Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (49.5 Kb) ] | 2013-02-06, 8:59 AM |
Сабақтың тақырыбы: Қазақтан Республикасының саяси жүйесі. Түбір мен қосымша. Сабақтың мақсаты: білімділік - парламент және оның құрамын, атқаратын рөлі мен қызмет тәртібінің жүйесі туралы қазақша айту мен түсінуді үйрету, тіл білімінің әр салалары бойынша алған білімдерін қорытындылап, теориялық білімін іс жүзінде пысықтап, біліктілігін арттыру, тест сұрақтармен жұмыс; дамытушылық – жаңа тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын дамыту, білімділігін арттыру қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік – ойларын еркін жеткізуге, жүйелі сөйлеуге баули отырып, мемлекетіміздің ең қымбат құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге үйрете отырып оларға адамгершілік тәрбиесін беру. Мұғалімнің міндеті: Парламент, Сенат туралы, олардың атқаратын қызметі туралы ақпарат беру. Оқушы нені білу керек: Парламент сөзінің мағынасын білу керек, оның құрамын, Сенат пен Мәжілістін айырмашылығын білу керек. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлік презентация, жаңа сөздер, тірек сызбалар. Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгіме – сұхбат құру, жаттығу жұмыстары. Түрі: аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: құқықтану, тарих, география. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру; 2) Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау; 3) Оқушының бүгінгі сабаққа назарын аудару; 2. Үй тапсырмасын тексеру. «Алматы – еліміздің оңтүстік астанасы» мәтіні бойынша түсінік айту. ( тірек сөздер бойынша.) 3. Жаңа сабақ. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Парламенті және оның құрамы туралы мәлімет беру. а) Парламент сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? « Парламент » сөзі француз тілінен аударғанда « сөйлеу » деген мағынаны білдіреді. Сөздікпен жұмыс: Бостандық – свобода Біртұтас – единая Тұрады – состоит Президенттік жүйе – президентская форма правления Тармақ – здесь; состоит из таких ветвей Заң шығарушы билік – законодательная власть Атқарушы билік – испольнительная власть өзіне берілген өкілдіктер шегінде – в пределах своих полномочий құқықтық – правовое Оқулықтағы жаңа сөздер бойынша жұмыс: ә) Сөз - сөз тіркесі – сөйлем. б) Мәтінмен жұмыс. ( Оқылым бойынша) 1. Мұғалімнің оқуы. 2. Мәтінді оқушыларға оқыту. 3. Мәтін мазмұнын баяндау. ( тірек сызба бойынша.) 4. Мұғалімнің сөзі. Сенат латын тілінен аударғанда қария деген мағынаны білдіреді. ҚР – Парламентінің сенаты екі жолмен жасақтанады. Оның біріншісі - әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, екінщісі – сенат өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған он бес депутаттан тұрады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл. Мәжілістің қазіргі құрамы партиялық тізімі бойынша сайланатын 98 және Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын 9 депутаттан, жиына 107 депутаттан тұрады. Мәжілісте жасы 25 толған республика азаматы бола алады. 5. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. ( топ бойынша.) 1. Қазақстан қандай мемлекет? 2.Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы не? 3. Елімізде билік жүйесі қандай? 4. Парламент немен айналысады? 5. Парламент неше палатадан тұрады? 6. Еліміздегі билік жүйесі қандай тармақтардан тұрады? 7. Атқарушы билік дегеніміз не? 6. Балалар, бүгінгі сабақта лексикалық тақырыппен қатар, ҰБТ сұрақтарында жиі кездесетін грамматикаға қатысты -түбір мен қосымшаны есімізге түсіруіміз керек. Мына кестеге назар аударайық. Сөз құрамына түбір мен қосымша кіреді. Түбір дегеніміз сөздің түпкі мағына беретін бөлшегі. Түбір негізгі және туынды болады. Ал қосымша жұрнақ пен жалғаудан тұрады. Қосымша ешқандай лексикалық мағына бермейді. Тек қана грамматикалық мағына үстейді. Жалғау мен жұрнақ өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Жұрнақ – сөз тудырушы, сөз түрлендіруші болып бөлінеді. Жалғаулардың түрлері: көптік, тәуелдік және септік және жіктік. 7. Тапсырма. Берілген сөздерді қосымшалардың түрлеріне қарай бағандарға бөліп жазыңдар. Жұрнақ Тәуелдік жалғау Жіктік жалғау Көптік жалғау Септік жалғау Шешімдері, жасқа, біліктілік, түрлі, жергілікті, мақсатпен, азаматтарымыз, орындаймын, төрелік, соттың, болмақшы, мүдделісің, құқығым, құзырлы, құндылықтар, саясаттан, заңды, мемлекетіміз, атқарушы, жүзеге асырады, рухани, міндетіміз, халықты, тәртіпсіз, әлеуметтік. 8. Тест сұрақтарына жауап. 1.Дара түбірді тап. а) мәдениет сарайы ә) кестеде б) ата – ана в) он бес 2.Түбірлес сөздерді көрсет. а) жолдау, жариялау, жобалау ә) Бағыт, бағдарлама, бағбан б) тіршілік, тазалық, тәуелсіздік в) оқу, оқушы, оқулық 3.Жіктік жалғауын жалғаңыз Мен тұр... а) мын ә) сіз б) мін в) сың 4.Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз а) иттер ә) мысықтың б) қоянға в) құмырсқадан 5.Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғанын көрсет а) домбырагер ә) қобызші б) күйші в) бишы 6.Сазгер деген сөзге көптік жалғауын жалға а) лар ә) дер б) лер в) дар 7. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жаз Менің елім... Халықтың дәстүр... Сіздің құқы... Сенің өмір... 8. Мына сөздерге түбірлес сөздерді жаз а) жол ә) қонақ б) дос в)сый Сабақты қорыту. Балалар бүгінгі сабақта парламент туралы не білдік? Үй тапсырмасы. Берілген сөздердің сөз тіркестерінің мағынасын басқа сөздермен жазу. 63 – бет номер 1.1 Оқушылардың білімдерін бағалау. Қосымша Берілген сөздерді қосымшалардың түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар. Шешімдері, жасқа, біліктілік, түрлі, жергілікті, мақсатпен, азаматтарымыз, орындаймын, төрелік, соттың, болмақшы, мүдделісің, құқығым, құзырлы, құндылықтар, саясаттан, заңды, мемлекетіміз, атқарушы, жүзеге асырады, рухани, міндетіміз, халықты, тәртіпсіз, әлеуметтік. Жұрнақ Тәуелдік жалғау Жіктік жалғау Көптік жалғау Септік жалғау Берілген сөздерді қосымшалардың түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар. Шешімдері, жасқа, біліктілік, түрлі, жергілікті, мақсатпен, азаматтарымыз, орындаймын, төрелік, соттың, болмақшы, мүдделісің, құқығым, құзырлы, құндылықтар, саясаттан, заңды, мемлекетіміз, атқарушы, жүзеге асырады, рухани, міндетіміз, халықты, тәртіпсіз, әлеуметтік. Жұрнақ Тәуелдік жалғау Жіктік жалғау Көптік жалғау Септік жалғау | |
Просмотров: 1200 | Загрузок: 793 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|