Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
2013-11-30, 12:21 PM | |
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ОҚУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САПАСЫНАН КӨРІНЕТІН БІЛІМ НӘТИЖЕСІ Калиева Гулнар Тураровна география пәнінің мұғалімі «№32 жалпы орта білім беру мектеп» КММ, Семей қаласы, ШҚО Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын , сонымен қатар айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабылетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: -креативтілік -белсенділік -әлеуметтік жауапкершілік - ой- өрісінің кеңдігі -танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Тұлғаның өсуі мен қалыптасуы өмір сүру ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде қарастырып бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сөзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп,ұстап,татып, ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»-деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді. Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек. Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен бірге жеке тұлғаның бойында мәдени рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра отырып оқыту ұрпағымыздың жер шарының кез- келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі география пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды жан-жақты дамыту,қиялы жүйрік тұлға ретінде баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру.География пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің болуы. Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді. Коммуникатвтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер: -оқушыларды өз бетінше талдауға -өз қызметіне мақсат қоюға - жоспарлауға,жинақтауға - қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге - сыни тұрғыдан шешім қабылдауға - өзін-өзі бағалауға - өзін-өзі реттеуге - өзін-өзі түсінуге - өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге - нені меңгергенін,нені меңгермегенін анықтауға - өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету Құзыретті оқушы даярлау мақсатында оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту». Ерекшелігі: оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Сол себепті, география пәнін оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәнінен «Отын-энергетика кешені» тақырыбы бойынша оқушылар берілген тапсырмаларда көмір өнеркәсібі маңызды болып табылатын аймақтардың алдыңда экономикалық, әлеуметтік, экологиялық қандай мәселелер тұрғандығы, бұл мәселелерді қалай шешуге болатындығын қарастырып, анықтап, жетістігін дәлелдеді. Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын артырып, оқушыны ізденуге жетелейді. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілгендігін көрсетеді. Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға – «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,-деген болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008 2. Егемен Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 3. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005 4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008 5.С.Бахишева «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы» Білім кілті(№1,2006) 6. «Қазақстан мектебі» журналдары № 3,7 56-58б 2010 жыл [size=14] | |
Просмотров: 13677 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|