Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Баймагамбетова А.А., учитель казахского языка ССШ № 25 г. Актобе
[ Скачать с сервера (109.5 Kb) ] 2013-02-06, 9:49 AM
Сабақтың тақырыбы: Азаттың күн тәртібі. Атау септік. 4 класс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Азаттың күн тәртібімен таныстыру, сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету.
Дамытушылығы : Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын, ойындар, сөзжұмбақтар арқылы ойлау қабілеттін дамыту.
Тәрбиелілігі: Азаттын күн тәртібін балаларға үлгі өнеге етіп, уақыттарын бос өткізбей тиімді пайдалануға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : аралас сабақ .
Әдіс тәсілдері: тест сауалдары, іздену, үйрету, сұрақ жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер, сөзжұмбақ , интерактивті тақта, кластер ойыны.
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме?
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Аптаның қай күні? Қазір қай ай? Бүгін нешесі?
Көңіл-күйіңіз қандай? (Оқушылар смайлик арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді , смайликті тақтаға іледі ). Көңіл-күйіміз одан да жақсы болу үшін бір-бірімізге жақсы тілек айтайық. Қазақта мақал бар емес пе «Жақсы сөз- жарым ырыс» деген. Бәріміз шеңберге тұрайық, бір-бірімізге тілек айтайық. Сабаққа дайындықтарың қалай ?
Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім сұрақ қояды:
-Бүгін кім ерте тұрды? (оң қолдарын көтеру);
-Кім бүгін жақсы баға алғысы келеді? (бастарын сипайды);
-Бүгін кімнің таңғы асы тәтті болды? (іштерін сипайды).
- Өте жақсы ! Олай болса, сендерге бүгін сабақта не істейтінімізді айтайын.

II . Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту .
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың презентациясын қарау.
Енді балалар, жаңа сабаққа көшер алдында, сабаққа белсенділіктеріңді арттыру үшін, сөзжұмбақты шешіп жіберейікші! Орыс тіліндегі сөздерді қазақшаға аударып, тор көзге жазу керек.
школа 6. Сентябрь
понедельник 7.Декабрь
суббота 8.Сутки
неделя 9.Четверг
среда 10. Воскресенье

Осы сөздердің аудармасын тор көздерге толтырып шыққанда ,оқушылар өздері тігінен қандай сөз шыққанын табу керек .

«Күн тәртібі» деген сөз шығады .
Қандай ақылды балаларсыңдар! Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз да «Азаттың күн тәртібі» деп аталады. Мұғалімнің сөзі.Күн тәртібі туралы ассоциация

Күн тәртібі
уақытты дұрыс пайдалану үшін тәртіпті болуға үйрету

Мұғалім: Азат деген бала үшінші сыныпта оқиды екен. Сендер қалай ойлайсыңдар ол қандай бала екен?
Көрейік: интерактивті тақта арқылы Азаттың күн тәртібін оқушыларға көрсетемін. Көріністі көріп шыққаннан кейін, балалар не көріп, не түсінгендерін айтады.
Топтық жұмыс. Бірінші топ (сурет бойынша орысшадан қазақшаға бірінші жартысында не істегенін айтып беру). Сергіту сәті (Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім алақанын соққанда оқушылар күн тәртібін қимылдарымен көрсетеді). Екінші топ (сурет бойынша орысшадан қазақшаға екінші жартысында не істегенін айтып беру). Ережені түсіндіру. Грамматикалық тақырып «Атау септік» туралы ертегі.
Ерте заманда Зат есім деген ауылда Септік атты аңшы өмір сүріпті. Септіктің жеті ұлы бар екен. Ұлдарының әрқайсысы әкесінен әр нәрсені білгісі келіп, әртүрлі сұрақтар қойып, мазасын ала беріпті. Әкесі балаларының азан шақырып қойған аттары болса да, олардың қойған сұрақтарына қарай жанама ат қойыпты.
Бірінші ұлы:
-Әке, анау кім? Мынау не?- деп, кез-келген нәрсенің атын білгісі келіп, «кім?, кімдер?, не? нелер?» сұрақтарын қоя бергендіктен, оған Атау деген ат қояды.
1-тапсырма (дәптерге жазу).
Кім?
Президент, ата, дәрігер, сатушы, спортшы, мұғалім, инженер, әнші, Қайрат, оқушы.
Не?
Аю, қалам, ит, сиыр, мысық, кітап, нан, сағат, көше, дәптер
Дарынды балалармен жұмыс (көпше түрде тұрған сөздерді түсіндіру).

