Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан |
[ Скачать с сервера (7.9 Kb) ] | 2016-02-26, 2:06 PM |
Ағаділова Меңтай Ертайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі №104 жалпы білім беретін мектебі Алматы қаласы Сыныбы: 3 сынып Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты: Оқушылармен өткен сөз таптарын пысықтау. Білімділік: Оқушыларды сөз таптарына байланысты сұрақ қою арқылы білімдерін жетілдіру, дұрыс сұрақ арқылы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын байыту, білімділік дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу Түрі:Жаңа сабақ Сабақтың типі:Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелесу. Сабақтың ұйымдастыру түрі:сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс:әдебиетті оқу. Көрнекілік:Тақта, бор, кітап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: -Сәлемдесу, -Сабаққа назарын аудару, -Оқу құралдарын реттеу. ІІ. Үй жұмысы: -Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау, аудару. -Жаңа тақырыпқа дайындау үшін білімін тексеру -Үй тапсырмасын сұрау, тексеру -Сұрақ-жауап жұмысы ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. -Тіл дамыту. Оқушылырға сұрақтар қойылады: 1.Бастауыштан кейін қойылатын сызықша дегеніміз не? ІҮ. Оқулықпен жұмыс Етістік іс –қимылды білдіретін сөз табы. Етістік :не істеді? , не қылды ?,қайтты? сұрақтарына жауап береді. Ү. Дәптермен жұмыс -Дәптерімізді ашып күн ретін жазайық. 1- жаттығу.Өлеңді жатқа оқы. Ұнатады, мақтайды Аппақ түстің бәрін ел. Бізді аурудан сақтайды Ақ халатты дәрігер. 2-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз. Айдос келе жатып қар астында жаурап тұрған итті көрді. Ол итті қолшатырының астына шақырды. Екеуі қолшатырдың астына симады. Айдос итті мойнына көтеріп, екеуі де қолшатырдың астына сыйды. 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Бағбан көктемде қураған бұтақтарды бұтайды. Ат жегілген арба шөп тасиды. Асқардың туған күніне достары доп сыйлады. Аспанды қою бұлт жапты. Ақын өлең жазады. Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшады. Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды. 4- жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы. Қаз бен үйрек 110 градусқа дейінгі суыққа төзеді. Керіктің тілінің ұзындығы 60 сантиметрге жетеді. Аралар сары гүлдерге көбірек қонады. Кактус жылына бір рет гүлдейді. Жапалақ қорегін түнде аулайды. Қорытынды: 1.Бүгін не үйрендік? 2.Бүгінгі сабағымыз қалай аталады? Бағалау Үйге тапсырма 5- жаттығу | |
Просмотров: 848 | Загрузок: 7 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|