| Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
| [ Скачать с сервера (39.5 Kb) ] | 2012-12-06, 8:09 PM |
| Сабақтың тақырыбы: Тіл тарихы туралы ойлар Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау (ашық сабақ) 9-сынып Сабақтың мақсаты: а) Тіл туралы мағлұмат беру. Жаттығу жұмыстары арқылы салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау. Тіл туралы ойлардан қорытынды шығара білуге дағдыландыру ә) Оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін байыту. Тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін, жазу дағдыларын дамыту б) Оқушыларды қазақ тілін құрметтеуге, қадірлеуге, қазақша сөйлеуге тәрбиелеу Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ауызекі сөйлесу Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих Көрнекілік: слайдтар, оқулық Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі - Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Тіл туралы айтылған ақын-жазушыларымыздың өлеңдерінен үзінді жаттау. - Өлеңде не туралы айтылған? - «Өз тіліңді құрметте» дегенді қалай түсінесің? - Өлеңнің авторы кім? - Тіл сөзіне сұрақ қой, қай сөз табына жатады? ІІІ. Жаңа сабақты бастамас бұрын салалас құрмалас сөйлемдерді қайталап, еске түсірейік. - Құрмалас сөйлем дегеніміз не? - Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? - Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? - Салалас құрмалас сөйлемнің сабақтас құрмалас сөйлемнен қандай ерекшеліктері бар? (Венн диаграммасы арқылы топтау, топтастыру, слайдтар көрсету) Енді, балалар, салалас құрмалас сөйлемге өмірмен байланысырып, сөйлемдер құрастырамыз. (дәптерлеріне жазып, мысалдарын тақтаға шығып, синтаксистік талдау жасату) Жаңа сабақты меңгерту -Балалар, тіл туралы қандай мәліметтер білесіңдер? (Балалардың жауабы) Слайдқа тіл туралы мәлімет шығарылады. Әлемде 6000 тіл бар. Халықаралық тілдер: ағылшын, орыс, араб, испан,француз, қытай тілдері. 6000 тілдің ішінде 600-нің ғана жазу-сызуы бар. Олардың ішінде 200-дей тілдің мемлекеттік мәртебесі бар. Солардың ішінде өзіміздің қазақ тіліміздің мемлекеттік мәртебесі бар. Тілдер әлеуметтік жағдайына қарай : сырқат тілдер және саламатты тілдер деп бөлінеді. А) Сырқат тілдер- демографиялық тірегінен айырылуға шақ тілдер Б)Саламатты тілдер – демографиялық тірегі мықты, әдебиленген, мемлекеттік мәртебесі бар Оқушыларға өздеріне сұрақтар қойғызып,жауап бергізу 1.Расул Ғамзатовтың сөзін тақтаға жазып, синтаксистік талдау жасату. «Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын» 2. Оқулықпен жұмыс. 58 беттегі мәтінмен жұмыс(сөздік). Сұрақтарға жауап беру. 3. Балалар, үйге берілген тіл туралы жаттап келген өлеңдеріңді дәптерлеріңге жазып, өлеңге морфологиялық талдау жасау. Деңгейлік тапсырмалар орындау. 4. Өлең шумақтарынан сөйлем құрастыру. Үлгі: Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Ана тілің ұятың болып бетімізде тұр, сондықтан өз тіліңді құрметте. 5. Сәйкестендіру 1. Тіл қатынас белсенді 2. Әр тіл ғасырлар бойы құралы 3. Тіл..... қатынас құралы өзгереді 4. Даму барысында тіл қалыптасады қалыптасады IV. Сабақты қорытындылау. Бағалау. -Балалар, сендер бүгінгі сабақта не білдіңдер? - Тіл туралы заң қашан шықты? - Тілдер күні қашан тойланады? V. Үйге тапсырма. 59 бет 7- тапсырма. Морфологиялық, синтаксистік талдау жасау. Батыс Қазакстан облысы Теректі ауданы Подстепный 1 ОЖББМ Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде мұғалімі Базарова Изагүл Базарқызы 7б сыныбы | |
| Просмотров: 3867 | Загрузок: 479 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|