Кім? Кімдер?
Оқушы Оқушылар
Адам Адамдар
Не? Нелер?
Қағаз Қағаздар
Кітап Кітаптар

Сабақты пысықтау мақсатымен интерактивті тақтаға Азаттың күн тәртібі туралы суреттерді ілеміз.
Суретпен жұмыс және сұрақ – жауап арқылы екеуара сөйлесу.

Азат нешінші сыныпта оқиды ?
Азат таңертең нешеде тұрады ?
Таңертеңгі асын нешеде ішеді ?
Мектепке нешеде келеді ?
Түскі асын нешеде ішеді ?
Сабағын нешеде оқиды ?
Кешкі тамағын нешеде ішеді ?
Сағат нешеде ұйықтауға жатады ?
Мұғалім: Өте жақсы, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Енді балалар бүгінгі танысқан жаңа сөздерді қаншалықты меңгеріпсіңдер, соны тексеру үшін жаттығу жұмыстарын орындайық.
Қазір мен үш топқа, үш түрлі сұрақтардан тұратын қима қағаздарды таратамын. Қима қағаздарында сөйлемдер берілген. Жаңа өткен сөздерді пайдаланып, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді жазу керек.
Сұрақтар:
Азат 7.30...................................................... ішеді .
Сағат 13.30 ................................................ ішеді .

1. Азат сағат 20.00..................................... ішеді .
2 . Сағат 21.00..................................................жатады .

1 . Азат сағат 13.30......................................ішеді .
2 . Азат сағат 20.30.......................................ішеді .

Қай топ жазып болса, жауабын тақтаға шығып жазсын.
Әр топтың балалары тақтаға шығып жауаптарын жазады.
Бағанадан бері өте көп жұмыс жасадыңдар. Сабаққа белсенді қатысып отырсыңдар. Жарайсыңдар балалар!
2-тапсырма.
Мен уақытымды дұрыс пайдалану үшін .... (өзіме күн тәртібімнің кестесін жасадым). Беті –қолымды жуып, ... (таңертеңгі асымды ішемін). Мектеп үйден алыс емес, .... (сондықтан мектепке дейін жаяу барамын). Мен бірінші... (ауысымда оқимын). Үйге келіп, түскі асымды ішемін...(біраз демаламын). Кешкі асымды ішіп болған соң, .... (кітап оқимын). Ұйықтар алдында ... (теледидар көремін).
САБАҚТЫ СҰРАҚ – ЖАУАППЕН ҚОРЫТУ .
-Балалар, бүгін сабақта нені үйрендік, не түсіндік, қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Қандай сұрақтарың бар?
- Күнделіктеріңді ашыңдар, үй тапсырмасын жазыңдар 51 бет сөздікті жаттау.
- Дәптерге әркім өз күн тәртібін жазып келсін.
Оқушылардың білімін бағалау: Үй жұмысын бағалау, сабақтағы алған білімдерін бағалау. Сау болыңдар!








Азат 7.30...................................................... ішеді.

Сағат 13.30 ................................................ ішеді.

Азат сағат 20.00..................................... ішеді.

Сағат 21.00..................................................жатады.

Азат сағат 13.30......................................ішеді .

Азат сағат 20.30.......................................ішеді.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: ирэн
Просмотров: 1536 | Загрузок: 249 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2026-03-05, 10:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru