма:
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Ауа райы жылынады. Қар, мұз ериді. Су ағады. Ертең ауа райы жақсы болады. Шөптер, гүлдер шығады. Көктемде көп мерекелер бар. Олар: 8 -наурыз, 22 -наурыз, 1 -мамыр,7 -мамыр, 9 -мамыр.
Күзде күн суық болады.Жаңбыр жауады.Мектепте сабақтар басталады.
Жазда күн ыстық.Жазда біз суға шомыламыз,балық аулаймыз.
Жаз бойы демаламыз.
Әке:
-Жарайсың ,ұлым!Ризамын саған!
автор:
-Осы кезде:
Көктем:
-Сәлеметсізбе,әке?
Әке:
-Сәлеметсіңбе,балам,Көктемім.Байлықпен келдің бе?
Көктем:-Халқыма қуаныш әкелдім.
Әке:
-Көрсет онда өнерінді.
Көктем:
-Күн шығып,жылынып,қар ери бастады.Жер жасыл шалғынға киінді.
Түрлі гүлдер шыға бастады.Балалар гүл теріп жүр. Барлығы қуанышты.
Көктем: Балалар,қазір менің тапсырмамды орындап беріңдер:
Класстер:
Күз Қыс
Жыл мезгілдері
Көктем Жаз

Әке:
-Жарайсың ,қызым!Ризамын саған!
автор:
-Осы кезде:
Жаз:
-Сәлеметсізбе,әке?
Әке:
-Сәлеметсіңбе,балам,Жазым.Байлықпен келдің бе?
Жаз:
-Халқыма қуаныш әкелдім.
Әке:
-Көрсет онда өнерінді.
Жаз:
-Күн ыси бастады. Айнала жап-жасыл .Балалар атқа мініп,жарысып жүр,көлдің суына шомылып жүр.Адамдардың бәрі қуанышты.

Жаз: Балалар,бәріміз бірге ән айтайық.

Бозторғайым
1. Даланы мен де
Сүйемін сендей
Бауырмал құсым
Назыңнан әсем
Сазыннан әсем
Жаңылма құсым

қ-сы: Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба бозторғайым
Жылы ұяңа қоңбайсың ба бозторғайым.
Тауқымет тартып
Тарықпа жаным
Құшағымды ашып
Кеудеме басып
Берейін жалын
2. Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба бозторғайым
Жылы ұяңа қоңбайсың ба бозторғайым.
Әке:
-Жарайсың ,ұлым!Ризамын саған!
Автор:
-Осы кезде:
Күз:
-Сәлеметсізбе,әке?
Әке:
-Сәлеметсіңбе,балам,Күзім.Байлықпен келдің бе?
Күз:
-Халқыма қуаныш әкелдім.
Әке:
-Көрсет онда өнерінді.
Күз:
-Жер бидай сарғыш тартып,егіншілер астықтың астында қалды.Қырманда тау-тау бидай жатыр.Бақшада жемістер пісіп,адамдар жемістерді жинап жатыр.Адамдардың бәрі қуанышты.
Күз: Балалар,бізге қонаққа көкөністер келді:
«Көкөністер дауы» қойылымы.
Жүргізуші :
Биыл астық көп өсті
Сәбіз,картоп,қызанақ
Бір-бірімен дауласты.
Көкөністер,сендерден
Кім тәттісі,керегі.
Қызылша:
Мен қызылша тәттімін
Мені көжеге де,салатқа да қосады.
Менен жақсысы жоқ.
Орамжапырақ:
Сен,қызылша,сөйлеме?
Көжеге мені,орамжапырақты қосады.Мені кішкентай қояндар жақсы көреді.
Қияр:
Мені тұздалған қиярды жеп көріңдер.Сендерге ұнайды.
Сәбіз:
Ең тәттісі менмін
Мені же,мықты боласың.
Қызанақ:
Сен, сәбіз,сөйлеме
Ең тәтті,ең дәмді қызанақ шырыны менен.
Картоп:
Мен-картоп үлкенге де,кішіге де керекпін.
Жүргізуші:
Көкөністер,дауласпандар.
Сендер барлығын тәттісіңдер,керексіңдер.
Әке:
-Жарайсың ,ұлым!Ризамын саған!
-Балаларым,сендер халық үшін туғансыңдар.Өмір бойы өз халқына қызмет етіңдер.Халық қуанса,сендер де қуанасыңдар.Сендерді халық Жыл мезгілдері десін.Тату болыңдар.
Автор:
-деді әкесі.Содан бастап Жыл мезгілдері жыл сайын кезектесіп келіп отыратын болыпты.
5.Қорытынды:
«Бұл қай кезде болады?» өлең-жұмбаққа жауап беру.
1.Бұлттар төңіп,жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
қырау басып,қар жауып,
Дала аппақ болады.
Бұл қай кезде болады? (қыста)

2.Күн жылынып,қар еріп,
Сарқырап сайға толады.
Шөп шығып,мал төлдеп,
Наурыз тойы келеді
Бұл қай кезде болады? (көктемде)

3.Күн де ысып,шөп пісіп,
Ел пішенін орады.
Суға түсіп,күнге күйіп,
Балалар мәз болады.
Бұл қай кезде болады? (жазда)

4.Өрік,алма,шие,алмұрт,
Жидек,жүзім піседі.
Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз.
Дүкендерге түседі
Бұл қай кезде болады? (күзде)
6. Сабақты бекіту:
(диалогты рет-ретімен жинап алып,оқып беру)
1 топ:
-Сәлем!
-Сәлем!
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
- Оларды ата!
- Олар: қыс, көктем, жаз, күз.
- Қыста ауа райы қандай?
- Қыста ауа райы суық, аяз болады, қар жауады, кейде боран соғады
- Көктемде ауа райы қандай?
- Көктемде күн жылынады. Қар және мұз ериді, салқын жаңбыр жауады.
- Жазда ауа райы қандай болады?
- Жаз жылдың ең жылы мезгілі. Жазда аспан бұлтсыз, күн ашық болады. Кейде жылы жаңбыр жауады.
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Күзде ауа райы салқын.
- Сау бол!
- Сау бол!
2 топ.
- Сәлем!
- Сәлем!
- Сен жазғы каникулда қайда барасың?
- Мен жазғы каникулда ауылға барамын.
- Ауылда кім тұрады?
- Ауылда атам мен әжем тұрады.
- Ауылдың жанында не бар?
- Ауылдың жанында өзен және орман бар.
- Ауыл қайда орналасқан?
- Ауыл қалаға жақын, таудың етегінде орналасқан.
- Сен бос уақытта не істейсің?
- Мен бос уақытта тауға шығамын, гүл теремін. Өзенге барамын, шомыламын, балық аулаймын, күнге қыздырынамын.
- Саған ауылда демалу ұнайды ма?
- Маған ауылда демалу өте ұнайды.
- Сау бол!- Сау бол!
Балалар осымен жыл мезгілдеріне саяхатымыз аяқталды.
7.
Үйге тапсырма
Бағалау
Категория: Мой Казахстан | Добавил: swetlana23
Просмотров: 2598 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2025-12-31, 0:29 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru