Наша библиотека
Менің атам-батыр!
| 2014-03-28, 3:59 PM |
«Менін атам -батыр» Соғыс ардагерлеріне,мәңгі естелік дейміз,ол жәй сөз емес,ол ең мықты, сыйлы сөз,Ол сөзді мен соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштерде оқимын. Мен осындай ескеркіштерден өткенде,бірден есіме атам түсіп кетеді,көзіме жас келе бастайды.Аталарымыз біз үшін күрескенін жақсы түсінемін.Мен сияқты балалардың барлығы өз атасы туралы сұрастырып,есіне алып жүргенін калаймын.Көп сұрап,көп білген бала фашист болып өспей керісінше, потриот болып өседі,бейбіт өмір сүреді. Мен өз атам Кәрімжан Жалмұқанұлы туралы айтқым келеді, Менін атам-Батыр! Ол туралы естелік ешқашан өшпесін,мәңгі өмір сүрсін.Менің атам 1918жылдың 23 ақпанда, Бурабай курортында еңбек жолын бастады.Соғысқа 1941 жылдың 3 желтоқсанда 23 жасында аттанған екен.Бірінші Украйн фронтында танкші болған.Майданның соңында Берлинге дейін жеткен екен.Соғыстан 1946 жылы оралып Бурабай елінде бірінші жүргізушілер қатарында еніп еңбек етіпті.1947 жылы Қази Жалмұхамбетқызына үйленіп 7 бала сүйеді.1981 зейнеткерлік демалысқа шықты.Атам сол қайғылы соғыс туралы айтқанды ұнатпаған. 1987 жылы 8 қазанда өмірден өтті.Қазір атамның 20 немересі мен 18 шөберісі бар. Мен атамның Әлібек деген ұлынан тараған шөбересімін.Өзім батыр атам туралы деректерді жинаумен айналысудамын.Біздің Абылайхан мұражайында ардагер аталарымыз туралы жазылған деректер көп екен.Бұл мұражайдың иесі Шәмшиа апамызға көп рахметімізді айтамыз.Мектебімізде де соғыс арадагерлерін жие есімізге алып жүреміз.Біз үшін күрескен аталарымызға басымызды иеміз,мәңгі есімізде сақтаймыз,есімдері ешқашан өшпесін!
Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Әлібекова Әнел.
|
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Sholpan2014
|
Просмотров: 1515 | Загрузок: 0
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]