Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (44.5 Kb) ] | 2013-11-04, 7:56 PM |
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп балабақша кешені қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жукеева Арайлым Серікбайқызы Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау. Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, есімдіктің түрлеріне қарай ажырата білуіне жаттығулар орындату. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлей білуге уйрету, сатылай кешенді талдай білуге дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Сөздік қорын молайтуға Тілді құрметтеуге,адамгершілік,сыйластық қасиеттерін оқушы бойына ұялату. Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта,сатылай кешенді талдаудың үлгісі, кестелер, есімдіктің түрлері т.б. Сабақтың түрі: қайталау Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс тілі,математика. Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, топтық жұмыстану, өзін-өзі бағалау. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Поэзия минуты. Күнделікті сабақтың басында үйге бір өлең оқу кезекші оқушылардың міндеті болып саналады. Сабақты бастамас бұрын сұрақтар қою арқылы оқушылардың сабаққа ынтасы мен ықыласы аударылады. - Зат есім дегеніміз не? - Сын есім дегеніміз не? - Сан есім дегеніміз не? - Есімдік дегеніміз не? - Есімдіктің түрлерін атаңдар? Үйге берілген жаттығуды тексеру. Жауаптар алынғаннан кейін,жаттығу жұмыстарын әр қатар орындайды. Өздері таңдаған сөйлем ішінен бір есімдікті сатылай кешенді талдап көрсету. - 211-213жаттығуларды орындау. Үш топқа беріледі. Есімдікті сатылай талдау үлгісі оқушыларга белсенді тақта арқылы көрініп тұрады. Берілген есімдіктер: сен, бұл, осы Сен Бұл сөз бір құрамнан тұр: сен. Тұлғасына қарай-сен негізгі түбір. Себебі сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі. Құрылысына қарай - дара. себебі бір ғана негізгі түбірден тұр. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар. Лексикалық мағынасы- жалпы ұғымға берілетін атау. Грамматикалық мағынасы - лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына- есімдік. Сен - кім?деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл- есімдік. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табын есімдік деп атайды. Мағынасына қарай - жіктеу есімдігі. Себебі белгілі бір жақтық ұғыммен қолданылып тұр. Бұл Бұл сөз бір құрамнан тұр: бұл. Тұлғасына қарай - бұл – негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі. Құрылысына қарай - дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр. Сөзде бір лексикалық,бір грамматикалық мағына бар. Лексикалық мағынасы -заттың орнына сілтеу мағынасында жұмсалатын сөз. Грамматикалық мағынасы - лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына есімдік. Бұл - қай ?деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл- есімдік. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табын есімдік деп атайды. Мағынасына қарай - сілтеу есімдігі. Себебі сілтеу, меңзеу, нұсқау, көрсету, мағыналарын білдіріп тұр. Тақтаға талдап көрсетіледі. Оқушыларға ауызша айтқызып, дағыландырып алып, кезекпен кезек ойын ретінде орындайды. Қорытынды. Үш топтың оқушылары талдауларын өздері тексеріп, бір - бірін бағалайды. Есімдік туралы білтіндерін топ басшысы кадағалап отырады. Әр топқа есімдік қолданылып тұрған мақал-мәтелдер тауып, жарыстыру Есімдік түрлеріне ажырату. Үйге тапсырма. Есімдіктерді қатыстырып, туған жер тақырыбына мәтін жазып келу беріледі. | |
Просмотров: 2484 | Загрузок: 249 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|