Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (45.5 Kb) ] | 2016-01-18, 6:20 AM |
Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру Қазіргі білім берудің басты мәселесі – баланың эстетикалық талғампазды тұлғасын дамыту. Эстетикалық тұлғаны дамыту барысында ең алдымен оның көпмәдениеттілігін дамыту мәселесі тұр. Көпмәдениетті тұлғаны дамыту процесі баланың жоғары талғампаздық қасиеттерін дамытудан басталады. Мұндай тұлғаны дамыту – баламен жұмысты ерте жастан бастайтын ұзақ әрі күрделі процесс. Қазіргі кезде Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар адамдардың түрлі саладағы мәдениетаралық қарым-қатынастарға үйіре бастады. Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтарға енуі, ашық демократиялық қоғамның құрыла бастауы қазақстандық жалпыжаһандық ойлау қабілеттілікке ие тұлғаның қалыптасуына әкелді. Ал мұндай тұлға, ең алдымен, көпмәдениетті тұлға. Ол құқықтық, географиялық, лингвистикалық, тарихи, эстетикалық және діни біліктерге ие болуы тиіс. Осылардың әрқайсысына белгілі түсініктер сәйкесті болады. Олай болса, болашақта көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру үшін оның келесі түсініктерін қалыптастыру қажет: - тарихи түсінігі – Отаншылдығы, жауапкершілікті сезінуі, өз елінің тарихына деген мақтанышы, басқа елдерге деген сүйіспеншілігінің болуы; - географиялық түсінігі – табиғатқа деген махаббаты, табиғи әсемдікке құштарлығы, қайырымдылықты, шынайылықтың болуы; - діни түсінігі – туыстары мен жақындарына жылы сезімдері, әділдігі, бауырмалдығы, шыдамдылығының болуы, қайырлы іс жасағаннан ләззат ала білуі; - лингвистикалық түсінігі - өзінің тіліне деген сүйіспеншілігінің болуы, өзге халықтың тілін түсінгені үшін өзіне қанағаттанушылығының болуы; - құқытық түсінігі – парызды өтеу үшін жауапкершілігінің болуы, өзгенің жағдайын түсіне білуі; - эстетикалық түсінігі – эстетикалық талғампаз болуы, әдемілікті түсіне білу қабілеттілігі. К | |
Просмотров: 1990 | Загрузок: 32 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|