Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (61.0 Kb) ] | 2013-11-04, 7:54 PM |
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп балабақша кешені қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жукеева Арайлым Серікбайқызы «Қазақ тілі- ғажап тіл» атты танымдық ойын Мақсаты: - Мемлекеттік тілді құрметтеуге, мәртебесі биік рухани құндылық екенін үнемі назарда ұстап, тіл жанашыры болуға насихаттау; - Кез келген ортада ауыз әдебиетінің үлгілерін біліп жүру, шешендік өнердің тарихын насихаттау. - Мұғалім, оқушы, ата- ана бірлескен топтар арқылы бірлікке, ынтымақтастыққа шақыру. Зерттеушілік, ізденушілік, қызығушылық қабілеттерін арттыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, жұмыс барысында қажеттілік тудыратын шиырмалар, мақалдар, қағаз, қалам. т.б. Барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Сыныпты мерекелік көңіл күй орнату, тілге қатысты даналық сөздер ілінеді. Жарысқа сынып оқушылары, ата -ана және оқушы еркімен мұғалім қатысады. Үш топ сынға түседі. Топ құрамында бес мүше болуы тиіс. Үш оқушы, бір ата-ана, сынып жетекші немесе мұғалім. Сыныпты дайындау, ата- ананы қатыстыру тіл мамандары мен сынып жетекшіге тапсырылады. Алдын ала ойынның бағдарламасында үй тапсырмасы беріледі. Ойынның шарттары: 1. Таныстыру. (Топ басшысын сайлау. Топтың аты, ұраны, төс белгісі) 2. Сұрақ- жауап. (Топ мүшелеріне сұрақтар қойылады. «Иә, жоқ» деген жауаптар алынады.) 3. Тұлғалар. (Жылдар сойлейді. Белгілі акын-жазушылардың өмір сүрген жылдары немесе кітаптардың аты беріледі, авторын табу керек.) 4. Орыс тілі бойынша сынақ. Орысша нұскаларын көрсету. 5. Үш тұғырлы тіл. (Орыс тілі, ағылшын тілдері бойынша білімдері сынға түседі. Берілген сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі, мақал, мәтін құру керек. 6. Абайдың даналық ойлары. Қара сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. 7. Үй тапсырмасы. Өнер көрсету немесе шығарма, өлең оқу. Барлық кезеңдер бойынша бағалар қойылады. Жеңімпаз болған топ «Тіл жанашыры» деген атқа ие болады. Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата- аналар! Мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Қазақ тілі- ғажап тіл» атты интеллектуалды ойнымызға ата-ана, оқушы, мұғалім қатысқалы отыр. Үш топты үлкен қошеметпен ортаға шақырайық. «Адам өзінің азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді», - дейді халық. Мүмкін, солай болар. Алдаркөсенің әкесі Алдан деп аталған екен. Шынында да, ол өмір бақи алданып өткенге ұқсайды. Содан да болуы керек, алданудан әбден зәрезап болған аңқау азамат тұңғышының атын «Алдар» қойыпты. Олай болса, Сіздерді бізді алдап кетпейтіндеріңізге көз жеткізу үшін танысып алайық. Үш топ таныстырады. - Шараның ашылуы, би орындалады. Ендеше, «Тілдер апталығына» қош келдіңіздер! Ойынымызды бастаймыз. Интерактивті тақта арқылы тақтаға ойын шарттары жазылады. Бірінші кезең. «Сұрақ-жауап» бөлімі Дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі. - Қазақ тілі мемлекеттік тіл ме? - Тіл туралы заң қабылданды ма? - Ұлтаралық тіл ағылшын тілі ме? - Абай қазақтың күйшісі ме? - Шоқан ақын ба? - Ыбырай мұғалім болған ба? - Сөйлем мүшелері бесеу ме? - Фонетика саласы сөйлемге қатысты ма? - Қожанасыр ауыз әдебиетінің кейіпкері ме? - Мектепте тілдерден сабақ беретін мұғалімдер саны жетеу ме? - Тілдер мерекесі қыркүйекте аталып өтіле ме? Бағалары айтылады. Ұпай сандары он балдық жүйемен бағаланады. Екінші кезең. «Тұлғалар» бөлімі Жылдар мен шығармалар тізімі беріледі. Авторларды табу керек. Екі жеребе тасталады. Орындарына барып, кеңесіп орындайды. Жылдар Шығармалар Авторы 1835-1865 Манас жыры 1846-1945 Алғадай туралы әрбір ой 1841-1889 Таза бұлақ 1873-1938 Қырық мысыл 1858-1931 Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек 1894-1938 Құлагер, 1845-1904 Ғылым таппай мақтанба 1893-1938 Бір адамға 1804-1846 Аягөз, кайда барасың? Үшінші кезең: Орыс тілі бойынша сынақ. Орысша нұсқаларын көрсету. Сәби кез-детство. Сүттей аппақ-белый. Аңғал, аңқау-доверчивый,наивный. Көзәйнек –очки. Құтқару-спасать. Қырсық-упрямый. Айып, кінә – вина, проступок. Дау-спор, Тағдыр-судьба, Білім-знание. Төртінші кезең: Үш тұғырлы тіл. (Орыс тілі, ағылшын тілдері бойынша білімдері сынға түседі. Берілген сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі, мақал, мәтін құру керек. Хайуанаттардың аттары орысша ағылшынша Түлкі Қасқыр Қоян Аю Арыстан Ит Бесінші кезең: Абайдың даналық ойлары. Қара сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Алтыншы кезең: Үй тапсырмасы. Өнер көрсету немесе шығарма, өлең оқу. Шара соңында жеңімпаз топ марапатталады. «Ана тілі» әні орындалады. | |
Просмотров: 2874 | Загрузок: 182 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|